«Геоинформатика: қоршаған ортаны, ресустарды және тәуекелді басқару» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

19.05.2011

Көрулер: 2664

19 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде география факультеті мен Австрияның Зальцбург университеті бірлесе отырып Орталық Азия университтерінің профессорлар-оқытушылар құрамымен ТЕМПУС жобасы негізінде ағылшын тілінде «Геоинформатика: қоршаған ортаны, ресустарды және тәуекелді басқару» Орталық Азия ГАЖ (геоақпараттық жүйе) – 2011 атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға Австрия, Нидерланды, Венгрия, Иран, Түркия, Ресей, АҚШ, Германия, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары қатысты.

Ғылыми жиын 16 мамыр мен 18 мамыр аралығында қазіргі ГАЖ бағдарламасының негізгі модулдері бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің оқытушылар құрамына арналып арнайы өткен тренингтің сертификатын табыс етумен басталды. Темпус жобасында өткізіліп отырған тренинг пен конференцияның мақсаты Орталық Азия мемлекетіндегі университет оқытушыларын арнайы тренингтерден өткізіп, болашақта Геоинформатика ғылымында магистрлер дайындауда жаңа курстар ашып, қоршаған ортаны, ресурстарды және тәуекелдерді басқаруда қажетті кадрлар дайындаудағы басты қадамдар болып табылады.

Конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылым және инновация бөлімінің директоры Хайдар Тасибеков, Қазақстандағы ТЕМПУС жобасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова және Еуропадағы ТЕМПУС жобасының негізгі үйлестірушісі, Зальцбург университетінің ГАЖ және Геоинформатика орталығының директоры, Австрия Ғылым Академиясының мүшесі Джозеф Стробл және география факультетінің деканыВиталий Сальников сөз алды.

Австрия университетінің профессоры Джозеф Ферст табиғаттағы су ресурстары мен қоршаған ортаны басқарудағы аймақтық гидрологиялық мәліметтер негізінде Австрияның гидрологиялық атласын құрастыру маңыздылығын айтса, география факультетінің доценті Нұржан Керімбай оқу үрдісіндегі ГАЖ білім беру мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар, амстердамдық профессорлар Матильда Моленджук және Ронни Лаше Нидерландыдағы ГАЖ білім беру мәселелерін көтерді.

Ресейлік «Совзонд» компаниясының директоры Михаил Болсуновский, Джамшид Джурабаев, Айнұр Назарқұлова, Жанай Сағынтаев, Вейдман, Искандер Абдуллаев, Феликс Пулс және т.б. қатысушылар қоршаған орта мен ресурстарды басқарудағы геоақпаратттық жүйенің рөлі мен оның маңызды мәселелеріне тоқталып, өзара пікір алмасты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі