Магистратура

Мамандық шифры:

7M07203

Мамандығы:

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Факультеті:

Химия және химиялық технология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Ғылыми, өндірістік және педагогикалық қызметте өзінің табысты және тұрақты кәсіби дамуы мен шеберлігіне қол жеткізу үшін пәнаралық жүйелі ойлауды көрсетедi.
2.ҚР МФ нормативтік талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісінің технологиялық процесін олардың құрылымының, химиялық қасиеттерінің және биологиялық белсенділігінің өзара байланысын ескере отырып әзірлеуді, ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
3.Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың химиялық, технологиялық, биофармацевтикалық және медициналық зерттеулеріне сыни талдау жүргізе отырып, олардың нормативтік құжаттамасын әзірлеу, өндіріс технологиясының валидациясы бойынша есептер жасау және тұрақтылықты белгілеу кезінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі дәрілік нысандарда дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастырады.
4. Дәрілік өсімдік препараттарын (фитопрепараттарды) өндірудің неғұрлым ұтымды, экономикалық және экологиялық негізделген технологияларына оларды әртүрлі дәрілік формаларда өндірудің әдіснамасы мен аспаптық әдістерін таңдауды сыни бағалай және негіздей отырып салыстырмалы талдау жүргізеді.
5.Дәрілік заттардың функционалдық топтарын талдаудың біріздендірілген әдістемелерін әзірлей отырып, жалған, сапасыз және контрафактілік дәрілік препараттарды анықтауға сапаны бақылаудың теориялық заңдылықтарын қолдана отырып және қосылыстардың кез-келген класындағы биологиялық белсенді заттарды талдау әдістерін анықтау үшін қажетті жиынтықтың ғылыми негізделген таңдауын жүргізе отырып, дәрілік препараттардағы және оларды алудың технологиялық процесі сатыларындағы субстанциялар мен қосалқы заттарды сапалық және сандық анықтаудың заманауи физика-химиялық әдістерін меңгергендігін көрсетеді.
6.Дәрілік заттардың қауіпсіздігін және заттармен синергиялық өзара әрекеттесуін ескере отырып, олардың химиялық құрылымын, алу технологиясын және дәрілік формалардың әр түрлі түрлерінде қолданылуын талдай отырып, препараттардың қосымша заттарын сыни бағалайды.
7. Фармацевтикалық өндірістегі нормативтік және өндірістік құжаттаманың халықаралық стандарттарын білікті пайдалана отырып, ҒЗЖ, ҒЗТКЖ-ны жүргізуден бастап оларды мемлекеттік тіркеуге дейін оларды өндірудің негізгі кезеңдерін жүзеге асыра отырып, олардың әсер ету механизмін ескере отырып, жаңа дәрілік субстанцияларды әзірлейді.
8.Тиісті фармацевтикалық практикалардың (GMP, GPP, GDP, GVP) талаптарына сәйкес фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыруды жергілікті немесе ішкі стандарттар бойынша бұрын өндірілетін өнімге қатысты өнім сапасының тиісті деңгейіне сәйкестігін сыни бағалай және негіздей отырып, халықаралық стандарттарды сақтай отырып, оларды өндіру, бақылау, тіркеу және фармакологиялық қадағалау әдістерін ұсына отырып, дәрілік заттар мен дәрілік препараттарды өндіріске енгізудің тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыра отырып жүзеге асырады.
9.Дәрілік заттардың құрылымына физиологиялық белсенділігінің түрі мен деңгейінің тәуелділігін ескере отырып, өмірлік маңызды дәрілік препараттарды бағытты құрастыру әдістерін қолданады.
10. Фармацевтика саласындағы кәсіпорындарды басқаруда меңгерудің негізгі функцияларын қолдана отырып, әртүрлі деңгейдегі фармацевтика нарығына талдау жасай отырып және оның негізінде басқару стратегиясын құра отырып, фармацевтикалық тауарларды нарыққа жылжыту жүйесін модельдей отырып, фармацевтика саласындағы сауда кәсіпорындарындағы мерчендайзенг жүйесін бағалай отырып, дәріхана кәсіпорындарындағы дәрілік заттардың мерчендайзенг жүйесін жобалай отырып, фармациядағы менеджмент пен маркетинг саласында терең кәсіби білімін көрсетеді.
11.Фармацевтикалық кәсіпорындардағы сатып алу, бөлу және өткізу, қорлар мен қоймалау, өндірістік процестер мен көлік, ақпарат, қаржы және сервис логистикасын модуляциялай отырып, фармацевтикалық кәсіпкерліктің логистикалық жүйесіндегі тарифтер жүйесін ғылыми жобалау қабілеттерін көрсете отырып, фармацевтикадағы логистикалық жүйені жобалауды жүзеге асырады.
12.Тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкес дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне сараптама жүргізу үшін фармацевтикалық және медициналық тауарларды сертификаттау жүйелері мен кәсіпорындарын ұйымдастырады.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген