6B05204 Mетеорология

Білім беру бағдарламасы

6B05204 Mетеорология

Білім саласы

6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

6B052 Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының тобы

B052 Жер туралы ғылым

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасы метеорология саласында фундаменталды теориялық білімі және практикалық дағдысы бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған:

-      атмосферада өтетін негізгі физикалық процестер мен құбылыстардың табиғатын түсіндіру;

-      метеорологиялық, аэрологиялық және спутниктік ақпаратты өңдеу және талдау жүргізу;

-      нақты уақытта атмосфераның жай-күйіне мониторингті ұйымдастыру;

-      метеорологиялық шамалардың өрістерін талдауды жүзеге асыру және атмосфералық процестер мен ауа райы жағдайларының дамуын бағалау;

-      әр түрлі алдын ала ауа райы болжамдарын жасау кезінде заманауи әдістер мен техникалық құралдарды қолдану;

-      климаттың заманауи өзгерістерін бағалау;

-      қолайсыз және қауіпті табиғи (гидрометеорологиялық) құбылыстар туралы ескерту жасау;

-      қоршаған ортаның жағдайына әсер ететін метеорологиялық факторларды бағалау және әуе бассейнін қорғау мақсатында оларды есепке алу бойынша әзірленген ұсынымдарды практикада қолдану;

-      авиацияға метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Оқыту тілі

қазақ, орыс

Кредиттердің көлемі

240 академиялық кредит (240 ECTS)

Берілетін академиялық дәреже

«6В05204 - Метеорология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры»

Оқытудың нәтижесі

ON1. жаратылыстану ғылымдарының, физика және математиканың негізгі ережелерін, заңдары мен әдістерін білу негізінде табиғат пен қоғамның дамуы мен қызметінің негізгі заңдылықтарын сипаттау; атмосферада өтетін негізгі физикалық процестердің табиғатын түсіндіру;

ON2. сандық технологиялар, кәсіби терминология, кодтар мен нормативті құжаттарды қолдана отырып, метеорологиялық өлшеулер мен бақылаулардың барлық түрлерін тиімді көрсету, ұйымдастыру;

ON3. тиімді метеорологиялық бақылау желісін құру; метеорологиялық станциялар мен бекеттер желісінің жұмыс сапасын тексеру; қажетті гидрометеорологиялық ақпаратты жинау және оған талдау жүргізу; арнайы метеорологиялық бақылауды ұйымдастыру; метеоақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін практикада қолдану;

ON4. бұлттар мен жауын-шашынның пайда болуының физикалық процестерін түсіндіру және сипаттау; оларды морфологиялық және генетикалық белгілері бойынша жүйелеу; атмосферада түрлі оптикалық және электрлік құбылыстардың пайда болу табиғатын түсіндіру;

ON5. ауа райы болжамдарын құрастыру кезінде қолданылатын сапалы және репрезентативті аэрологиялық, радиометеорологиялық және жерсеріктік мәліметтерді алу үшін заманауи және перспективті атмосфералық зондылау әдістерін қолдану;

ON6. ауа-райы карталарын, барикалық топография карталарын, аэрологиялық диаграммаларды өңдеу және талдау жүргізу; ауа-райы болжамын жасау үшін атмосфералық процестер мен ауа-райы жағдайларының даму ерекшеліктерін анықтау;

ON7. атмосфераның жалпы және мезо ауқымды айналымы үлгілерімен жұмыс және ауа райы болжамдары үшін олардың нәтижелерін түсіндіру;

ON8. әртүрлі күнбұрындылық жағдайына байланысты ауа райы болжамдарын, кәсіби метеорологиялық болжамдарды құрастыру, қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуы туралы ескертулер мен оларды тұтынушыға дейін жеткізу;

ON9. экономиканың түрлі салалары үшін қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды бағалау, олардың пайда болу себептерін түсіндіру және болжам құрастыру;

ON10. климаттың негізгі сипаттамаларын есептеу; климаттың өзгеру үрдістерін диагностикалау және талдау; климаттық жағдайларға жыл сайынғы шолу жасау; ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, климаттың мониторингінің ұлттық өнімін ұсыну;

ON11. қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін метеорологиялық факторларды бағалау және әуе бассейнін қорғау мақсатында оларды есепке алу бойынша әзірленген ұсынымдарды практикада қолдану; нақты уақыттағы атмосфераның жай-күйіне мониторингті, оның ішінде радиолокациялық және спутниктік бақылауларды пайдалана отырып ұйымдастыру;

ON12. метеорологияның заманауи ахуалы мен тенденцияларына аналитикалық шолу құрастыру, жеке тұлғалық мақсаттар мен мотивтерді ескере отырып және ары қарайғы кәсіби өсу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну, топпен жұмыс жасау.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/welcome/bachelor

Академиялық қызмет 

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

-    метеорология ғылым саласындағы жоғары білім аясында қолданылатын нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

-    университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

-    әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және таратумен;

-    университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және болашаққа жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедраның пәннің оқу-әдістемелік кешенімен (ПОӘК) келістіру;

-    оқу үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық ресімдеумен;

-    оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын дайындау және іске асыру.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми бағыттары: әртүрлі кеңістіктік-уақыттық масштабтағы гидрометеорологиялық үрдістердің іргелі және қолданбалы зерттеулерін жүргізу, атмосфера мен мұхиттың өзара әрекеттесуі, қазіргі климаттық өзгерістер заңдылықтарын және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға, су ресурстарын қалыптастыруға әсерін зерттеу; ҚР облыстарын рекреациялық бағалау; табиғи ортаның (атмосфера, мұхиттар, құрлықтың ішкі сулары және т.б.) физика-математикалық үлгілерін жасау және дамыту.); гидрометеорологиялық процестердің болжамдылығын зерттеу және қауіпті және гидрометеорологиялық құбылыстардың болжамдарын қоса алғанда, әртүрлі алдын ала гидрометеорологиялық болжамдардың әдістерін дамыту.

ББ материалдық-техникалық базасы:

-     Құрамына кіретін оқу-зертханалық метеорологиялық орталық:

ü  метеорологиялық өлшеу әдістері зертханасы;

ü  аэрология және радиометеорология зертханасы;

ü  "ауа райы" автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйесі бар оқу метеорологиялық станциясы;

ü  ауа райының оқу бюросы;

ü  атмосфералық мониторинг станциялары, "СКАТ" өлшеу кешені»;

ü  жедел метеорологиялық ақпаратты қабылдау және мұрағаттау орталығы;

ü  синоптикалық мұрағат.

-     Қашықтықтан оқыту орталығы - Дүниежүзілік банктің қолдауымен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Гидрология Аймақтық орталығының көмегімен ашылды.– Климаттық өзгерістер зертханасы.

-     Климат және тұрақтылық бойынша COMSATS орталығы (ОККУ) –

-     Қоршаған орта мониторингі зертханасы.

-     Су ресурстары зертханасы.

-     Географиялық зерттеулерге арналған ГАЖ зертханасы.

-     Геоақпараттық картографиялау зертханасы.

Халықаралық қызмет

3-4 курс студенттері академиялық мобильділік бағдарламасы аясында әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Санкт-Петербург қ., РФ). Адам Мицкевич Познани университеті (Польша), Карлов университеті (Прага қ., Чехия), Валенсия Политехникалық университеті (Испания), ДМҰ аймақтық метеорологиялық оқу орталығы, Ресей Гидрометорталығы (Мәскеу қ., РФ) университеттерімен келісім құрылған.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде білім беру курстарынан өтеді.

Білім сапасын қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық және ұлттық аккредиттеу.

Аталған білім бағдарламасы «ACQUIN» агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өткен, аккредитация 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды. ҚР жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларының АРТА және БСҚБТА рейтинг нәтижелері бойынша ОБ бірінші орындарға ие.

 

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

-     «Казгидромет» РМК;

-     «Қазаэронавигация» РМК;

-     «География және су қауіпсіздігі институты» ЖШС;

-     Ғарыштық зерттеулер институты «ҒЗИ академик ө. М. Сұлтанғазин», АҚ «ҰҒЗМТО»;

-     «Ионосфера институты» ЕЖШС;

-     «Жасыл-Даму» АҚ;

-     «КАЗМЕХАНОБР» ЕМК;

-     «Қазселденқорғау» ММ;

-     Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі ЖШС («КАПЭ» ЖШС»);

-     «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы»;

-     «КазЭкоПроект» ЖШС;

-     Теңіз мұнай-газ кен орны;

-     Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны.