Магистратура

Мамандық шифры:

7M02316

Мамандығы:

Синхронды аударма (батыс тілдері)

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Синхронды аударма теориясы мен тәжірибесінің инструментарийін пайдалана отырып, визуалды (көру) қабылдаудың кезеңдерін көру, хабарды түсіну; аударманың ішкі кодын шешу; аударма тілінде хабарды ауызша түрде беру мақсатында дайын қағаздан синхронды аударманы орындау.
ON2 Синхронды аудармаға арналған кабинаны қолданып, көпшілік алдында сөйлеу мен конференцияларда көзбен көру арқылы синхронды аударманы орындау.
ON3 Іскери қарым-қатынаста қысқартылған жазбаша аударма техникасын қолдану арқылы ауызша ілеспе аударманы орындау.
ON4 Өнеркәсіп салаларының жиындарында аударма трансформацияларын пайдаланып, шушотаж (подсинхрон, сыбырлау) аудармасын орындау және кинофильмдерді синхронды аудару.
ON5 Аударма ғылымында қазіргі заманғы үрдістер контексінде синхронды аударма технологиясы саласындағы ғылыми жобалар мен ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.
ON6 Перцептивтік есту, аударма мәтінін қалыптастыру, ақпаратты қысқа мерзімді жадыға сақтау және талдаудың күрделі әдістерін қолдану арқылы ауызша аударудың тиімді әдістерін анықтау бойынша ғылыми және тәжірибелік зерттеулер жүргізу.
ON7 Синхронды аударма техникасын тәжірибе жүзінде қолдану, салалық терминологиялық және жалпы мәдени лексиканың белсенді қорын кеңейту жолдары, халықаралық сөйлеу этикеті ережесі және синхронистің кәсіби этика қағидаларын орындау бойынша курстар жүргізу.
ON8 Жоғары оқу орындарында синхронды аударма жабдықтарын, ақпараттық технологияларды және инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, синхронды аударма теориясы мен практикасы бойынша сабақтар жүргізу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген