Кафедраның тарихы

«Қаржы және есеп» кафедрасы 2001 жылғы сәуірде жоғары білімді халықаралық үрдіске сай мамандарды екі мамандық бойынша дайындау мақсатында құрылды: «Қаржы және несие» және «Бухгалтерлік есеп және аудит»

 

Кафедра мамандарды дайындауды 2 бағытта жүргізді:  

  1. «Қаржы және несие» бойынша мамандарды даярлау келесі мамандықтар арқылы жүзеге асырылды: «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Қаржы менеджменті» және банк, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар үшін жоғары дәрежелі мамандарды даярлау жүргізілді. Қаржы Министрлігі, Экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігі, Салық комитеті, Кеден Комитеті, Қаржылық бақылау Комитетіне және әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерге қаржылық қызмет көрсетуші мамандар даярлау жүргізілді.
  2. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша экономист- бухгалтерлерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің әр түрлі нысандары бойынша дайындады.

Кафедра оқу үрдісі кезінде шетел және отандық тәжірибені қолдана отырып, жоғары білікті деңгейдегі мамандарды дайындауға өз үлесін қосты.

2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қаржы және есеп» кафедрасынан «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы бөлініп шығып, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қайта бірікті.

2019 жылдың ақпанынан бастап кафедраны  э.ғ.к., доктор(PhD) , доцент Нурмагамбетова А.З.  басқарып келеді.Кафедрада есеп және аудит, статистика мен талдау салалары бойынша білікті профессорлар мен ғылыми кандитаттары қызмет атқарады.

Кафедра оқытушылары мен студенттері халықаралық деңгейдегі университтермен өзара тығыз қарым қатынас жасайды және кәсіби тәжірибе алмасып отырады. Ондай университеттер қатарына: Lancaster University (Ұлыбритания), Брагаманың Орталық Университеттері (Прага, Чехия),  University of Sopron (Венгрия), Nanjing Agricultural University (Қытай Республикасы), Плеханов Г.В. атындағы Ресей Экономикалық Университеті, Алтай Ұлттық Университеті (Ресей Федерациясы).

2012 жылы кафедра бастамасы бойынша есеп, аудит және талдау бойынша инновациялық орталық ашылды. Кез келген оқушы САР, CIPA сертификаттарын арнайы курстарда өтіп сертификатты ала алады. Мұндай сертификаттарды иелену кафедра түлектеріне еңбек нарығында өз бәсекелестерін арттыруға мүмкіндік береді

«Қаржы және есеп» кафедрасы қаржы саласындағы жоғары классты және бәсекеге қабілетті маман дайындайтын кафедра болып табылады.

Сонымен кафедра жыл сайын білікті маман даярлап, мемлекетке өз үлесін қосуда. Алғашқы түлектер банкте, фирмалар мен компанияларда және жоғарғы оқу орындарында сабақ береді.

Кафедраның оқу процессі отандық бай салты бар жоғары мектеп пен шетелдік тәжірибе негізінде қалыптасқан. Нәтижесінде студенттер қаржы әне банк ісі жайлы әлемдік жаңа табыстармен таныса алады.