Жаңалықтар

Апталық дайджест 22.06.2009 – 27.06.2009

09.07.2009

  • ҚазҰУ құрылыс жасағының жауынгерлері «ҰОС-та құрбан болғандарды еске алу апталығын» өткізді.
  • ҚазҰУ-да «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» атты НАТО Бағдарламасының Ақпараттық күні өтті.
  • Аңдатпа: Түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ Конгресі.
  • Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистер арасындағы республикалық байқаудың қорытындысы.
  • ҚазҰУ-да ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық лаборатория мен Ұлттық инженерлік нанотехнологияның лабораториясы ашылды.
  • ҚазҰУ-дың Студенттік құрылыс жасағы.
  • Аңдатпа: ҚазҰУ-да философия докторларын (PhD) дипломмен марапаттау рәсімі өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Ph.D) философия докторларына дипломдарын салтанатты тапсыру рәсімі

08.07.2009

2009 жылдың 29 маусымында таңғы сағат 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Мәжіліс залында (Ph.D) философия докторларына дипломдарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ құрылыс жасағының жауынгерлері «ҰОС-та опат болған құрбандарды еске алу апталығын» өткізді

01.07.2009

19 маусымда сағ. 9.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 14 студенттік құрылыс жасағы Ұлы Отан соғысында опат болған құрбандарды еске алу күніне арналған құлпытастар мен ескерткіштердің айналасындағы аумақтарды тазалады. Аталмыш шара 22 маусым - Құрбандарды еске алу күнінің қарсаңында арнайы ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Ә.Кекілбаевтың шығармашылығына арналған алғашқы диссертация қорғалды

01.07.2009

15 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде өткен Ғылыми кеңесте заманымыздың заңғар қаламгері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар және көркемдік жинақтау» атты докторлық диссертациясы қорғалды. Диссертацияда қаламгердің жарты ғасырлық шығармашылығы түгел қамтылып, жинақталған туындылардың көркемдік сапасы мен жазушы шеберлігіне баға берілді.

Ары қарай оқу >>

Достастық елдердің жоғары оқу орындары ТМД-ның Ашық желі университетін құруға кірісті

01.07.2009

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Нұрлан Темірбеков бастаған бір топ ғалымдар делегациясы ТМД-ның Ашық желі университетін құруға арналған алғашқы конференцияға қатысып, бірқатар келісім-шарттарға қол қойып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Академик Яхия Әубәкіровты еске алуға арналған салтанатты шара өтті

01.07.2009

12 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде атақты экономист-ғалым және ардақты ұстаз ҚР ҰҒА академигі Я.Ә. Әубәкіровты еске алуға арналған «ҚазҰУ ғалымдарының экономикалық ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу бағдарламасын жетілдіру мәселелерін талқылады және жаңа оқулықтарды ұсынды

24.06.2009

12 маусымда республика бойынша ең ірі әдістемелік орталығы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясының кезекті мәжілісі өтті. Қазақстанның 20 жетекші ЖОО-ның проректорлары қатысқан мәжілісте қазақстандық білім беру жүйесі мен Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы қарсаңында отандық және еуропалық ЖОО-дағы оқу бағдарламаларын салыстыру мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ Конгресіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр

24.06.2009

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ Конгресін ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы, 2009 ж. 12 маусым

24.06.2009

Халықаралық Қазақ-Орыс университетінің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, профессор Бақытжан Жұмағұлов «Алтын қанат» құрмет белгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Қазақстанның V Дельфи ойындарының іріктеу турынан өтті

24.06.2009

Алматы. 2009 жылдың 10-11 маусым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дарынды студенттері Қазақстанның жастар арасындағы ұлттық Дельфи ойындарының іріктеу турына қатысты.

Ары қарай оқу >>