Әл-Фараби атындағы Жоғары Экономика және бизнес мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы мен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) бірлесіп, Биржаның 30 жылдығы және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығы қарсаңында ТДМ 4 шеңберінде: сапалы білім беру, ТДМ 8 "Лайықт

05.10.2023

Көрулер: 346

Әл-Фараби атындағы Жоғары Экономика және бизнес мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы  мен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) бірлесіп, Биржаның 30 жылдығы және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығы қарсаңында ТДМ 4 шеңберінде: сапалы білім беру, ТДМ 8 "Лайықты еңбек және экономикалық өсу", ТДМ 17 – орнықты даму мақсаттары үшін әріптестік аясында 2023 жылдың 16 қазанында сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін "KASE FEST" қазақстандық брокерлер жәрмеңкесін өткізеді.

Іс-шара бағдарламасында Алматы қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы өкілдерінің, кафедраның ПОҚ қатысуымен, студенттердің, сондай-ақ басқа ЖОО оқытушыларының сөз сөйлеуі жоспарлануда. Аталған іс-шара оқу орындарының студенттерін қоса алғанда, әлеуетті бөлшек инвесторларды барынша қамтып, бағалы қағаздар нарығынтанымал ету мақсатында өтқізіледі, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан азаматтарын жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламалары және ұлттық компаниялардың IPO/SPO өткізуі туралы уақтылы хабардар етуге ықпал етеді.