Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

27.11.2022

Көрулер: 3319

  • Университет ректоры Астана қаласында өткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.

 

  • Білім ордасының ректоры ҚМДБ Алматы қалалық орталық мешіті ұйымдастырған «Береке бастауы – бірлікте» атты ғылыми-танымдық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

 

  • Жансейіт Қансейітұлы Алматыдағы «Ғылым ордасында» Мемлекет басшысының ғылымды дамыту саласындағы тапсырмаларын талқылауға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен кеңес отырысына қатысты.

 

  • Жансейіт Түймебаев Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) өкілдерімен кездесті. Жүздесуде тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыру, ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

 

  • Ректор Ғылыми кеңес отырысын өткізіп, студенттерге білім беру бағдарламалары мен әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу барысын тыңдады.

 

  • Жансейіт Түймебаев Анкара университетінің ректоры Неждет Үнүвар мен Ғази университетінің ректоры Мұса Йылдыз бастаған түрік делегациясымен жүздесіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

 

  • Сонымен қатар, университет басшысы «Elsevier» баспасының вице-президенті Марат Фатхуллинмен жүздесіп, пікір алмасты.

 

  • Білім ордасының басшысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы құттықтау хатын жолдады.

 

  • ҚазҰУ басшысы ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, белгілі мәдениеттанушы ғалым Тұрсын Ғабитовтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

 

  • ҚазҰУ ректоры «Dauletten» қайырымдылық қорымен ынтымақтастық орнату үшін қор Президенті Жасұлан Қуандықпен меморандумға қол қойды.