Ғылыми жобалар және зерттеулер

Бейорганикалық химия кафедрасының профессор-оқытушылары фундаменталды және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруға белсене ат салысады. Қазіргі кезде кафедраның ғылыми-зерттеушілік әрекеті бес республикалық жоба бойынша жүргізілуде.

- Табиғи наноқұрылымдық минералдар негізінде жаңа эффективті сорбенттер және композициондық материалдар (Бағдарлама: жаңа технологиялардың ғылыми негіздерін және әртүрлі функционалдық мақсаттардағы преспективті материалдарды жасау);

- Кальций полисульфидін алудың жаңа әдісі – натрий сульфидінің экологиялық қауіпсіз эффективті орын басары және әртүрлі кеуекті материалдардың қасиеттерінің модификаторы;

- Борлы шикізаттың және техногенді қалдықтарды тамақ және медециналық мақсаттарда пайдалануға ерекше таза бораттарға экологиялық таза өңдеудің физико-химиялық негіздерін жасау;

- Құрамында азот бар органикалық қосылыстар негізіндегі жаңа биологиялық активті координациялық қосылыстар: синтез және болжам жасау.

Кафедрада ортақ ғылыми "Университтердегі жалпы және бейорганикалық химияны кредиттік технология бойынша оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері" атты тақырып жүзеге асырылуда (проф. Нұрахметов Н.Н., доц. Ниязбаева А.И.). Ең басты мәселелер ретінде: студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, жұзеге асыру, бақылау және бағалау алынды.