Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуының 20 жылдығын - лайықты қарсы алу»

20.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы және Алматы қаласының мұғалімдерінің мамандығын жетiлдiру Институты Алматы қаласының орта мектептерінің және гимназияларының алғашқы әскери дайындық мұғалімдерімен нұсқау-әдiстемелiк семинарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Факультеттер барлық талаптарға сай

20.03.2012

19 наурыздағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісінде әдеттегідей, үздік студенттерді қолдау мақсатында шәкіртақы тағайындалды.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің есеп және аудит кафедрасы тағайындаған шәкіртақы 1 курс студенті Айжан Көбееваға, 2 курс студенті Балжан Жамантаеваға және 1 курс студенті Шахризада Дәулетоваға табысталды. Сондай-ақ, физика-техникалық факультеті тағайындаған ҚР ҰҒА академигі Фазылхан Байымбетов атындағы шәкіртақыны Сламия Мәулетбек, Жақып Мұхтар иеленсе, ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Әбділдин атындағы шәкіртақыны Ерік Базарбаев, Жансая Рақымқұл иеленіп, ҚР ҰҒА академигі Шәмші Серсембинов атындағы шәкіртақы Ботагөз Медияноваға, Тимур Нұрмамытовқа, ал КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бэлла Ахметова атындағы шәкіртақы Асхат Жәнібековке табысталды.

Мәжілісте сонымен бірге, философия және саясаттану, заң, экономика және бизнес жоғары мектебі, халықаралық қатынастар, механика-математика және шығыстану факультеттерінің мемлекеттік аттестацияға дайындығы айтылды. Аталмыш факультеттерді тексеру бойынша жауаптылардың айтуынша, факультеттер мемлекеттік аттестацияның барлық талаптарына толықтай дайын. Құжаттар талапқа сай толтырылған, қазақ тіліндегі оқулықтар саны артқан, жалпы жұмыс барысы жоғары дәрежеде. Факультет басшылары, өз кезегінде, «мемлекеттік аттестацияны тапсыру жеткен жетістіктерімізді көрсететін, мақтаныш сәті» дейді. Өткен аптада қаралған факультет жұмыстары да бүгінде барлық талапқа сай бір ізді жұмыс атқарып отырғандықтарын жеткізіп, жоғары бағаланды.

Ары қарай оқу >>

Наурыз құтты болсын!

19.03.2012

Наурыз – ұлттық мейрам. Бұл күн мен түн теңелетін, көктем мен еңбек мерекесі болып табылады. Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Осы ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шара ән-шашуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде өтті. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жүрген 91-ші топпен «Шығыс жұлдыз­дары» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі» тақырыбына арналған ашық эдвайзер сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

«КӨКЖИЕККЕ» - 10 жыл

19.03.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы 2001 жылдан бері аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында жұмыс істеп келеді. Ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұсалы Ләйла Жұматайқызы. Алғашында «Отандастар» қазақ тіліндегі қарым қатынас клубы (Клуб общения на казахском языке) болып құрылып, студенттердің пікір алмасу мәдениетін, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында құрылды. Бұл бағытта қазақ тілін үйрену сабақтары, тілдік акциялар, дөңгелек үстелдер жүргізілді. Клубтың мақсаты: студенттердің ғылыми шығармашылығын, танымдық қабілеттерін шыңдау, әдеби-рухани ізденістерін қолдау, дамыту, қазақ тілі мен әдебиетін, ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық тәрбие беру.

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. 2012 жылғы 16 наурыз күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының 10 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Кеш бағдарламасында өте қызықты да мазмұнды, әсерлі іс шаралар қарастырылған. Жыр мүшәйрасы, әдеби викторина, ән-жыр, презентация, О.Бөкеевтің «Кербұғы» туындысы талқыланды. Клубтың 10 жылдық тарихына шолу жасалып, есеп берілді.

Университет студенттері арасында кеңінен танымал «Көкжиек» студенттік клубының негізін қалап, оны 10 жылдан бері басқарып келе жатқан клуб жетекшісі, доцент Ләйлә Мұсалықызына тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Ш.Е. Канафьева әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е. Джаманбалеваның атынан алғыс хат тапсырды.

Ары қарай оқу >>

16 наурыз 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін экспертік бағалайтын Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылар тобы келіп қайтты

16.03.2012

16 наурыз 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін экспертік бағалайтын Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылар тобы келіп қайтты.

Сапар университеттің еліміздегі және Орта Азия бойынша жетекші ғылым, білім және инновация орталығы ретіндегі беделіне тікелей байланысты. ЕО өкілдері ҚазҰУ ғалымдарының еңбектерімен және ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесімен танысты, дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты. Ректор Ғалым Мұтановпен кездесуде ғылым-білім саласының сұрақтары, ЕО ғылыми бағдарламасына университет ғалымдарының қатысу мүмкіндіктері қаралып, Жетінші дәстүрлі Бағдарлама (FP7) ЕС бойынша ғылыми-техникалық даму мен инновацияға жекелеп тоқталды.

Сарапшылар жұмысының нәтижесі мен олардың ұсыныстары елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық дамуын жақсарта түсуге қолдану үшін ҚР Үкіметіне жолданатын болады.

ЕО (FP7) бағдарламасына Қазақстан 1995 ж. қосылды. Бұл 53 миллиард еуро бюджеті негізінде ғылым мен инновацияны қолдауға арналған 2007 мен 2013 жылдар аралығына негізделген жеті жылдық кезеңді қамтитын әлемдегі ең ірі бағдарлама. Еуропалық Одақтың Еуропадығы зерттеуді қаржыландырудағы басты құрал болып табылады және жұмысқа қамтуды реттеу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өмір салтын жақсарту мәселелеріне арналған. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан 265 топ ғалым зерттеуге 17 миллион еуро қаржы көлемінде грант иеленді. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша қазақстандық институттардың қатысуымен 19 жоба қаржыландырылуда.

Ары қарай оқу >>

«Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» - халықаралық конференция

16.03.2012

16 наурызда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты екі күндік халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Қазақстандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдар Еуразия кеңістігіндегі жеделдететін инновацияның дамуын және интеграциялық үдерістердің рөлін, экономикалық ғылымның теориялары мен әдістемелерін, экономикалық саясаттың өзекті сұрақтары мен экономикалық кадрларды дайындау артықшылықтары қарастырылады.

Ары қарай оқу >>

Студенттік бес сайт ашылды

15.03.2012

Болашақ журналист ақпараттар тізгінін ұстауды бірінші курстан қолға алды. Осы мақсатпен әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 15 наурызда студенттік бес сайттың тұсауы кесілді.

«Ақпарат заманының талабы мен кеңістігінің кеңейуі кезеңінде, болашақ журналист ақпараттар тізгінін ұстау үшін ақпараттық технология мен мультимедиалық құралдармен тіл табыса білуі тиіс. Мультимедиалық материалдарды жинау, өңдеу, игеру, меңгеру және бұқараға жариялау студенттік аудиториядан бастау алады. Бүгін ашылған сайттарда жастардың тырнақ алды туындылары ғаламторға жол тартады», - дейді саяси ғылымдарының докторы, сайттың ашылуына жетекшілік еткен оқытушы Гүлмира Сұлтанбаева. Ал, zerger.ucoz.com, beles.ucoz.net, zamana.ucoz.com, bastau.ucoz.org, 103akparat.ucoz.com аталатын сайттардың мақсатымен таныстырған студент Арайлым Әкім:. «Жалпы жаңалық атаулының, ең алдымен, жастар арасында кең таралытыны рас. Сол жаңалықтың жаршысы ретінде арман қуған бір топ студент ғаламтордан өз сайтымызды аштық», - десе, «жаңалықтар, қызықты әңгімелер, оқырманмен ой бөлісу – біздің міндетіміз», - дейді студент Айша Закирянова.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да MDP «Global Classroom» бағдарламасы бойынша магистранттарды оқытудың екінші курсы басталады

15.03.2012

ҚазҰУ-да Колумбия университеті «Climate Justice Human Rights & Development» MDP «Global Classroom» бағдарламасы бойынша магистранттарды оқытудың екінші курсы басталады

Курс әлемдегі климаттық өзгерістердің заманауи мәселелерін шешу, сонымен бірге тұрақты дамудың тәжірибелерін үйрету алаңы болып табылады.

Оқыту бағдарламасы әлемдегі климаттық өзгерістердің және қоршаған орта ластануын шешуде жетекші идеялардың орталығы болып табылатын Мэри Робинсон қорының қолдауымен өтеді.

Ары қарай оқу >>

Туберкулездің алдын алу шаралары туралы дөңгелек үстелге қатысыңыз

15.03.2012

2011 жылғы 16-наурыз күні сағ. 15.00-де философия және саясаттану факультетінің № 19-аудиториясында (бұрынғы әскери ісі кафедрасының корпусы) «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында туберкулез ауруына қарсы алдын ала қолданылатын шаралар» бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі департамент пен философия және саясаттану факультеті университеттік іс-шараны (дөңгелек үстел) өткізеді.

Ары қарай оқу >>