Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары

Білім беру жүйесін ақпараттандыра отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару қазіргі жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін басты міндеттердің бірі болып табылады. Қашықтықтан оқытудың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін, ең  алдымен білім беру ұйымдары ақпараттық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуі, оқытушылардың қашықтықтан білім берудің қосымша дидактикалық құралдар мен электрондық оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуі, білім алушылардың байланыс құралдары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тиімді интернет ресурстарын пайдалануы қажет. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттарға білім беру үдерісін виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл арқылы  жүзеге асыруда. ҚазҰУ-і құрамы үшін қашықтықтан оқыту бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүрлі білім беру жүйесінің бір тармағы болғандықтан, елдегі төтенше жағдайдың орын алуы, университеттің үздіксіз білім беру үдерісіне кері әсер еткен жоқ. Керсінше, университет базасында ақпараттық-технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылып жатқан жобаларды жетілдіруге және оларды тәжірибеде жан-жақты жүзеге асыруда зор мүмкіндіктер тудыруда. Солардың бірі жаппай ашық онлайн курстарын (ЖАОК) құру жұмыстары (http://open.kaznu.kz/). Сонымен қатар, білім алушылардың шетелдік ғалымдар тарапынан өтілген онлайн дәрістерін интернет желілері арқылы ешқандай шектеусіз тыңдауға және ортақ талқыға салуға зор мүмкіндіктері бар. Бәсекелестікке қабілетті маман дайындауды мақсат еткен кез-келген жеке тұлға (оқытушы, білім алушы тб.) және білім беру орындары жаңашылдыққа ашық болуы қажет. Профессорлық-оқытушылар құрамына үлкен сенім арта отырып, болашақ мамандарды дайындауда заман талабына сай ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу арқылы сапалы білім беруге ұмтылу басты мақсат-міндеттердің бірі болып табылады (www.kaznu.kz ).

 

Түрксой кафедрасының меңгерушісі

Қыдырбаева Ү.Т.

Дата публикации:  17.04.2020