Докторантура PhD
Мамандық шифры:
8D02202
Мамандығы:
Философия
Факультеті:
Философия және саясаттану
Бiлiктiлiгі:
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
- Түлектер моделі
- Міндетті пәндер
- Элективті пәндер
- Кәсіби
ON1. қазіргі заманғы үрдістерді, даму бағыттары мен заңдылықтарын, сондай-ақ жаһандану мен интернационалдандыру ахуалындағы әлемдік және отандық философияның жетістіктерін жүйелі түсіну негізінде заманауи рухани үдерістерге сыни талдау жүргізу;
ON2. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру философиясы саласындағы студенттерге бағдарланған оқыту, бағалау және заманауи тәсілдемелерді ескере отырып оқу сабақтарын өткізу;
ON3. білім беру, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, философиялық пәндер бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
ON4. ғылым этикасы қағидалары және эксперименттік ғылыми қызмет технологияларын, іргелі және қолданбалы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін меңгеру негізінде жоғары сапалы және нәтижелі ғылыми әзірлемелерді жүргізу;
ON5. қазіргі заманғы философия саласындағы, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландырумен) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға, басқаруға және/немесе іске асыруға қатысу;
ON6. ғылыми білімнің аталған саласындағы эксперттік бағалау (peer-review) талаптарына сәйкес келетін, ғылыми саланың дамуына үлес қосатын және ғылыми басылымдарда жариялануға лайық сапалы бірегей ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жаңа ғылыми идеялар мен ой-тұжырымдарды қорыту;
ON7. ғылыми қызметтің нысаналы бағыттары мен коммуникациялық практикалардағы трендтерді анықтауға негізделген ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында аналитикалық-болжамдық қызметті жүргізу;
ON8. зерттеу нәтижелерін практикада іске асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен/орталықтармен ынтымақтастық орнату;
ON9. кәсіби қызметте мәдениет пен қоғамдағы рухани байланыстардың рөлін және адам мен әлеуметтік әлемнің рухани ортақтастығын жүйелі түсінуді, қазақстандық руханилық пен мәдениеттегі философиялық дискурсты ашып көрсететін теориялық және әдіснамалық қағидаларды қолдану;
ON10. қазіргі заманғы философия саласындағы терең білімді кәсіби қызметте түсіндіру және шығармашылық тұрғыда пайдалану, түрлі әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді сипаттау, талдау, болжау әрі олардың сапалық және сандық талдауы негізінде кәсіби мәселелерді шешу.
ON2. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру философиясы саласындағы студенттерге бағдарланған оқыту, бағалау және заманауи тәсілдемелерді ескере отырып оқу сабақтарын өткізу;
ON3. білім беру, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, философиялық пәндер бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
ON4. ғылым этикасы қағидалары және эксперименттік ғылыми қызмет технологияларын, іргелі және қолданбалы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін меңгеру негізінде жоғары сапалы және нәтижелі ғылыми әзірлемелерді жүргізу;
ON5. қазіргі заманғы философия саласындағы, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландырумен) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға, басқаруға және/немесе іске асыруға қатысу;
ON6. ғылыми білімнің аталған саласындағы эксперттік бағалау (peer-review) талаптарына сәйкес келетін, ғылыми саланың дамуына үлес қосатын және ғылыми басылымдарда жариялануға лайық сапалы бірегей ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жаңа ғылыми идеялар мен ой-тұжырымдарды қорыту;
ON7. ғылыми қызметтің нысаналы бағыттары мен коммуникациялық практикалардағы трендтерді анықтауға негізделген ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында аналитикалық-болжамдық қызметті жүргізу;
ON8. зерттеу нәтижелерін практикада іске асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен/орталықтармен ынтымақтастық орнату;
ON9. кәсіби қызметте мәдениет пен қоғамдағы рухани байланыстардың рөлін және адам мен әлеуметтік әлемнің рухани ортақтастығын жүйелі түсінуді, қазақстандық руханилық пен мәдениеттегі философиялық дискурсты ашып көрсететін теориялық және әдіснамалық қағидаларды қолдану;
ON10. қазіргі заманғы философия саласындағы терең білімді кәсіби қызметте түсіндіру және шығармашылық тұрғыда пайдалану, түрлі әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді сипаттау, талдау, болжау әрі олардың сапалық және сандық талдауы негізінде кәсіби мәселелерді шешу.
-
Метаэтика
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Курстың мақсаты моралды ғылыми танудың методологиялық және логикалық мәселелеріне арналған этикалық теорияның бөлімі ретінде метаэтиканы меңгеру болып табылады. Курс мазмұны қазіргі заманғы философия аясында метаэтиканың мәселелерін меңгеру; этиканы зерттеудің логикалық, теориялық және методологиялық негіздерін анықтау; этиканың ұғымдық аппаратын талдау.
-
Академиялық жазу
- Кредит саны: 2
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – докторанттардың өзіндік зерттеу жұмыстары мен жобаларын жүзеге асыруға, олардың нәтижелерін халықаралық академиялық қауымдастық нормаларына сәйкес жазбаша түрде ұсынуға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Курс зерттеу мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыру, әдіснамалық құралдарды таңдау және негіздеу, әдебиеттерді іздеу және іріктеу, әдебиеттерге шолу жазу, өзінің және өзге ғалымдардың жұмыстарын сыни оқу дағдыларын дамыту, кері байланыс, дәлелді пікірталас жасау, рецензияланатын басылымдарда жариялау үшін ғылыми мақала дайындау және т.б. мәселелерді қамтиды.
-
Философиялық антропологияның өзекті мәселелері
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - докторанттардың бойында адамтану ғылымындағы, антропосоциогенез, өмірлік іс-әрекет, өлім, мәңгілік өмір және т.б. түсініктеріндегі оның рефлексиясындағы басты кезеңдердің генезисі мен дамуы мәселелері бойынша құзіреттіліктерді қалыптастыру. Пән қазіргі заманғы философиялық антропологияның даму барысына үлкен әсер ететін қоғамның саяси, экономикалық және рухани салаларындағы жаңа үдерістерді талдауды көздейді.
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және философиясы, ғылыми қызметті жоспарлау және ұйымдастыру туралы ғылыми білім қалыптастыру. Бұл пән болашақ ғалымдарға ғылыми зерттеулерді жүргізу жолдарын, тәсілдерін үйретеді. Курс болашақ философ ғалымның ғылымдағы әдіснамаларды жүйелі түрде қолданып, ізденістерінің ғылымилығын арттыра түсуге жан-жақты ықпал ете алады.
-
Докторлық диссертацияны жазу және қорғау
- Кредит саны: 12
- Бақылау түрі: Докторлық диссертация
- Сипаттамасы: Докторлық диссертацияны жазу және қорғаудың мақсаты: докторлық диссертацияны қорғау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнын жариялау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми негізделген теориялық және эксперименттік нәтижелердің мазмұнын негіздеу немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы басты жетістік; 2. қызметтің кəсіби саласының ерекшелігіне қарай берілген тапсырмалардың шешімдерінің толықтығын бағалауды түсіндіру; 3. олар зерттеулер мен практикалық мәселелерді шешудің балама шешімдерін талдай алады және осы нұсқаларды іске асыру перспективаларын бағалайды; 4. ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын қолдануға және оларды ғылыми басылымдар мен презентациялар түрінде көрсету. 5. ғылыми іздестіруді жоспарлау және құрылымдау, ғылыми-зерттеу проблемасын анық көрсету, оны зерттеудің жоспары / бағдарламасы мен әдістерін әзірлеу, мемлекеттік білім беру мекемесінің талаптарына сәйкес ғылыми дәреже бойынша диссертация түрінде ғылыми-біліктілік жұмысын ресімдеу «8D07502 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD). Докторлық диссертацияны жазу және қорғауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Қорғауға ұсынылатын диссертацияларды рәсімдеу үшін құжаттарды ресімдеу. Диссертацияның ақпараттық картасы және тіркеу-тіркеу карточкасы (Visio 2003 форматында). Диссертациялық жұмыстың алдын-ала қорғалған мекемесінің мәжілісінің хаттамасынан үзінді. Жоғары аттестаттау комиссиясына хат жазыңыз. Авторефератты жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды. Диссертацияны жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды. Есеп комиссиясының отырысының хаттамасы. Дауыс беру бюллетені. Диссертациялық кеңес отырысының стенограммасы. Ғылыми мақалалар тізімі. Ресми қарсыластың жауабы. Жетекші ұйымға шолу. Ғылыми кеңесшіні еске алу.
-
Инновация және инновациялық іс-әрекет – әлеуметтік-философиялық феномен ретінде
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – инновациялық үдерстердің, инновациялық ғылымның, инновациялық білім берудің жүйелік, көп деңгейлі, жаһандық, айрықша сипатын анықтау. Курс инновациялық үдерістер мен инновациялық қызметтің ерекшеліктерін әлеуметтік-философиялық тұрғыдан жан-жақты саралауға, ХХ ғасырдағы ғылым мен философиядағы инновациялық құбылыстардың философиялық идеясының ерекшеліктерін талдауға, инновациялық үдерістерді зерттеу әдістерін түйіндеуге арналған.
-
Мәдениеттер диалогындағы ислам философиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты – қазіргі заман диалог стратегиясында ислам философиясы туралы білімді теориялық тұрғыдан пайдалану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - ислам философиясының идеялары, тұжырымдамалар, түпнұсқалармен жұмыс жасау; - философиялық пікірталастар, талқылауларда ислам философиясы туралы білімді пайдалану; - қазіргі мәдениеттердің диалогы тұрғысынан ислам философиясындағы инновацияларға ғылыми ізденіс жүргізу.
-
Қазіргі заман сипатындағы қазақ философиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты – қазақстандық қоғамның рухани мәселелерін шешудегі қазақ философиясының рөлі туралы біртұтас түсінікті жүйелі, салыстырмалы тәсілдер негізінде қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: -қазақ философиясының негізгі тұжырымдамаларын тарихи, логикалық және компаративистикалық тәсілдерді қолдана отырып, сыни талдау; -мәдениетаралық әрекеттестік мәселелерін шешуде қазақ философиясының эвристикалық әлеуетін зерттеудің тұжырымдамалық тәсілдерін қалыптастыру.
-
Ренессанс феномені: Шығыс және Батыс
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты – мәдениеттер диалогының перспесктивалық дамуындағы Ренессанс феномені туралы білімді салыстырмалы талдау, практикалық қолдану. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - Ренессанс типтерін жіктеу, түсіндірме жасау, философиялық құралдарды меңгеру; - компаратитвистика арқылы философиялық әртүрлілік мәдениеттерінің сыни рефлексиясын жүзеге асыру; - қазіргі мәдениетті Ренессанс мәдениетінің матрицасын жобалық іс-әрекет түрғысынан зерттеу.
-
Қазақ мәдениетінің құндылықтары
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты – қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі және қазіргі құндылықтар қарым-қатынасы туралы тұтас түсінікті герменевтикалық тәсіл негізінде қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: -қазақ мәдениетінің дәстүрлі контентіне салыстырмалы талдай отырып, сыни баға беру; - қазақ мәдениеті құндылықтарының базалық және позитивті жүйелерінің инновациялық әлеуетін цифрлық талдаудың заманауи технологияларын қолдана отырып, анықтау.
-
Қазіргі замандағы білім беру философиясының өзекті мәселелері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – докторанттарды әлемдік білім беру кеңістігінде тиімді қолданылатын білім берудің заманауи үлгілерімен және әдістерімен таныстыру. Пәннің негізгі міндеттері білім беру феномені теорияларын, тұжырымдамаларын, зерттеулерін және оның өзге де әлеуметтік құбылыстармен байланысын біріктіретін философияның пәндік саласын ашып көрсетуде анықталады.
-
Қалалық қоғам: мәдени-философиялық талдау
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - тарихи-мәдени феномен ретінде қаланың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын талдау және философиялық баға беру. Курстың міндеттеріне адамның әлеуметтік-мәдени болмысының формалары ретінде қаланың жүйелі көрінісін қалыптастыру, философия тарихындағы қала мәселелерін талдау, Қазақстанда және әлемде қалаландыру үдерістерін ашу, қазіргі заманғы постмодерндік философия аясында қала философиясының негізгі теорияларын зерттеу.
-
Философиялық дискурстағы университет идеясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – Жоғары білім феноменінің мәні мен табиғатын білу және оның кәсіби, интеллектуалдық және адамгершіліктік адам келбетін қалыптастырудағы рөлін анықтау. Курстың мндеттері философия тарихы тұрғысынан университеттік білім беруді талдау, университет идеясын зерттеудегі модернистік және постмодернистік тұжырымдамаларды ашып көрсету болып табылады.
-
Әлеуметтік-философиялық талдаудағы руханилық пен интеллект
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - руханилық және ментальділік адам бастауының және оның мәнінің негізі ретінде, «әлеуметік-философиялық анализ аясында руханилық көпқырлы феномен ретінде қарастырылу. Адам негізі ретінде оның табиғаты мен болмысын, әлеуметілігін түсіндіретін, руханилықты шығару; қоғам мен оның дамуына қатысты руханилықтың анықтаушы рөлін анықтау.
-
Әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы пәнаралық зерттеулердің әдістері мен принциптері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қазіргі заман философиясының әдістемесінің негізгі үрдістерін, пәнаралық тәсілдемелерін талдау. Курс докторанттардың проблемалық-бағытталғын ғылыми зерттеуді жүргізу мен ұйымдастыру сұрақтарына және де пәндік сала бойынша ізденулер негізінде методолгиялық білімдері мен құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Пәнаралық зерттеулердегі философияның орны мен рөлі жан-жақты сараланады.
-
Заманауи қоғамның мәселелері мен талаптары
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - постмодернизм философиясының актуалды проблемаларын қарастыруға және заманауи рухани жағдайды анализдеудің мүмкін жолдарын қарастыруға бағытталған. Постзаманауи философияның даму тенденциясы мен проблемалары ғылыми және философиялық әдебиетте XX – XXI ғ. басында деп сөзсіз бағаланады. XX ғасырдағы әлеуметтік-мәдени және теоретикалық «постмодернизм талаптары» қарастырылады.
-
Қазіргі заманғы сана философиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Курс істің және жаңа ғылыми парадигманың үстем философиясының іргелі түбінің мәртебесін суреттейді. Бұл оқу курсы философияның кокейкесті бір мәселесіне арналады, заманауи дамудың байланысы мен естің феноменінің түсін-үстем ғылыми парадигмасының координалдық трансформациясы, сонымен қатар философиялық бағаның айналасы және теориясы.
-
Бірегейлік феноменінің әлеуметтік-философиялық негіздері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - бірдейліктің феноменініңәлеуметтік дамудың ең маңызды мәдениетті факторына сияқты. Курс бірдейліктің феноменініңәлеуметтік дамудың ең маңызды мәдениетті факторына сияқты, әсерге жаһандану даму және бірдейліктің сақталу, мәдениетті мұраның және шыға берістің актуализациялауына қазіргінің ғаламдық дағдарысының арналуы.
-
Қазіргі заман философиясындағы толеранттылық феномені
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - маңызды әлеуметтік феноменді - әлеуметтік қатынастардың өлшемдері мен ерекшеліктерін анықтайтын, тұлға аралық қатынастардың, құндылықтың реттеудің, мәдени өзара әрекеттегі білім беру үдерістерінің мазұнын, саяси өзгерістерді, қоғамдық трансформацияларды анықтайтын толеранттылықты игеру игеру болып табылады. Курстың мазмұны: толеранттылықтың тәжірибесіне және теориясына, тарихына кіріспе; толеранттылық феноменін зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізделуін анықтау; толеранттылықты пән аралық обьект ретінде ұсыну.
-
Жаһандық проблемалар мен жаһандық зерттеулер философиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - әлеуметтік және мәдени саладағы рухани тайталасты өмір сүру мен қайта құрылымдау, мәдениет трансформациясы, қоғамның қауіпсіздігі, бірегейлік т.б. сауалдарын туындататын дағдарысты мәселелерді шешу қажеттілігі мен ортақ таралған жаһанданумен байланысты туындайтын өзекті мәселелерді игеру. Пәннің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының даму перспективасындағы ғаламдық дабылдар мәселесін талдау болып табылады.
-
Әл-Фараби этикасы және қазіргі заман
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - әлемдік және отандық философияның қалыптасуына әсер еткен әл-Фараби философиясының басты жорамалдары мен ислам философиясының методолгиялық негізін білу және түсіну. Курстың міндетіне әл-Фарабидің этикасы терең зерттеу, оның қазақ және түрік философиясындағы рөлін қарастыру кіреді.
-
Адам капиталының әлеуметтік-философиялық аспектілері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қазіргі қоғамның экономикалық және саяси дамуының факторы – адам капиталын философиялық талдау дағдыларын қалыптастыру. Курс аясында жаһандану және білім қоғамының қалыптасуы жағдайындағы адам капиталының философиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілері қарастырылады; адам капиталы феномені адамның және жалпы қоғамның дамуына қажетті білімдер жиынтығы ретінде талданады.
-
Қазіргі заманғы өнер философиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - өнер мен эстетикадағы түрлі бағыттарды ескере отырып өнердің дамуының қазіргі үрдісінің мәдениеттің және қоғамның дамуының қазіргі кезеңіне сараптау мен философиялық баға беру. Курс анализ және өнердің дамуының қазіргі үрдісінің философиялық сарапшылығына бас мәдениеттің және қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде арнаулы, есебімен қарастырып бөлек-бөлек бағыт өнер және эстетикалық ағыс.
-
Педагогикалық
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
-
Зерттеу
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.






