әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Ph.D) философия докторларына дипломдарын салтанатты тапсыру рәсімі

08.07.2009

Көрулер: 3791

2009 жылдың 29 маусымында таңғы сағат 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Мәжіліс залында (Ph.D) философия докторларына дипломдарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Қазақ ұлттық университетінің Ph.D докторантурасын 52 докторант бітіріп жатыр, оның ішінде Мысыр Араб Республикасының үш азаматы мамандықтары бойынша философия докторы дәрежесі дипломын алды.

Философия докторларына дипломдарды салтанатты тапсыру рәсімі ҚазҰУ-да екінші рет өтіп жатыр. Бұл салтанатты рәсімге бітірушілердің отбасылары, мәдени орталықтардың және шетел елшілерінің өкілдері шақырылды. Мәжіліс залы әсемделіп, көркемделінген. Арнайы стендте бітірушілердің докторлық диссертациялары көрермендер үшін қойылған.

Салтанатты тапсыру рәсімді оқу ісі жөніндегі проректор М.К Орынханов ашты. Жаңа PhD доктораларын құттықтап, проректор бізідің университеттің әрбір түлегінің Қазақстан ғылымының дамуына және Отанымыздың гүлденуіне қосар үлесінің мол болуына үміт арттырды.

Бітірушілер сахнаға дипломның тапсырылуы үшін кезек бойынша шақырылды. Түлектердің әрқайсысы үлкен стендте өз есімінің астына қолын қойып, алғысын білдірді. Аталмыш стенд әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2009 жылғы докторантураны бітірген философия докторлары туралы естелік ретінде қалмақ.

Түлектер мен қонақтардың алдында Қазақстан Республикасындағы Мысыр Араб Республикасының елшілігінің жанындағы Мәдениет орталығының директоры доктор Собхи Ахмад Эль-Сохайми құттықтау сөз сөйледі. Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология факультетінде PhD докторантурасын Мысыр Араб Республикасының үш азаматы - Надер Ражаб Абдел Салам Мохамед («генетика» мамандығы), Хамуда Ражаа Абдель Фаттах Ахмед («биотехнология» мамандығы) және Абуль-Сауд Абдэльгафар Мохамэд («биофизика» мамандығы) бітіріп шықты. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Мысыр Араб Республикасының Жоғарғы Білім және ғылыми зерттеулер министрлігі арасында 2007 жылдың 13-ші наурызында қол қойылған Білім беру саласындағы өзара түсіністік және өзара бірлестік туралы меморандумның негізінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасында 6 докторлық бағдарлама бойынша Мысырдың 8 азаматы білім алуда.

Докторантура түлектерін құттықтау үшін Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының Бас консулдың орынбасары Жень Тень Хуань мырза және консулдықтың атташесі Ян Ян мырза келді.

Биология факультетінің түлектері Ережепов Дәурен мен Бегимбетова Динараның шетелдік жетекшілері Вена университетінің профессоры Эрвин Хеберле-Борс (Австрия) және Пьер и Мари Кюри университетінің профессоры Элен Бланшо (Франция) түлектерді құттықтады.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Балақаева Гүлнар Түлтайқызы докторантураның 5 түлегіне үш түрлі номинация бойынша арнайы сертификаттар тапсырды.

Шетелдік мамандардың үздік пікірлеріне ие болған докторлық диссертациялары үшін сертификаттар «Қолданбалы физика» мамандығы бойынша физика факультеті PhD докторантурасының түлегі Байболатов Ернұрға (отандық ғылыми жетекшісі - профессор Жанабаев З.Ж.); «Электрохимиялық өндірістердің химиялық технологиясы» мамандығы бойынша химия факультеті PhD докторантурасының түлегі Соколов Александрға (отандық ғылыми жетекшісі - профессор Наурызбаев М.К.); «Сұйық және газ механикасы» мамандығы бойынша механика-математика факультеті PhD докторантурасының түлегі Асилбеков Бақытжанға (отандық ғылыми жетекшісі - профессор Жаппасбаев У.К) тапсырылды.

Жоғары импакт-факторлы шетелдік ғылыми басылымда жарияланған ғылыми жұмысы үшін арнайы сертификат «Плазма физикасы» мамандығы бойынша физика факультеті PhD докторантурасының түлегі Габдуллин Маратбекке тапсырылды.

Шетелдік студенттердің арасында үздік докторлық диссертациясы үшін арнайы сертификат «Биофизика» мамандығы бойынша биология факультеті PhD докторантурасының түлегі Абуль-Сауд Абдэльгафар Мохамэдке тапсырылды.

Ғылыми жетекшілерге, факультет декандарына, оқытушылар мен ректорат қызметкерлеріне арнап филология факультеті PhD докторантурасының түлегі Куличенко Юлия, философия және саясаттану факультеті PhD докторантурасының түлегі Бокаев Санжар және биология факультеті PhD докторантурасының түлегі Абуль-Сауд Абдэльгафар Мохамэд алғыс сөз білдірді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситеті PhD
докторантурасының түлектеріне сәттілік пен табыстар тілейміз!!!