Жаңалықтар

14 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасының тұсаукесері болады

13.10.2011

11.00-де ректораттың мәжіліс залында (15 қабат) өтеді. Елбасының, адам құқықтары жөніндегі халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алған баяндама Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы Елшілігінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығының техникалық жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке таралыммен кітап ретінде басылып шыққан. Комиссия баяндамасы Варшавада адам құқықтары жөнінде өтетін жылсайынғы ЕҚЫҰ/БДИПЧ мәжілісінде сәтті ұсынылды.

Тұсаукесерде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клётцер ханым, Ұлыбританияның Алматы қаласындағы Бас консулы Стивен Хиклинг мырза сөз алады.

Ары қарай оқу >>

15 қазанда халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан Республикасының ИӘҰ-дағы төрағалығы» атты дөңгелек үстел өтеді

13.10.2011

Алматы жастарының конгресі «Талейран» дипломатиялық клубымен бірге ҚР мен ИӘҰ арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мен жағдайы талқыланатын «Қазақстан Республикасының ИӘҰ-дағы төрағалығы» атты дөңгелек үстел сағат 15.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 508-аудиториясында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Туристік дәстүрлі «Алтын күз» слеті

13.10.2011

Кеше Алматы қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт Басқармасы мен спорттық туризм Федерациясының ұйымдастыруымен туристік дәстүрлі «Алтын күз» атты слеті өтті. Оған ҚазҰУ-дан география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері қатысып, слет қорытындысы бойынша студенттер командасы жалпыкомандалық 1-ші орын алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Еуразия экономикалық форумына қатысып қайтты

12.10.2011

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ШЫҰУ оқу орталығы жақында ҚХР-дың Сиань қаласында өткен Еуразия экономикалық форум – 2011 білім секциясының жұмысына арнайы шақырылып, қатысып қайтты.

Көптеген азия мен еуропа елдерінің басшылары, соның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, атақты ғалымдар қатысқан пленарлық және секциялық мәжілістерінде «Еуразиядағы инновациялық серіктестік және трансформация мүмкіндіктерін бірлесе пайдалану» атты Форумның тақырыбына сәйкес перспективті сұрақтар талқыланды. Еуразия аймағындағы экономикаға, энергетикаға, экологиялық қауіпсіздікке қатысты дәстүрлі және өзекті мәселелерден басқа секциялық мәжілісте Еуразия елдері экономикасының дамуы үшін мамандар дайындайтын ШЫҰ университетінің ары қарай дамуы жөніндегі білім саласының жаңа мәселелері қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры Евгений Анға Корея республикасының мемлекеттік марапаты тапсырылды

12.10.2011

Жапония, Қытай, АҚШ, Канада және әлемнің басқада елдері бойынша марапатқа ие болған 11 қуаныш иегерінің арасында, Е.Ан Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдері бойынша жалғыз өкіл.

Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, кеңейтуге қосқан үлесі үшін марапатты Корея республикасының Премьер-министрі Ким Хван Сик Сеул қаласында арнайы табыс етті.

Марапатты табыстау барысында, Е.Ан қазақстандық және оңтүстік кореялық компаниялардың бірлескен жобаларының жүзеге асуына ерекше ықпал етіп жүргендігі ерекше аталды. Мәселен, 2010 жылы Өскеменде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен «Prima-Zodiak» мәдени-сауықтыру кешені ашылды. Сондай-ақ ол POSCO, TAWON Сoppar және тағы да басқа компаниялардың жобаларына кеңес айтып, Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының мәдени шаралар өткізуіне қолдау танытып келеді.

ҚазҰУ-да университеттің инновациялық инфрақұрылымын стратегиялық дамыту жоспарына сай оның қатысуымен оңтүстік кореялық «Blue Cop Security & System» компаниясымен бірлесіп көпфункциональды электронды интерактивті тақта жасау инновациялық жобасы іске асуда.

Ары қарай оқу >>

АҚШ Федералды резерв банктің вице-президенті Варвел Уволтер ҚазҰУ дәріс оқиды.

12.10.2011

Сенбі күні, 2011 ж. 15 қазанда, «Ашық кафедра» жоба шеңберінде АҚШ Федералды резерв банктің вице-президентi Варвел Уволтердің дәрісі өтеді. Дәріс «Экономика мәселесі жөнінде және әлемдегі экономикалық тұрақсыздықтың себебтеріне» арналған. Уволтер Варвел дәрісін толықтырып Deloitte компания эдвайзеры Нұрпеисов Алдонғар мырзаның «Өзгерістермен басқару» дәрісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Оксфорд Университетінің түлегі және оқытушысы Сью Кей ҚазҰУ-да «New Inside Out» семинарын өткізді

11.10.2011

Қолданбалы лингвистика және мәдениетаралық қарым-қатынастар орталығында Оксфорд университетінің түлегі және оқытушысы Сью Кей, «Macmillan» баспасынан шыққан, көпшілікке белгілі оқу кітабы «Inside Out» кітаптар сериясының авторы «New Inside Out» семинарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ректоратта ағымдағы жылы атқарылар шаралар сараланды

11.10.2011

Әлемдік топ-университеттер қатарында белгілі дәрежеде алға жылжып, халықаралық деңгейде қалыптаса түскен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымының алдында жаңа міндеттер мен талаптар қатары да артып отыр. Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында құрылымдық жаңаруды кешкен білім шаңырағының 10 қазанда өткен кезекті Ректорат мәжілісінде университеттің ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары жан-жақты қарастырылды. Жаңа мақсаттар мен міндеттерді бірінші проректор МұқамбетқалыБүркітбаев ректор баяндамасында белгіленген тапсырмалар негізінде баяндады.

Ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспары оқу-әдістемелік жұмыс, ғылым және тәрбие бағытында өрбіді. Бірінші қозғалған мәселе оқу-әдістемелік оқулықтарды шығаруға арналды. Бұл бағытта университет баспасында кезекті көп күттірмес үшін өзге де баспаханаларға тапсырыс беріп, оқытушы-профессорлардың оқулықтарын жариялау және халықаралық стандарттарға сай келетін электронды оқулықтарды жасау қарастырылды.

Оқулықтардың басым саны мемлекеттік тілде жарыққа шығуы талап етіліп, олардың саны мен сапасына бірдей мән аударылу жүктелді. Бірінші проректор оқулықтарды бірізділендіруге бағытталған негізгі жұмыстарды атап өткеннен кейін кезекті бірлескен халықаралық білім бағдарламаларын дамытуды тілге тиек етті. Бұл тапсырманың жүзеге асуына магистранттар мен докторанттар үлесінің ерекше екендігі айтылып, шетелдік жетекші университеттермен қос диплом бағдарламасын дамыту керектігі де сөз болды. Ректораттың бұл мәжілісінде сонымен қатар қашықтықтан оқыту да назарға алынды. Ол ретте қара шаңырақтың оқытушы-профессорлар құрамы бейне дәрістер мен виртуальды зертханалық жұмыстар кешенін дайындап, шетелдік университеттермен бірлесіп онлайн жүйесінде конференциялар ұйымдастыру қажет. Ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарындағы оқу-әдістемелік бағыты бойынша оқытушы-профессорлар құрамының (ОПҚ) біліктілігін арттыру да маңыздылыққа ие. Ол ретте университеттегі ОПҚ үшін елімізде және алыс, жақын шетелдерде өтетін халықаралық конференцияларға, жиындарға қатысып, мақалалар жариялаудың үлесі зор. Ағылшын тілінде оқылатын пәндерді көбейтіп, ҚазҰУ оқытушыларына арналған семинарлар және шеберлік сыныптар ұйымдастырылып тұруы да айтылып, академиялық ұтқырлықты дамыта түсу де алдағы мақсаттарға жетудің сәтті жолы деп танылды. Сонымен қатар бірінші проректордың баяндамасынан белгілі болғандай, таныстыру-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру бағдарламасын дамыту да университеттің жаңа құрылымында үлкен табысқа жетелемек.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел-елшімен кездесу өтті

10.10.2011

8 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–нің халықаралық қатынастар факультетінде «Талейран» Дипломатиялық клубының ұйымдастыруымен Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел-елші, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі – Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызымен кездесу өтті.

Кездесудің бірінші жартысында Қазақстанның БҰҰ-ға ену мәселесі айтылды. А.Арыстанбекова жоғарыда аталған құжаттың өмірге келуіне ат салысқан адам ретінде студенттерге жас еліміздің дипломатиялық қызметінің қалыптасуы жайлы сөз қозғады. Кейін қатысушылар назарына Ақмарал Хайдаровнаның 1992 жылғы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзі жазылған бейнебаян алға тартылды. Сондай-ақ, кездесу барысында үстіміздегі жылдың 24 қазанында халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ-ның Даму Жоспары (ПРООН) қатысуымен БҰҰ Орталығы ашылатыны мәлімделді.

Ары қарай оқу >>

SIFE ҚазҰУ Малайзияда!

10.10.2011

Соңғы бес жылдары азия мемелекеттері кәсіпкерлік салада берік бекітіліп, бизнес аренасында мықты қатысушылар екендігін дәлелдеді. Сондықтан студенттік жобаларды қорғау әлем чемпионаты азия аумағының дамып жатқан мемлекеттің бірі – Малайзия.

Ары қарай оқу >>