Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына 20 саны

07.10.2011

Көрулер: 1738

Тәуелсіздігімізге 20 жыл толуына байланысты ҚазҰУ қалашығындағы № 17 филология факультетінің студенттер үйінде Жоғарғы студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен бір ғажап көрініс орын алды. Қиялы ұшқыр филология факультетінің студенттері, яғни № 17 студенттер үйінің тұрғындары еліміздің тәуелсіздігін ерекше құрметтейтінін, патриот екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тәуелсіздік- 20 жаста!!! Бәріміз үшін қасиетті “20” санын ғимараттың 43 терезесінің жарығы арқылы өрнектегенде әсем көріністен жан тебіренбей қоймайды. Бұл көрініс ҚазҰУ рекордына кірді. Көріністі тамашалаған студенттердің көптігі қуантты. № 17 студенттер үйінде мен мұндалап тұрған “20” саны- жалындаған жастардың еліміздің ертеңі екендігін көкейде сеніммен айтарлық шаттық қалдырды. Жарайсындар, ҚазҰУ жастары!!!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі