Жаңалықтар

ҚазҰУ Анкара және Ғази университеттерімен ортақ жобаларды жүзеге асырады

25.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Анкара университетінің ректоры Неждет Үнүвар мен Ғази университетінің ректоры Мұса Йылдыз бастаған түрік делегациясы жұмыс сапарымен келіп, білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қазақ мәдениеті мен философиясы мәселелері талқыланды

25.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, белгілі мәдениеттанушы ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының 75 жылдығына арналған «Түркі әлеміндегі қазақ мәдениеті мен философиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Жансейіт Түймебаев ҚМДБ конференциясына қатысты

24.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚМДБ Алматы қалалық орталық мешіті ұйымдастырған «Береке бастауы – бірлікте» атты ғылыми-танымдық конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>

Дулат Исабеков: «ҚазҰУ-да жастармен кездесу бір ғанибет»

23.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар алдында көшбасшылық дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ «Dauletten» қайырымдылық қорымен меморандумға қол қойды

23.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті Жасұлан Қуандықпен кездесті. Жүздесу барысында ҚазҰУ мен «Dauletten» қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ары қарай оқу >>