Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D04111

Мамандығы:

Маркетинг

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 - маркетингтің іргелі және қолданбалы мектебінің ғылыми әлеуетін арттыруға өз үлесін құру мақсатында зерттеу нәтижелерін, қазіргі заманғы әдіснаманы, олардың даму тенденцияларын пайдалану негізінде маркетинг саласындағы ғылыми теорияларды, оқуларды және идеяларды бағалау және синтездеу;

ON2 – қазақстандық зерттеу тәжірибесін әлемдік ғылыми-ақпараттық кеңістікке және халықаралық зерттеу қоғамдастығына интеграциялауға ықпал ететін жаңа трендтерді ұйымның стратегиялық даму жоспарына енгізу үшін инновациялық тақырыптар бойынша тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізінде ғылыми және қолданбалы сипаттағы маркетингтік зерттеулердің баламалық, өзекті бағыттарын анықтау;

ON3 – дәйекті әдіснамасын қалыптастырып және зерттеу тәжірибесінің ғылыми әдістерін (жалпы, пәнаралық, сандық, сапалық, жаңа, бірегей: иммитациялық, этнографиялық, синектикалық және басқаларын) пайдалана отырып, іске асырылатын жобалар шеңберінде жоғары маңызы бар ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастырудың тиімді әдістерін қолдану;

ON4 – біріккен маркетингтік коммуникациялардың заманауи жүйесінің негізінде инновациялық маркетингтік жобаларды кешенді жылжыту бағдарламасын қалыптастыра отырып, ұйымды дамытудың болашағы зор және негізгі нарықтарының мониторинг және болжамдау, сондай-ақ әр түрлі деңгейлерде бәсекелестік артықшылықтар мен бәсекеге қабілеттілікті басқару механизмін құру;

ON5 - маркетингтік саланың теориясы мен тәжірибесінің стандарттарына сәйкес отандық және халықаралық нарықтағы брендтердің беделі мен танымалдығын, әлеуеті мен нарықтың үлесін, бәсекелік ортасын, тұтынушылардың мінез-құлқын, оларға дербестендірілген тәсілді бағалаудың стратегиялық құралдарын пайдалана отырып, маркетингтің қазіргі заманғы талдамалық жүйесін қалыптастыру (логикалық тізбектерді құру, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, факт-чекинг, ақпараттың үлкен массивтерін талдау);

ON6 – маркетингтік қызметтің тиімділігін арттыру және инновациялық, бәсекеге қабілетті даму бағыттарына проекция жасау мақсатында жүйелі талдау, смарт-технологиялар мен бәсекелестердің стратегиялық топтарын бағалау негізінде нарықтың, саланың, ұйымның даму тұжырымдамалары мен саясатын құру;

ON7 - инновациялық өнімдердің, технологиялар мен жобалардың құқықтық қорғау мәселелерін шеше отырып, технологиялық, дербестендірілген брендтер бойынша бірегей идеяларды генерациялау және оларды байқаудан өткізу, трансферлеу, енгізу және тарату консорциумдарын қалыптастыру негізінде кәсіпорынның инновациялық қызмет үрдісін басқаруға қатысты стратегиялық жүйесін құру;

ON8 - маркетинг нәтижелілігіне қол жеткізуде смарт-қызмет әдістемесін, сондай-ақ ұйымның дерекқорына интеграциялау үшін коммуникациялық қызметтің сандық талдау құралдарын пайдалана отырып, тиімді басқару жүйесін құру негізінде аяқталған жобалардың техникалық-экономикалық, қаржылық негізделуін, сараптамасын және коммерцияландырылуын жүзеге асыру;

ON9 - сараптамалық-жобалық талдау негізінде сыртқы экономикалық қызметтің әлеуетін кеңейтуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, кәсіпорынның жұмыс істеуінің -макро, -микро орталарын жақсартуға, клиенттерге дербестендірілген, шығармашылық қарым-қатынасқа бағытталған әр түрлі деңгейдегі брендтер бойынша өткізу нарығын ұлғайтуға ықпал ететін корпоративтік, функционалдық және құралдық басқару деңгейлерінің баламалы маркетингтік стратегиялар портфелін құру;

ON10 - педагоггикалық үрдіске авторлық жаңашыл идеяларды енгізу негізінде студенттердің оқу-кәсіби, ғылыми-зерттеу, жобалық және коммуникативтік қызметін жүзеге асырып, дәстүрлі, инновациялық, интерактивті технологиялар мен оқу әдістемелерін қолдана отырып, жоғары білім беру ұйымдарында маркетингтің іргелі және қолданбалы пәндері бойынша сабақтарды, аудиториядан тыс жұмыстарды жүргізу үшін білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу;

ON11 – Clarivate Analytics, Scopus және басқа деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын және ұлттық басылымдар мен пікірталастарда талқылау үшін бар білімнің шеңберін кеңейтетін нәтижелерді дәлелді көрсетіп және аралас, пәнаралық әдістемелерді қолдана отырып, кешенді зерттеу үрдісін жоспарлау және іске асыру негізінде әр түрлі деңгейдегі бірегей ғылыми өнімдерді әзірлеу;

ON12 – академиялық, кәсіби, зерттеу және педагогикалық контекстілерді кеңейтіп, сондай-ақ тұлғалық жетілдіру және кәсіби өсу стратегиясын айқындай отырып, қазақстандық ғылыми маркетинг мектебі мен экономикалық қоғамды қалыптастыру мүддесінде технологиялық, әлеуметтік дамуға ықпалдасу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген