Жақында Түлектер күні

19.05.2011

Көрулер: 2367

ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет жалпыуниверситеттік деңгейде Түлектер күні өтеді. Биылдан бастан жыл сайын «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Бұл күн ҚазҰУ түлектері қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Биыл ҚазҰУ түлектерінің күні мамыр айының соңғы сенбісі – 28 мамырға сәйкес келеді.

28 мамырда әр жылда ғы университет түлектері рекаторатта жиналады. 10.45-те түлектер әл-Фараби ескерткішіне және Ө.А.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Одан кейін қонақтар, оқытушылар, студенттер Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына жиналып Түлектер күнінің салтанатты ашылуында бас қосады.

ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы алғысөз сөйлейді. Сонымен қатар шара барысында ҚазҰУ түлектері қауымдастығының қызметінен тұсаукесерлер көрсетіледі және үздік түлектер марапатталады.

Сағат 12.00-де ҚР еңбек сіңірген ұжымы «Халықтар достастығы» орденінің иегері Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің концерті беріледі.

Түлектер сондай-ақ университеттің 75 жылдығына орай ашылған ҚазҰУ-дың мұражайымен таныса алады.

Сағат 14.00-ден бастап әр бағдарлама бойынша түлектерді университет факультеттері күтіп алады.

Қортынды ретінде 19.00-ден 22.00-ге дейінгі аралықта ҚазҰУ қалашығының Бас алаңында бірінші рет Түлектер балы өтеді.

Әр жылдардағы университет түлектерін және 2011 жылы ҚазҰУ-ды тәмамдағалы отырған түлектерді белсенді түрде осы шараға қатысуға шақырамыз. Біз сіздерді 28 мамырда ҚазҰУ қалашығында күтеміз!

Ұйымдастыру алқасы, 8727-377-33-60

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі