Ғылыми тәжірибелер

ҚР-ғы ҚХР елшілігінің сауда-экономикалық мәселелері бойынша кеңсесі 2010 жылдың қазан айының 20-нан 18-қараша аралығында Пекин қаласындағы Пекин университетінде «Дамушы мемлекеттердегі қытай тілін оқыту мәселелері» атты семинар ұйымдастырды. Семинарға қытайтану кафедрасы атынан кафедраның аға оқытушысы Е.А.Керімбаев қатысуға жіберілді.

2010 жылдың 18-24 қараша аралығында Хайкоу қаласындағы Хайнан педагогикалық университетінде қытай тілін халықаралық деңгейде оқытып-үйрету мәселесімен айналысатын мемлекеттік кеңсесі тарапынан ұйымдастырылған «Шетелдіктерге арналған қытай тілі оқулықтарын талқылау» атты конгресс өтеді. Аталған конгресске шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы атынан т.ғ.к., доцент Ахметбек Гүлжан қатысуға жіберіледі.