Магистратура

Мамандық шифры:

7M08401

Мамандығы:

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Факультеті:

Биология және биотехнология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері туралы білімді, сондай-ақ Психология және педагогика бойынша білімді меңгерген.
2. Балық шаруашылығы және акваөсіру саласында терең теориялық білімді меңгерген, су экожүйелерінің іс жүзінде қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын пайдаланады, шаруашылық қызметтің әртүрлі түрлерінің табиғи су айдындарының өнімдерін қалыптастыруға әсерін бағалайды.
3. Гидробиологиялық мониторингті ұйымдастырудың, қоршаған ортаның ластануын нормалау мен төмендетудің теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгерген; жасанды су айдындарында бірінші және екінші өнімнің көлемін анықтай алады.
4. Аналитикалық ойлауға, логикаға, талдауға, балық шаруашылығы мен акваөсіру саласындағы проблемаларды ғылыми негіздеуге және шығармашылық шешуге қабілетті, су биологиялық ресурстарының әртүрлілігі мен жай-күйі саласындағы бастапқы деректерді жинау, жүйелеу және жинақтау дағдылары бар.
5. Балық ресурстарын көбейту және қорғау, су биоресурстарын ұтымды пайдалану және басқару бойынша дағдыларды практикада қолданады, балық өндіру объектілерінің кадастрын, кәсіпшілік статистиканы пайдаланады; балық кәсіпшілігі қызметіне және су биоресурстарының мониторингін бақылауды жүргізеді; балық шаруашылығында экологиялық нормалау әдістерін қолданады.
6. ҚР балық ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мәселелерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді практикада қолданады; су айдындарында браконьерлік балық аулау жағдайларын анықтайды және балық аулау ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды; адамның қарқынды қызметі нәтижесінде келтірілген залал көлемін бағалауға және талдауға Құзыретті. су айдындарында экологиялық мониторинг жүргізу қажеттілігін негіздейді.
7. Түрлі гидробионттарды көбейту және өсіру биотехнологиясын меңгерген, алған білімдерін ғылыми және практикалық қызметте қолданады. Балықтардың сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу ерекшеліктерін түсінеді; - Альфа, Бета, - Гамма технологиясын қолданады; контроллинг теориясын, маркетинг негізі мен логистика концепциясын біледі, кәсіпорынның өзіндік құны мен экономикалық тиімділігін есептейді.
8. Балықтардың қазіргі заманғы жіктемесін практикада қолданады; су биологиялық ресурстары жай-күйінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтайды; балық ауруларының себептерін анықтайды. Жасанды су қоймаларындағы тағам түрлерін, трофикалық тізбектердің ұзындығын және өнім үдерісінің бағытын есептеуге қабілетті. Гидробионттардың және қоршаған орта факторларының өсу заңдылықтарының өзара байланысын анықтайды; тірі жүйелердің жай-күйін талдау мен бағалаудың негізгі физиологиялық әдістерін біледі;
9. Сандық белгілерді зерттеу әдістерін; генотиптік өзгергіштікті; балықтар селекциясындағы дәстүрлі генетикалық әдістерді біледі, популяциялардағы генетикалық процестерді бағалайды; тұқым қуалаушылықты зерттеудің цитологиялық әдістерін біледі, гибридологиялық (генетикалық) талдаудың ерекшеліктерін анықтайды, балық аулау құралдарын жөндеу және орнату бойынша дағдылары бар, аулау құралдарының тозуы мен ұзақ мерзімділігін бағалайды, ішкі су айдындарында өнеркәсіптік аулау процесін ұйымдастыруға қабілетті.
10. Кәсіпшілік балықтарды бірдейлендіру әдістерін қолданады; пайдаланылатын түрлер мен популяциялардың биологиялық, кәсіпшілік-биологиялық параметрлеріне талдау жүргізеді, балықтарды кәсіпшілік барлау картасын жасайды.
11. Кәсіби қызмет мәселелері бойынша ғылыми есептерді, ұсыныстарды, жарияланымдарды, анықтамаларды және аналитикалық шолуларды құрастыруға және рәсімдеуге қабілетті, мәтіндерді реферациялайды, өзінің кәсіби қызметін дербес жоспарлайды, ғылыми зерттеулер жүргізеді, басымдықтарды белгілейді, жұмыстарды орындаудың қойылған мерзімдерін сақтайды.
12. Бакалавр – студенттерге арналған оқу – әдістемелік қызметті жүзеге асыруға, зертханалық сабақтар өткізуге, пәндер бағдарламасын құрастыруға, СӨЖ үшін тапсырмалар әзірлеуге қабілетті.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген