Магистратура

Мамандық шифры:

7M03206

Мамандығы:

Кітапханалық ақпарттық жүйелер

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін нәтижелер:
ON1 Кітапхана мекемелерін басқару, барлық құрылымдық бөлімшелермен өзара байланыс жасау, әлеуметтік-мәдени басымдықтарды және ақпараттық-кітапханалық бизнестің қазіргі даму деңгейін ескере отырып, кітапхананың қызметін дамытуға және жетілдіруге бағыттау. Аймақтардағы және шет елдердегі кітапхана қызметінің тарихи дамуының негізгі бағыттарын талдау. Ұлттық библиографияның қазіргі жағдайы мен келешегін білу және кітапханалық және ақпараттық процестердің инновацияларын жүзеге асыру.
ON2 Кітапханаға әсер ететін факторлар мен және жаңа өзгерістерді енгізу қажеттілігін тудыратын әлеуметтік-мәдени жағдайды, проблемалар мен факторларды бағалауға, кітапхананың ішкі ортасын зерттеуге, оның қызметін дамытуға кедергі келтіретін және ықпал ететін процестерді бағалай білу. Кітапханалық каталогтарды дайындауда ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу әдістері мен әдістемелерін, сондай-ақ кітапхана қорын ұйымдастыру мен жаңғыртуды қолдана білу.
ON3 Кітапхананың тиімділігін бағалау (жеке кітапхана, кітапхана желісі), инновациялар нарығын зерттеу, кітапхананың инновациялық әлеуетін іске асыру. Қазіргі заманғы есептеуіш технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау, іздеу, тарату және кəсіби тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті жаңа кітапханалық жəне ақпараттық жаңалықтарды жəне телекоммуникацияны пайдалану арқылы негізгі автоматтандырылған процестерді меңгеру.
ON4 Кәсіби қызметінің шеңберінен шығатын кең ауқымды міндеттерді шешу, білім беруді интеграциялау және күрделі мәселелерді шеше білу, шектеулі ақпарат негізінде шешімдерді тұжырымдау, командамен жұмыс жасау, олардың нәтижелерін мамандарға жеткізу. Ұсынылған сілтемелерді талдау, кітапханалардың ақпараттық ағындарын толықтыру үшін ауызша әдеби шолуды дайындау және өткізе білу
ON5 Библиографиялық сипаттамаларды, методологияны, ғылым мен техниканың әртүрлі салалары, мәдениеті, әдебиеті, медицина және ауыл шаруашылығы салалары бойынша көрсеткіштерін құрастырудың әдістемесін меңгеру үшін библиографиялық сипаттама элементтерін қамту, библиографиялық анықтамалық аппаратты құруда жиналған материалдардың ерекшеліктерін ескере отырып жаңа бағыттағы ізденіс аппараттарын іске асыру.
ON6 Кез келген кітапханалық құжатқа библиографиялық сипаттама жүргізуде халықаралық стандарттарды қолданудың тиімділігін бағалау, кітапханалық бірлестіктердің және федерациялардың халықаралық федерациясы әзірлеген библиографиялық сипаттамалар жиынтығын сапалы түрде пайдаланудың бірқатар міндеттерін шешуге мүмкіндіктерді қарастыру. Библиографиялар мен кітапханалық каталогтарда жарияланған ресурстарды құжаттарды, кез келген түрдегі материалдарды ғылыми өңдеу және сұрыптау.
ON7 Зерттеушілер мен әртүрлі оқырмандардың кітапханалық жинақтарды пайдалануы үшін ашық қолжетімділікті ұйымдастыру, білім беруді интеграциялау мүмкіндігін дамыту, кітапхана құжаттарына қол жеткізудің оңтайлы мәселелерін шешудің бағыттарына зерттеулер жүргізу. Қарама-қайшы идеяларды сыни түрде қабылдауға, кәсіби қызметтегі проблемаларды дербес және тиімді шеше білу.
ON8 Шет ел мемлекеттері кітапханаларының теориясы мен тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасай білу, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуда және қолданыстағы кітапханалық қорларды өз бетімен ізденіс жасауға, қажетті құжаттарды іріктеуде барынша кеңейтуге мүмкіндік беретін прцестерін зерттеу. Қажетті ақпаратты беру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу, дұрыс көзқараста болу, жаңа шешімдер қабылдау, идеялар ұсыну үшін медиа мен байланыс құралдарын пайдалана білу.
ON9 Ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру және тұтынушылардың, мемлекеттік органдардың және т.б. білім беру және мәдениет ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік-экономикалық оңтайлы жағдайларды ұйымдастыру бойынша зерттеулер жүргізу. Кітапхана ісі саласында социологиялық, психологиялық, маркетингтік зерттеулерді талдау; кәсіпкерлік қызмет жағдайында шешім қабылдау, экономикалық және басқару саласында осы білімдерді қолдану мүмкіндігін кеңейту.
ON10 Медиа кеңістіктің рөлін әртүрлі ақпарат көзідерінің негізі ретінде бағалауға, баспа материалдары мен электронды ақпарат құралдарына зерттеулер жүргізу. Қорларды сатып алу процесінде заманауи әдістерді пайдалану, баспа және электронды түрде құжаттау ресурсын пайдалану, техникалық өңдеу, қорға кіретін құжаттарды талдау, оларды есепке алу, орналастыру және оңтайлы қалыптастыру.
ON11 Жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдарында сыни ойлауға негізделген жаңа білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдана отырып, кітапханатану, библиографиятану және информатизация салалары бойынша сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, ғылыми көзқарастың біртұтас жүйесімен негізделген интегралдық зерттеулерді, соның ішінде пәнаралық әдістерді әзірлеу және енгізу.
ON12 Дәстүрлі, инновациялық, интерактивті технологияларды және оқыту әдістерін қолдана отырып жоғары және кәсіби білім беру мекемелерінде жоғары сапалы сабақтарды жоспарлау және жүргізу; Магистратура бағдарламалары бойынша студенттердің ғылыми, жобалық, білім беру және кәсіби қызметін ұйымдастыру. Жоғарғы және кәсіптік лицейлерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологиясына ие гуманитарлық мәдениеттің жоғары деңгейдегі зерттеушінің тұлғасын қалыптастыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген