Ғылыми зертханалар/орталықтар

Табиғи наноматериалдар негізінде композициялық материалдар және сорбенттердің жаңа түрін алу (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. М.М.Бүркітбаев).

Жаңа бағыттың негізгі нысаны табиғи наноматериал диатомит болып табылады. Диатомитті пайдалану цементсіз сұйық сілтілік радиоактивті ерітінділерді жекелеу технологиясын ұсынуға мүмкіндік берді. Зерттеу жұмыстары МНТЦ Халықаралық жоба шеңберінде жүргізілді. Композициялық материалдар алу тәсілдері өңделді.

Жасанды және табиғи радионуклидтермен ластанған аймақты радиоэкологиялық зерттеу (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. М.М.Бүркітбаев).

«Бейбітшілік үшін ғылым» атты халықаралық НАТО бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығында пайдаланатын Семей полигонының аймақтары" (SEMIRAD және SEMIRAD 2) зерттелді. Жоғары дәрежелі альфа-гамма-спектрометрия арқылы табиғи нысандар мен тамақтардан, изотопов плутоний, америций, стронций, цезий және тағы басқа изотоптар мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижесінде ең көп ластанған ядорлы қопарылыс жүргізіліп нәтижесінде Телкем 1 және Телькем 2 көлдері пайда болған аудандар екені анықталды. Қазіргі уақытта кафедра қызметкерлері "Уран іздері және Орталық Азия - RESCA республикаларындағы қоршаған орта қауыпсіздігі" атты халықаралықжобаны жүргізуге қатысады. Шетелдік ғалым топтарымен бірге кафедра қызметкерлері ежелгі уран рудниктерінде болатын (Қордай (Қазақстан), Мин-Куш, Каджи-Сай, Шекафтар (Қырғызстан), Дигмай, Табошар (Тәжікстан)) ғылыми экспедицияға қатысады. Табиғи радиоэлементтер изотоптарының құрамына ( U, Th, Ra,), техногенез зонасындағы әр түрлі геологияляқ түзілулерге зерттеу жүргізілді. Бұл радиоактивті изотоптар табиғи нысандар мен пайда болу көздерін техногенді әсерден қорғау үшін қолданылады.

Табиғи фосфаттардың физико-химиялық қасиеттерін зерттеу (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. Қуанышева Ғ.С.).

Профессор Ғ.С.Қуанышева, доцент Б.Д.Балғышева, к.х.н. Н.С.Далабаевалар құрамында магний бар сапасы төмен Қазақстан фосфориттерін механохимиялық өңдеп тыңайтқыштық қасиеті бар өнімдер алу тақырыбында ғылыми жұмыстар жүргізуде. Кондиционды емес фосфориттерді өңдеп пайдалы өнімдер (тыңайтқыштық, ионалмастырғыштық және тағы басқа қасиеттер) алудың ғылыми жолын қарастыру мәселесін шешуде. Фосфат минералдарын бейорганикалық қышқылдарда талғамды ерудің жаңа әдістемесі өңделді. Бұл әдістеме арқылы фосфат шикі заттарын өңдеуде және байыту сатысында еріткіштерді таңдауда қолдануға болады. Зерттеу нәтижесі ҚР-дың алдын ала патентімен қорғалды.

Полимерлі формадағы құрамында фосфор бар материалдарың қасиетін және оларды синтездеуді болжаудың теориялық заңдылықтары алынды.

Бейорганикалық заттардың экстракциялық химиясы және сорбциясы (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. Танашева М.Р.).

Профессор М.Р.Танашева мен доцент М.К.Қалабаева Индер кен орындарындағы сапасы төмен боратты отандық шикізатты борфосфаттар мен маңызды бораттар алудың жаңа тәсілдерін өңдеді. Нәтижелер ҚР-дың 9 алдын ала патентімен қорғалды. Профессор М.Р.Танашеваның жетекшілігімен және доцент М.С.Қазымбетованың белсенді көмегімен 1999 ж. АО "Минералды тұздар зауытында" (Тараз қ.) «Дикальцийфосфат - жақсартылған суперфосфат» тыңайтқыштар алу әдісіне іріленген-зертханалық сынақтар жүргізіліп өндірістен лицензия алынды. 2008 жылы «Казагроинновация» өндіріске енгізуге қолдарына алды, қазіргі уақытта «Дикальцийфосфат алу тәсілі» өңделіп өндіріске енгізу сатысында.

Қолданбалы және регионалды гидрохимия (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. С.М.Романова).

Профессор С.М.Романова, доцент Г.С.Құнанбаева, жетекші маман Г.В.Таранина табиғи антропогенді факторлар әсерінен Казақстанның континенталды көлдеріндегі тұздың жиналуы және тұз түзілу процесін, минералды және органикалық уытты заттардан табиғи сулардың мониторингті ластануын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері ОГСНК жүйесіндегі Банк және жыл сайын ҚР табиғи су мәліметтеріне енгізілді.

Амидтерді физика-химиялық зерттеу (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. Н.Н.Нұрахметов, проф.Г.В.Абрамова ).

Профессорлар Н.Н. Нұрахметов, Г.В.Абрамова, Р.А.Омарова жетекшіліктерімен мынандай ғылыми жұмыстар жүргізілді: бейорганикалық қышқылдардың органикалық (тио)амидтермен оның N-фенилорынбасармен (анилидтер) әрекеттесу процесін және практикада кең қолданылатын өнімдерді зерттеуге арналады. Олардың көбі тірі организмде жүретін ферментативті реакцияларда маңызды рөл атқарады және олар биологиялық әсері жағынан кең қолданылатындықтан дәрілер құрамына кіреді (жансыздандыру, ыстықты төмендететін, суыққа қарсы және бактирияға қарсы). Алынған өнімдер әр түрлі физика-химиялық әдістермен (ерігіш, рентгеноқұрылысты, бомбалы калориметрия, термодинамикалық, кванттық-химиялық әдістер және тағы басқалар) амид қышқылдар деп аталатын 260 шақты жаңа күрделі қышқылдық тұздар алынды. Оларды синтездеу жолының және қасиетін болжаудың ғылыми негізі өңделді.

Қазіргі химияны оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері (ғылыми жетекші х.ғ.д., проф. Н.Н.Нұрахметов, доцент К.Б.Бекішев).

2004-2005 оқу жылында факультетте барлық оқу пәндері бойынша кредитті технологиямен оқыту енгізілді. Осыған байланысты кафедрада ғылыми тақырып таңдалды "Университетте кредитті технология бойынша жалпы және бейорганикалық химияның ғылыми-әдістемелік негізін оқыту" (д.х.н., профессор Нұрахметов., к.х.н., Ниязбаева А.И., ізденуші Әлдібекова Г.) Бірінші кезектегі маңызды мәселе - студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру, жоспарлау және орындау, бақылау және бағалау», бұл жұмыстың нәтижелері баяндамаларда, әр түрлі ғылыми форумда жарияланды және бір әдістемелік құрал шығарылды.

К.х.н. К.Бекішев «Химиялық олимпиадаларды дайындау және өткізудің ғылыми-әдістемелік негізі» тақырыбында жұмыс істейді. Білім және Ғылым Министрінің РНПЦ «Дарын» жұмыстарына қатысады, химиядан Қазақстан республикасының құрама командасында ғылыми жетекші және жюри төрағасы, қатардағы мүшесі ретінде, ал А.И.Ниязбаева химиядан Алматы облысында жюри мүшесі ретінде қатысты.

Кафедра оқытушылары мен қызметкерлері Бекішев К., Ниязбаева А.И., Таранина Г.В. РНПЦ «Дарын» жұмыстарында оқушыларды химиялық олимпиадаға дайындауға белсенді қатысады.