Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02305

Мамандығы:

Шетел филологиясы (шығыс тілдері)

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Бағдарламаны меңгерген соң докторанттар қабілетті болады:
1.Шығыс филологиясы және аударма ісі саласындағы заманауи және дәстүрлі теориялық концепцияларға анализ жасау, бағалау және салыстыру.
2. Заманауи теориялар мен талдау әдістеріне негізделе отырып, академиялық тұтастықпен сипатталатын жеке дара дербес ғылыми зерттеу жүргізу.
3. Шығыс филологиясының, аударма және аударматану концепциялар әдіснамасының теориялық қағидаттарын қолдана отырып, когнитивтік-категориялық аппаратпен еркін жұмыс істеу.
4. Теориялық позицияларды таңдау барысында компаративистиканың ғылыми теориялары мен ең жаңа бағыттарының концепцияларына қатысты білімді қолдану мақсатында оларды жүйелеу және интерпретациялау.
5. Шығыстану филологиясы саласында сенімділігіне жауап беретін, соны ерекшеліктері мен жаңалығы бар нәтижелерге жеткізетін ғылыми-тұтастық зерттеу үдерісін ұйымдастыру.
6. Шығыс филологиясының мәселелері бойынша зерттеу жүргізу барысында заманауи зерттеу жолдарын талдау және оларды зерттеу үдерісіне сай бейімдеу үшін пәнаралық білімдерді интеграциялау.
7. Сыни пайым елегінен өткізілген білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдана отырып, жоғары оқу орындарында әдеби және лингвистикалық пәндер бойынша сабақ өткізу және аудиториядан тыс жұмыс жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеп жасау.
8. Заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ақпараттарды өткізуде патенттік ізденіс және тәжірибе жүргізу, шығыс филологиясы саласындағы ғылыми жаңалықтардың, жобалар нәтижелеріің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау.
9. Жоғары білім беру дамуының стратегиясы мен жаһандық тенденцияларын ескере отырып, шығыс филологиясы саласындағы жеке дара білім траекторияларын дербес түрде анықтау және жобалау,
10. Бірлесе зерттелетін шығыс қауымдастықтары ұлттық-мәдени бірегейлігінің трансляторы болу функциясы қамтылған бағдарламаларды модельдеу және жасау.
11.Шығыс филологиясы саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерге, парадигмаларға, теорияларға сай өз теориялық және қолданбалы зерттеулеріне, ғылыми өніміне, концепцияларына сыни тұрғыда баға беру.

12.Қоғамда сыпайы және толерантты өзара әрекеттесуге, ғылым проблемаларын шешу үшін әлеуметтік қарым-қатынас және ынтымақтастық орнатуға дайын болу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген