Жаңалықтар

Студенттер «Компас-тур» компаниясының директорымен кездеседі

10.11.2011

11 қарашада география және табиғатты пайдалану факультетінде «Туристік ұйымдардың болашақ жетекшілеріне арналған Лидерлік курс» жобасы аясында ҚазҰУ-дың туризм мамандағында оқып жатқан студенттері «Компас-тур» ірі туроператорлық компаниясының директоры Загоруйко Анна Сергеевнамен жүздесу өтеді.

Жүздесу «Туристік бизнестегі мамандандырылған білім алудың маңыздылығы» тақырыбындағы пікірталас ретінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіз Қазақстанның құрдастарымыз

10.11.2011

11 қарашада сағат 15:00-де география және табиғатты пайдалану факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Біз – Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас жастармыз!» атты ашық тәрбие сағаты өтеді.

Тәрбие сағатына ата-аналар, университеттің тәрбие бөлімінің жетекшілері, факультеттердің аға куратор-эдвайзерлері, факультеттің деканат бөлімі қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасындағы дінтану саласындағы білім берудің маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өтеді

09.11.2011

9 қараша сағат 16.00-де «Алматы жастар конгресі» және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті «Қазақстан Республикасындағы дінтану саласындағы білім берудің маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Әлеуметтік білім беру өскелең ұрпақ пен жастарға сондай-ақ діннің тарихы, адамзат өміріндегі маңыздылығы, мәдениеті жалпы, дін туралы сауаттылық пен ғылыми түсінік беретін қазіргі заманғы мемлекеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған дөңгелек үстел барысында дінтану саласының жетекші мамандарының баяндамалар жасауы жоспарланып отыр.

Ары қарай оқу >>

Профессор А.Х.Арыстанбекованың видео-дәрісі өтті

09.11.2011

8 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде магистранттарға арналған профессор А.Х. Арыстанбекованың «Әлемдік саясаттың жаһандануы» атты видео-дәрісі өтті.

А.Х.Арыстанбекова Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел-елші, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі.

А.Арыстанбекова қазіргі уақыттағы жаһандану түсінігіне тоқталып, оған қатысты батыстық пен шығыс авторларының көзқарастарын қарастырды.

Ары қарай оқу >>

“Қазақ телевизиясы» атты энциклопедиялық кітап жарық көрді

09.11.2011

8 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде “Қазақ телевизиясы» атты энциклопедиялық кітап жарық көрді. Кітап жобасының жетекшісі әрі авторы айталмыш оқу орнының мерзімді баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық телевизия және радио Академиясының корреспондент мүшесі Құдайберген Тұрсын. Энциклопедиялық кітап екі томды қамтыған. Онда алфавиттік тізіммен қазақ телевизиясында маңдай тері, табан ізі, қолтаңбасы қалған ардақтылардың есімдері, еңбектері жазылған.

Тұсаукесер рәсіміне қазақ баспасөзінің ардагерлері Ғұсман Игісін, Сәлімгерей Сұлтанғалиев, Сайраш Әбішқызы, Ләскер Сейітов, Сауық Жақанова, журналистер Нұртілеу Иманғалиұлы, Қалыбек Атжан, Марат Тоқашбаев, Абай Баймолда, Валерий Жандәулетов, сондай-ақ, С.Демирел атындағы Халықаралық университеттің проректоры Дандай Ысқақов және журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. «1958 жылдан басталған, отандық телевизияда кәсіби тележурналистер мен телекомментаторлар, режиссерлер, операторлар мен дыбыс режиссерлері, жарық қоюшылар, бейнеинженерлер, дизайнерлер мен продюсерлер жұмыс істеді. 1970-1990 жылдар аралығында Қазақ ССР Мемтелерадио комитетінің жүйесінде ғана 7 мыңға жуық адам қызмет атқарды. Осылардың әрбірі марапат пен атаққа лайық адамдар болатын. Алайда көпшілігі қазіргі кезең ағынымен көзден таса қалды. Сондықтан, кітапты шығарудағы мақсат – отандық телевизияда қызмет істеген, істеп жүрген әріптестеріміздің еңбегіне бас ию», -дейді кітап авторы Құдайберген Тұрсын.

Ары қарай оқу >>

«Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» анықталды

08.11.2011

7 қарашада әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» -2011 байқауының ақтық сайысы өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауы биыл Ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналды. Аталған байқаудың ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер сенаты.

Аталған байқау үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде университеттің 700-ге жуық ұл-қызы байқауға қатысуға өтініш білдіріп, олардың 90-ы 2-ші кезеңге өтті. Екінші кезеңде білімдері мен өнерлері таразыланып, олардың ішінен 12 факультеттен 12 ару мен 12 сұлтан таңдалып алынды.

Арулар өз қолдарынан қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, жәрмеңке өкізді. Жиналған ақша қорына жетім балалар үйіне қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Ал жігіттер жағы қол күрес, арқан тарту сияқты спорт сайыстарына қатысып, өздерінің күш-жігерлерін танытты.

Байқауда қазылық етіп, әділ бағасын берген әділқазылар: төрағасы «Ана тілі газеті» бас редакторының орынбасары Нұрперзент Домбай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ардагерлер кеңесінің мүшесі, профессор Ажар Ахметқызы Жұбанова, Қазақстан республикасының белгілі дизайнері, стилист, «Ерке-Нұр» компаниясының президенті Фарида Мерхамитқызы, ҚР еңбегі сіңген әртісі, ҚазҰУ түлегі, әнші Бағдат Сәмединова, Республикалық «Қазақ қызы» журналының бас редакторы Еңлік Ерболқызы, ҚазҰУ «Ана тілі» аруы 2010» және республикалық «Ана тілі-2010» байқау гран-при иегерлері Әшірәлі Айгерім, Қайрат Бұрханбеков болды.

Ары қарай оқу >>

“Біз таза қала үшін”

08.11.2011

География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері 3 қарашада Алматы қаласының әкімшілігі мен “Казэкология” ЖШС бірігіп өткізген экологиялық акцияға белсенді қатысты.

Бұл акция “Біз таза қала үшін” бағдарламасының негізінде өткізілді. Осы жолы тазалаудың объектілері Үлкен және Кіші Алматы өзені, Есентай жағалаулары маңайын қамтыды. Тазалық жұмыстары “Таза өзендер, таза жайылымдар” деген ұранмен өтті. Студенттер белсенділік танытып, тазалыққа жауапкершілік байқатты. “Энергоэкология ” кафедрасының 1-курс студенті Жания Досымқызы: «Мұндай іс-шаралар жастарға экологиялық тәрбие беруде өте қажет. Туған жерінің тазалығын сақтау мен аялауға баулитын, патриоттығын қалыптастыратын шара. Студенттер бойында экологиялық тәрбиені дамытуда университет үлкен көңіл бөлуде», - деген оймен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Жаңғыру жобалары қаралды

07.11.2011

Ректорат мәжілісі ректор Ғалым Мұтановтың ҚазҰУ ұжымын Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтауынан басталды. Бұл мейрамның Қазақстан халқы ынтмақтастығын арттырудағы маңызы зор. Сондай-ақ, оның бірлігі мен тұтастығы басты басымдық болып есептелетін ҚазҰУ-дың ұжымдық мәдениетін дамытудағы орны ерекше екені сөзсіз.

ҚазҰУ ұжымы мен студенттерін Қасиетті Құрбан айт мерекесімен ректор құттықтағанан кейін Ректорат мәжілісі әдеттегідей білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарттарға қол қою рәсімімен жалғасты. Ғалым Мұтановтың қатысуымен өткен кезекті ынтымақтастық пен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға арналған үшжақты құжаттарға Түркия Республикасы Гукурова университетінің ректоры Алпен Акиноглуның атынан аталмыш университеттің сот-медицина сараптамасы кафедрасының профессоры Мете Коркут Гюл мен заң факультетінің деканы Дәулет Байделдинов, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы бас директоры Сағат Алтынбеков пен философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимова қол қойды.

Бұдан өзге мәжілісте ҚазҰУ ректорының атына «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығынан келген арнайы хат мәтіні оқылды. Онда теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Ержанұлы мен доцент Нұрзада Әбдібекқызына Қазақстан Республикасының 20 жылдығына және Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына арналған мектеп оқушылары арасында өткен Халықаралық астрономиялық олимпиаданы өткізуге қосқан зор еңбектері үшін үлкен алғыс айтылған.

Ары қарай оқу >>

«Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді

07.11.2011

7 қараша сағат 18.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Жас таланттар

05.11.2011

Журналистика факультетінің 101 тобында орыс тілі пәнінің оқытушысы Әмірова Жанар Рақышқызының ұйымдастыруымен, осы топтың ең таланты, белсенді студенттері «Алтын күз» атты мерекелік бағдарлама қойды. Осы кеште олар өздерінің тек қана интеллектуалды жастар ғана емес, сан қырлы, өнерлі студенттер екенін де дәлелдеді.

Ары қарай оқу >>