"Салауатты өмір сүру салты - бақыттың бастауы"

03.05.2023

Көрулер: 679

"Дені саудың - жаны сау" атты ұранмен 3-топта "Салауатты өмір сүру салты - бақыттың бастауы" атты  әлеуметтік тәрбие шарасы өтті. Шараның мақсаты - жастарға салауатты өмір сүру салтын насихаттау. Салауатты өмір сүру салты дұрыс тамақтану мен тазалықтан, спортпен шұғылданудан басталатыны талқыланды. Зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттілігі айтылды. Әрбір адам өз денсаулығына көңіл бөліп, оны сақтауы, нығайтуы тиіс екендігіне тоқталып, денсаулықтың қадірін біліп, бағалау керектігін айтылды. Шара барысында денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздердің сайысы ұйымдастырылды.  Жастар бақытты өмір сүрудің негізгі жолы - салауатты өмір сүру салтын ұстану деп ойларын тұжырымдады. Тәрбие сағаты тәлімдік мәні зор ұлағатты шара болды.