Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02311

Мамандығы:

Филология

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы(PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы, морфологиясы, синтаксисіне қатысты эксперименттік талдаулар жасап, нәтижелерін шығарып, сипаттамасын жасау арқылы қорытынды бере алу.
ON 2. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, этимологиясы және грамматикасы бойынша терең жүйелі білім алу негізінде лексикалық бірліктерді талдаудың ғылыми лингвистикалық әдістерін пайдалана отырып, қолданбалы филологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде тарихи фонетика, тарихи лексикология, тарихи диалектология, этимология салаларына ұсыныстар беру.

ON3. Лингвотекстология, фонетика, лексикология, грамматика саласындағы заңдылықтарды, теорияларды, тұжырымдамаларды және қолданбалы зерттеулерді бағалай отырып, іргелі теориялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде филология саласындағы әдістемелерді, әдістерді, қағидаттарды, модельдерді әзірлеу.

ON4. Лексикографияның лингвостатистикалық, салыстырмалы-салғастырмалы, семантикалық әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі типтегі филологиялық сөздіктерді әзірлеу.
ON5. Қазіргі заманғы филологиялық әдіснамалар негізінде тарихи фонетика, тарихи лексикология, тарихи грамматика, тарихи лексикография, жазу тарихы пәндері бойынша ғылыми жобаларға, зерттеу жұмыстарына ғылыми сараптамалық қорытындылар беру.

ON 6. Филология саласындағы ғылыми мекемелерді, ғылыми зерттеулер бағдарламасының стратегияларын басқару. Инновациялық, стратегиялық менеджментті пайдалана отырып, пікірталас алаңдарын, ғылыми форумдарды, отырыстар мен конференцияларды ұйымдастыру.

ON7. Жоғары дәйексөз индексі бар басылымдарда ғылыми жарияланымдарды жариялай отырып, ғылыми есептер, рефераттар, мақалалар тезистері, филологиялық түсініктемелер түрінде филологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулердің нәтижелерімен таныстыру.

ON8. Лингвотекстологиялық зерттеулер негізінде ескі түркі жазба ескерткіштеріне құрылымдық, семантикалық талдау жүргізу арқылы қазақстандық мәдени қауымдастықтың тілдік санасын қалыптастыру.

ON9. Ахмет Байтұрсынұлы пен Құдайберген Жұбановтың тілдік ғылыми мұраларын және тіл білімі саласындағы басқа да әлемдік зерттеулерді қазақ тіл білімі тарихының, диалектология мен түркітанудың заманауи қолданбалы ізденістерін жүргізу үшін түсіндіру.

ON10. Қазіргі қазақ әліпбиі мен графикасы, орфографиясы мен пунктуациясындағы өзекті проблемаларды жазу теориясына сүйеніп түсіндіру дағдысын қалыптастыру.
ON 11. Цифрлық білім беру технологияларын, сараланған, студетоорталық тәсілдерді, проблемалық-бағдарланған оқыту технологияларын пайдалана отырып, жоғары оқу орындарында филология бойынша дәрістер жүргізу.
ON12. Сандық технологиялар негізінде қазақ тілінің сөйлеу мәдениеті бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, курстарды оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген