Докторантура PhD
Факультеті:
Физика-техникалық
Бiлiктiлiгі:
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
- Түлектер моделі
-
Міндетті
пәндер
-
Элективті
пәндер
- Кәсіби
ON1 Жылдық және күнтізбелік жоспарларды әзірлеу; оқу жоспарына сәйкес жалпы физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу; оқыту мен білім беру нәтижелерін бақылауды ұйымдастыру; когнитивтік есептер жүйесін дамыту;
ON2 Заманауи компьютерлік технологияларды, интерактивті оқыту әдістерін және интернет ресурстарын пайдаланатын орта және арнайы оқу орындарында физиканы оқытудың кәсіби-практикалық қабілетін және дағдыларын қалыптастыру;
ON3 Техникалық және технологиялық есептерді шешу үшін радиометрикалық және спектрометриялық құралдардың техникалық құжаттамасымен және түпнұсқа ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, ядролық физика саласында өлшеулер жүргізу;
ON4 Радиациялық медицина рәсімдерінің қабылданған әдістеріне сәйкес дозиметрлік өлшеулерді жоспарлау және радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
ON5 стандартты автоматтандырылған жобалау және зерттеу пакеттерінің негізінде физикалық құбылыстар мен процестердің математикалық модельдерін жасау;
ON6 радиацияның негізгі санитарлы-эпидемиологиялық нормаларын қызметкерлер мен жұртшылық үшін қолдана білу. Ашық атмосферада және ортаның альфа, бета және гамма нұрлардың фонын тәжірибелік мәнін анықтау
ON7 "Ыстық" зертхананың жұмыс үй-жайларының және ПЭТ әдісімен зерттеуге арналған циклотроны бар зерттеу орталықтарының, гамма - камералары, ОФЭКТ-және ПЭТ - сканерлері бар үй-жайлардың, оның ішінде ОФЭКТ/КТ-және ПЭТ/КТ-сканерлері бар үй-жайлардың, сондай-ақ радионуклидті терапия бөлімшесінде "белсенді" палаталардың радиациялық қорғанысын есептеу.
ON8 Космофизика, астрофизика, радиоэкология, ядролық диагностика және терапия, радиациялық генетика іргелі процестер үшін ядролық реакциялар және ядролық ыдырау есептеулерін жүзеге асыру;
ON9 Әдістемелік тақырыптық оқу бағдарламасын құрастыру және бекітілген оқу-әдістемелік материалдарға сәйкес физиканың теориялық және тәжірибелік бөлімдерін ашық түрде жариялау;
ON10 Оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру,белсенділігі мен бастамасын, тәуелсіздігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
ON11 ядролық физика, жалпы физика, ядролық химия, радиациялық биофизика және экология заңдарының пәнаралық практикалық қолданылуын көрсете білу;
ON12 тиімді қарым-қатынас жасау, көпсалалы топтарда жұмыс істей білу. Шет тіліндегі ауызша және жазбаша түрдегі қарым-қатынасқа дайын болу.
-
Ядролық реакторлар мен кұрылғылардың физикалық теориясы
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - реактор қуатының өзгеруіне әкелетін ядролық реактордағы нейтрондық-физикалық процестерді, ядролық бу шығаратын қондырғыларды қауіпсіз басқару тәсілдерін түсінуді қалыптастыру, алынған білім мен дағдыларды басқа арнайы пәндерді оқып үйрену және одан әрі практикалық қызмет үшін пайдалану және де қажетті өзіндік жұмыс дағдыларын игеру
-
Энергетикалық процестердің физикасы
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: мезондардың пайда болу табалдырығынан төмен энергия кезінде нейтрондармен әсерлесетін ядролардың түрленуін зерттеу, сондай-ақ бұл пәнде кездесетін нақты есептерді кең ауқымда шешуде тәжірибелік дағдыларға ие болу.
Күтілетін оқу нәтижелері:
- Ядролардың бөліну құбылысын тәжірибеде қолдану мүмкіндігін түсіндіру;
- бейтарап және зарядталған бөлшектерді тіркеу әдістерін білу;
- ядролық-физикалық зерттеу және энергетикалық қондырғыларда болып жатқан процестерді түсіну;
- лабораториялық және өндірістік жағдайларда ядролық апаттарды анықтау;
- әлсіз және орташа активті радиоактивті қалдықтармен жұмыс істей білу;
- зерттелетін аймақта ғылыми және техникалық жоспардағы жұмыстардың заманауи жағдайын талдау;
- радиоактивтіліктің жалпы заңдылықтарын, радиациялық сәуле көздерін, және оларды өлшеу және мөлшерлі бағалауды түсіне білу;
- берілген курс бойынша, оның ішінде ядролардың және ядролық отынның энергетикалық сипаттамаларына есептер шығару үшін практикалық дағдылар қолдану.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: нейтрондық физиканы, әртүрлі ядролық реакциялардың қалай ашылғаны туралы және осы күнге дейін зерттеулерінің дамуы туралы. Дәстүрлі ядролық реакциялар және эффективті қималарын егжей-тегжейлі баяндаудан басқа реакторлық физикадағы ядролық реакцияларға көңіл бөлінеді.
-
Академиялық жазу
- Кредит саны: 2
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты - ядролық физика саласындағы ғылыми қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, теориялық және эксперименттік бағыттағы ғылыми мақалаларды, тезистерді , монографияларды және т. б. жазуды зерттеу.
Оқытудың күтілетін нәтижелері:
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни бағалау;
- жаңа және күрделі мақсаттарды генерациялау, ядролық физика саласындағы ғылыми мәселелерді шешу және жаңа гипотезалар ұсыну;
- ғылыми мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау және олардың шешімін табу;
- өз бетінше жеке тәсіл негізінде ядролық физика саласында өз жобаларын, стартаптарды әзірлеу.
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты-ғылыми зерттеулердің жалпы және арнайы әдістерін зерттеу. Ғылыми танымның жалпы әдістері ядролық физика саласындағы зерттеу процесі барысында қолданылады.
Арнайы ғылыми проблемалардың көпшілігі және зерттеудің жекелеген кезеңдері арнайы шешім әдістерін қолдануды талап етеді. Мұндай әдістер өте ерекше сипатқа ие. Олар ешқашан еркін болмайды, өйткені зерттелетін объектінің сипатымен анықталады және тәуелді болады.
Оқытудың күтілетін нәтижелері:
- ядролық физика саласындағы жаңа және күрделі идеяларды, тәсілдерді және үрдістерді сыни талдау, бағалау және синтездеу;
- ғылыми жұмыс барысында қолданылатын таңдалған әдістемелердің негізділігін бағалау;
- ғылыми мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау және олардың шешімін табу;
- реакторларда, үдеткіштерде, циклотрондарда және радиациялық компоненттері бар медициналық қондырғыларда ғылыми эксперименттерді жүзеге асыру және алынған нәтижелерді жаңа ғылыми әдістемелердің көмегімен талдау.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Элементар бөлшектер және симметриялар
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәнді оқытудың мақсаты – элементар бөлшектер физикасындағы симметрияның заманауи теориясын пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Симметриялар және сақталу заңдары. Әлсіз және электромагниттік әсерлесуде изоспин мен оғаштықты таңдау ережелерін іріктеу. Нуклондардың электромагниттік құрылымы. Әлсіз әсерлесулер және жұптылықтың бұзылуы. Каббибо теориясы, кирильді симметрия, токтар алгебрасы. Әлсіз және электромагниттік әсерлесулердің және чармдардың бірігуі.
-
Евклидті емес кеңістіктегі ядролық физика
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - Лобачевскийдің классикалық емес евклидтік емес геометрияларының да, Риманның да кез келген өлшемдер санын, сондай-ақ ядролық физикада кез келген проекциялық көрсеткіштерді қолдануын зерттеу болып табылады. Пән микроәлемнің қазіргі заманғы мәселелеріне қатысты Лобачевский мен Риманнның евклидтік емес геометрияларының іріктелген тарауларын зерттеуге бағытталған: Евклид постулаттары; Риман кеңістігінің негізгі ұғымдары (Евклид кеңістігі, эллипстік Римандық кеңістік қисаюы, динамика).
-
Әлем эволюциясының астрофизикалық және ядролық аспектілері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: докторанттарды ядролық энергетика және реакторлық қосалқы техника және индустрия құруда негізгі ядролық-физикалық принциптермен таныстыру; негізгі радиоэкологиялық түсініктермен, радиацияның қауіпті әсерінен денсаулығын қорғау мақсатында халықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету аймағындағы заманауи мәселелермен таныстыру.
Күтілетін оқу нәтижелері:
- бұрын игерген білімдерін интегралдау;
- халықаралық ғылыми ортада кең талқыланатын және өзекті болып табылатын заманауи ғылыми және техникалық мәселелер үшін пәнаралық білімдерді жинақтау;
- астрофизикалық процестерді сандық есептеу және үлгілеу принциптерін және ғарыштық сәулелену компоненттерін талқылау;
- қажетті тәжірибелік параметрлерді есептеу үшін теориялық принциптер мен практикалық амалдардың жиынтығын тәжірибеде негіздеу.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Модуль гелио- және геомагниттік сфералардағы ғарыштық сәулелерді тіркеу туралы айтарлықтай кең және терең білімдерін қамтамасыз етеді. Қондырғының жұмыс істеу принципі. Ғарыштық сәулелердің әртүрлі детекторларының сипаттамалары. Ғарыштық сәулені үздіксіз тіркеу автоматизациясы.
-
Жоғары энергиялардың заманауи физикасы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: бұл пәнді оқыту әртүрлі ғылыми бағыттардың түйіскен жеріндегі көптеген күрделі, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді біліктілікпен шеше алатын ядролық физика мамандарын даярлауда оларға жоғары энергия физикасының заманауи теориясы саласынан терең іргелі білім беруді мақсат тұтады.
Күтілетін оқу нәтижелері:
- нақты физикалық процестердің теориялық есептеулер нәтижелерін жинақтау;
- әлсіз және электромагниттік әсерлесулердің бірігу теориясын бірыңғай электрлік әлсіз әсерлесу ретінде түсіндіру;
- кварктар мен глюондардың күшті әсерлесуінің өрістік теориясын тұжырымдау;
- субатомдық физиканың ғарыштық қолданыстарында көрінетін микро әлемнің, тіпті макро әлемнің заңдылықтарын түсіну.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Іргелі әсерлесулер қасиеттері. Әсерлесу тұрақтылары және оларды салыстыру нәтижелері. Күшті әсерлесу константасы. Жоғары энергия физикасының эксперименталдық базасы. Әсерлесу процестерін талдау әдістері. Лоренц түрлендірулерінің координаттар жүйесі. Материя құрылымы. Кварктар физикасы. Үлкен жарылыс моделі. Элементар бөлшектер астрофизикасы. Экзотикалық бөлшектер. Хиггс-бозондары. Суперсимметриялы бөлшектер. Магнитті монопольдар. Ғарыштық сәулелер. XXI ғасыр жоғары энергия физикасының өзекті мәселелері. Физикалық вакуум.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Педагогикалық
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
-
Зерттеу
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген