Жаңалықтар

«Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты жас зерттеушілер форумы өтті

07.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиетттану және әлем тілдері факультетінде «Ай-ару» деп аталатын рухани танымдық республика жоғарғы оқу орындары студенттері арасында «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты жас зерттеушілер форумы өтті. Алғаш рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған студенттер өз ғылыми еңбектерін паш етті. Мәселен, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Е.Беркімбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Н. Баймбетовалар және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінен, С.Демирал атындағы университеттен т.б оқу ордаларынан келген жас ізденушілер әр кезеңдегі әйел тағдырын талқыға салды. Форумда қазақ прозасындағы әйел тағдыры авторлық ұстаным, образ шынайылығы жанрлық көркемдік сипаттар тұрғысында баядамалар жасалды.

Ары қарай оқу >>

Студенттер кезекті клуб мәжілісінде бас қосты

05.03.2012

Университетіміздің заң факультетінде, «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының студенттік клубтарының кезекті мәжілістері өтті. Студенттік клубтар үш бағытта жұмыс жасайды. Олар: «Эколог-заңгер» жер құқығы, экологиялық құқық және тау-кен құқығы бағыты, жетекшілері Джангабулова А.К., Накишева М.К., екінші бағыт: «Қаржыгер» кеден құқығы және қаржы құқығы, жетекшісі Ашим А.М., «Құқық негіздері» заң факультеті және өзге де факультеттердің студенттеріне арналған, жетекшісі Смагулова Д.С.

Ары қарай оқу >>

«KPMG Career Day» жобасына қатыс

05.03.2012

KPMG компаниясының рекрутинг тобы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мансап және бизнес орталығы бірлесіп «KPMG Career Day» атты жаңа жобасын ұсынады. KPMG кеңсесіне келіп шынайы бизнес ортаға тап бол! Тіркелу 30 наурызға дейін жүргізіледі. Қатысушылар саны шектеулі.

Ары қарай оқу >>

Екі университеттің бірлесуімен жақсы демалыс ұйымдастырылды

03.03.2012

«Қош бол қыс, Қош келдің көктем» атты кураторлық топтардың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Аталмыш мерекелік іс-шараға биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С.Айдосова, доценттер және оқытушылардың «Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмесі, «Жас талап» орталығының мүшелері және Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының эколог-ағартушысы Р.Сембаева және тағы басқа қызметкерлері, Қазақ Ұлттық аграрлық университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Жас натуралистер» факультетте «Ашық есік» күні ұйымдастырды.

02.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушыларынан және «Жас талап» орталығының ұйымдастыруымен қаланың әртүрлі мектеп оқушыларынан жиналған «Жас натуралистер» топтарымен факультетте «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Барлығы сіздер үшін, арулар!

02.03.2012

«Барлығы сіздер үшін, арулар!» атты кеште тек ер азаматтар ән салып, би билейді. Композициялық қойылымдар қойылады. Проректорлер, деканның орынбасарлары, бөлім басшылары өздерінің жеке номерлерін көрсетеді. Сондықтан да барлық аруларымызды тосын сыйлар күтіп тұрғаны анық. Сахна мерекеге сай дизайнмен, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Ары қарай оқу >>

Ө. Жолдасбеков туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

01.03.2012

1 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы өз жұмысын бастады. Өткен жылы Ө. Жолдасбековке 80 жыл толуына орай ҚазҰУ-да ескерткіш қойылып, халықаралық симпозуим өткен болатын. Ал биыл екінші рет оқушылардың ғылыми жұмыстарының конкурсына Өзбекстаннан, Тәжікстаннан оқушылар да қатысуда.

Ары қарай оқу >>

Күймен тербеген

01.03.2012

Егер, дүние шіркіннің дидарында адам көңілін жұбататын, жүрегін жылытатын, санасын сергітетін бір құбылыс болса, ол – Дәулеткерейдің күйлеріндей-ақ болар. Ұлы күйші қиын заманның қасірет қамауына тап болған бейбақ халқын домбырасымен жұбатқан.

Ары қарай оқу >>

Кафедра күні Елбасы жолдауын талқылауға арналды

29.02.2012

28 ақпан күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы № 10 жатахана студенттерімен кафедра күнін өткізді. Кездесуде алғаш сөз алған профессор Қ.С. Қаражан студенттерді Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында қарастырылған негізгі 10 бағыт бойынша баяндай отырып, студенттермен ой бөлісті.

Аға оқытушы С. Смағұлов Қазақстанның бүгінгі таңдағы Сыртқы саясаттағы жетістіктеріне тоқталды.

Ары қарай оқу >>