Ашық есік күні

05.11.2011

Көрулер: 1985

4 қарашада Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, университет колледжі мен лицейінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласының № 51, № 88, № 131, № 132, № 137, № 159, № 162, № 163 мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Шараны өздерінің сәлемдесу сөздерімен философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р.Масалимова, жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы М.Ауган, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ лицейінің директоры Д.Е.Алпысбаева ашты.

Шара аясында студенттер КТК, психологиялық ертегі, әуенді пантомима-көрініс, флеш-моб стиліндегі билер, авторлық өлеңдер, факультет мамандықтары жайлы әндер айтып, түрлі шығармашылық өнерлерін көрсетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ лицейінің оқушылары Ант қабылдады.

Шара аяқталғаннан соң оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі