Жаңалықтар

Ата-аналар БҰТ тапсырушыларын он-лайн жүйесі арқылы көруге мүмкіндіктері бар

04.06.2009

Алматы. 4 маусым 2009 ж. Бүгін Бостандық ауданының 730 мектеп оқушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында БҰТ тапсыруды бастады. БҰТ-тың алғашқы күнінде 16 орта мектеп қатысты. 6 маусымда өтетін екінші лекке 23 аудан мектептері қатысады деп жоспарлануда.

БҰТ-ты тапсыруда ҚазҰУ-дың экономика, заң және биология факультеттерінің корпустарында 7 аудитория бөлінді. Емтихан тапсырушылар аталмыш аудиториялармен жақсы таныс, мамыр айының басында дәл осы аудиторияларда олар сынақтан өткен еді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше биыл БҰТ 3 - 3,5 сағатқа созылды. Ата-аналар балаларының қалайша емтихан тапсырып жатқандығын далада орнатылған экраннан көре алады.

Ең алғаш рет университеттегі БҰТ ҚазҰУ-дың сайтынан (http://www.kaznu.kz) он-лайн жүйесі арқылы беріледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 25.05.2009 – 30.05.2009

03.06.2009

  • Белгілі араб ақыны және бизнесмен Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин ҚазҰУ-ға іс-сапармен келді.
  • ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов Америка университетінің профессоры (Вашингтон, АҚШ) Фам Чи Танхпен кездесті.
  • ҚазҰУ-да «Кеден Одағын құру перспективалары: Ресей, Қазақстан, Беларусь» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «ҚР сыртқы саяси тұжырымдамасының дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • Аңдатпа: ҚазҰУ-дың биология факультетінің ұйымдастыруымен «Экологиялық білім берудегі инновациялық даму жолдары» атты Халықаралық конференция өтеді.
  • ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Мұстафин оқуларының аясында «Әлемдік интеграциялық процестердің даму шартындағы ҚР ішкі және сыртқы саясаты» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ-дың студенттер командасы КВН ойнының Ашық лигасына қатысты.
  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «ҚР сыртқы саяси тұжырымдамасының дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • Аңдатпа: 24 маусымда ҚазҰУ НАТО бағдарламасы бойынша «Бейбітшілік пен қауіпсіздіктегі ғылым» ақпарат күнін өткізеді.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Қарашаңырақ ғалымдарымыз туралы.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетіндегі «Біз - Қазақстандықтармыз!» атты мерекелік шара

02.06.2009

19 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен студенттер қауымы Қазақстанның ұлттық мәдени орталығының өкілдерімен кездесті. Аталмыш шара жастар арасында патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын насихаттау, мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарау мақсатында «Біз-Қазақстандықтармыз!» атты мерекелік шара аясында өткен болатын.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу жұмыстары

02.06.2009

2009 жылдың 17 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойы аясында «Шетелдік инвестиция мен экологиялық құқықтың ара қатынасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Фольксваген» қорының қаржыландыруымен «Әзербайжан, Қазақстан, Ресейдегі инвестициялау құқығы: көзқарастар тепе-теңділігі» атты жобаның аясында өткізіліп отырған шараның ұйымдастырушылары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан), Христиан Альбрехт атындағы Киль университеті (Германия), Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік басқару академиясы (Әзербайжан), Ресей ғылым академиясының мемлекет және құқық институты (Ресей).

Ары қарай оқу >>

Ғалымдар мен журналистер Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті талқылады

29.05.2009

2009 жылдың 22 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің мәжіліс залында «Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиынның ашылу салтанатында ҚазҰУ ректорының атынан проректор Шолпан Жаманбалаева сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

Әлем халықтары мәдениетінің алуан түрлілігі

29.05.2009

20 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық ынтымақтастық форумы аясында университеттің 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем халықтары мәдениетінің алуан түрлілігі» және «Әлем халықтарының ас мәзірі» атты көрмесі өтті.

Ары қарай оқу >>

Ең басты артықшылық – Қазақстан инновациясының дамуы

28.05.2009

19 мамырда дүние жүзіне танымалы экономист-ғалым, Америка университетінің профессоры Фам Чи Танх (Вашингтон қ., АҚШ) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұловпен жүздесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың биология факультетіне 75 жыл!

28.05.2009

2009 жылдың 13 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтттық университеті және биология факультетінің 75 жылдығына арналған, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Биоалуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын. Шараны осыдан 75 жыл бұрын алғаш құрылған ботаника және экология кафедрасы ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 18.05.2009 – 23.05.2009

28.05.2009

  • Алматы қаласының әкімі ҚазҰУ-дың оқытушы-ғалымдары және студенттермен кездесті.
  • ҚазҰУ білім беру саласында венгерлік университетпен қарым-қатынас орнатты.
  • ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Біз - Қазақстандықтармыз!» тақырыбында студенттер қауымы Қазақстан мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті.
  • ҚазҰУ-дың филология факультетінде «Қазақ тілі мәдени кеңістікте» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен «Қазақстан» ТРК журналистер арасында байқау өткізеді.
  • Аңдатпа: ҚазҰУ-ға белгілі араб ақыны Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин арнайы сапармен келеді.
  • ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық қатынастар факультетінде «Әлем халықтары мәдениетінің алуан түрлілігі» атты көрме өтті.
  • ҚазҰУ-дың филология факультетінде «Бекмаханов оқуларының» аясында «Қазақстанның тарих ғылымы: өзекті мәселелері, табыстары және болашағы» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-да «Шетелдік инвестиция мен экологиялық құқықтың ара қатынасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Қазақстан медиа-кеңісітігіндегі ақпараттық қауіпсіздік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына арналған физиктер күні аталып өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Қарашаңырақ ғалымдарымыз туралы.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласының әкімі ҚазҰУ оқытушылары және студенттерімен кездесті

25.05.2009

18 мамырда Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚазҰУ қауымымен кездесіп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен даму жолдары» атты Жолдауын талқылады. Сонымен қатар аталмыш шараға Алматы қаласының 26 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>