Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D01701

Мамандығы:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Қазіргі заманғы теорияларды, концепцияларды, әдебиеттанудың, тіл білімінің әдіснамасын, оқыту әдістерін жүйелі түсінуді, көркем шығармашылықты зерттеудің жаңа технологияларын меңгеруді, әдебиет шығармаларын әдеби және тілдік тұрғыдан сараптауды көрсету.
Қазіргі тарихи-мәдени және әдеби үдерістердің даму заңдылықтарын, ғылыми-техникалық прогрестің көркем шығармашылыққа және жазушылардың әдеби мұрасын зерттеу мен бағалаудың әдіснамасына әсерін түсіну.
2. Қазіргі тарихи-мәдени және экономикалық үдерістердің даму тенденциялары контекстінде қазақ тілін және көркем әдебиет шығармаларын зерттеу, түсіндіру және сараптаудың өзіндік стратегиясын әзірлеу.
3. Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістерін, тәсілдерін зерттеу, сараптау, жаңа, сандық және Интернет технологияларын меңгеру және олармен еркін жұмыс істеу.
4. Қазақ тілі менмен әдебиетін оқыту нәтижесіндегі жаңа идеяларды, әдістер мен тәсілдерді отандық және әлемдік нарықта жүзеге асыруға деген көзқарастарды сыни талдау, бағалау және синтездеу.
5. Теориялық және қолданбалы әдебиеттану және тіл білімі, тіл және мәдени саясат, мемлекеттік және бастамашылық бағдарламалар саласындағы ғылыми зерттеулердің патенттік іздестіруін, үйлестіруін және менеджментін әзірлеу және жүзеге асыру.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды коммерцияландыру бойынша ғылыми және шығармашылық жобаларды әзірлеу.
6. ЖОО-да әдебиетті және тіл білімін оқытудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу, оларды сыни талдау және жаңа гипотезалар жасау.
7. Отандық және әлемдік әлеуметтік-гуманитарлық ғылым жетістіктерінің парадигмасында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған өзекті ғылыми, тәжірибелік мәселелерді өз бетімен жүргізу және шешу.
8. Мәдениеттану, психология, экономика, құқық, әдебиеттану саласындағы теориялық білімдерін қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде жүйелеу, талдау және синтездеу.
9. Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі стандартты емес жұмыстарды орындау үшін әдебиет теориясы мен тіл білімінің концептуалды және әдіснамалық аппаратын қолдану.
10. Әдебиеттану және тіл білімі салаларында педагогикалық зерттеу, талдау және қызметтерді жылжыту әдістемесін әзірлеу.
11. Зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, мақала, монография, дәріс курстары, оқулықтар мен оқу құралдары түрінде, қазіргі баспа құралдарын, редакциялау және ақпараттық ресурстарды қолдана отырып таныстыру.
12. Өзін-өзі реттеуге, кәсіби қызметтің түрі мен сипатын икемді өзгертуге қабілетті әлеуметтік және кәсіби бейімделудің жоғары дәрежесі бар бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дербестендіру; рефлексия, өз жетістіктерін объективті бағалау, жағдайды талдау.
Ғылым мен мәдени мұра проблемаларын шешу үшін әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа, қоғамда дұрыс және төзімді өзара іс-қимыл жасауға дайын болу.
Тұлғалық және кәсіби даму бағыттарын анықтау, өз көзқарасын талап ету, шешім қабылдау, оппоненттерді сендіру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген