6В05206 - Табиғи-техногендік қауіпті-қатерлер

Название ОП

6В05206 - Табиғи-техногендік қауіпті-қатерлер

Білім беру саласы

6В05- Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика

Даярлау бағыты

6В052- Қоршаған орта

ББ бағдарламаның тобы

B052 Жер туралы ғылым

Мақсаты

Табиғи және табиғи-техногендік құбылыстар мен процестерді талдау және бағалау үшін ғылыми ақпаратты пайдалануға, туындайтын табиғи қатерлердің мәнін анықтауға, инновациялық әдістер мен технологиялар негізінде олардың даму динамикасын болжауға және модельдеуге қабілетті география ғылымы саласында білікті мамандарды даярлау.

Оқыту тілі

Казахский, русский, английский

Кредиттер көлемі

240 академических кредитов

Берілетін академиялық дәрежесі

Бакалавр

ББ күтілетін оқыту нәтижелері

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер мыналарды білуі керек:

1. Реферат, ғылыми еңбектер, картографиялық суреттер негізінде зерттелетін мәселе бойынша аналитикалық шолулар мен экономикалық болжамдарды дайындау үшін кешенді география және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттерін талдау;

2. Табиғат процестері мен құбылыстарының дамуындағы климаттық, топырақ-гидрологиялық және биологиялық факторлардың рөлін, сонымен қатар олардың табиғи кешендегі байланысын анықтау үшін Жердің географиялық қабығы туралы теориялық білімге ие болу.

3. Әл-Фараби мен Абайдың табиғи-құқықтық ілімінің негізінде жатқан этикалық және экологиялық принциптерді адамның шаруашылық қызметін бақылауды, жоспарлауды және антропогендік кешендердің қалыптасуын реттеуде пайдалану.

4. Аймақтық әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде табиғатты ұтымды пайдалануды экологиялық бағалау және табиғатты қорғаудың кешенді схемасын жасау үшін география ғылымы салаларының табиғи ресурстарды пайдаланудағы рөлін анықтау;

5. Геожүйелерді модельдеу кезінде пәнаралық білім мен картографиялық зерттеу әдістерін біріктіре отырып, қашықтықтан зондтау және ГАЖ технологиясын пайдалана отырып, табиғат құбылыстарының дамуын бақылау;

6. Зерттеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, экологиялық қауіп пен зардаптарды бағалау үшін қауіпті табиғи және техногендік құбылыстар мен процестерден қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу;

7. Геоақпараттық технологиялар негізінде геодинамикалық процестердің, табиғи және техногендік жүйелердің дамуын бақылау, болжау және картасын жасау үшін қашықтықтан зондтау деректерін жинау, сақтау, өңдеу және беру бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу;

8. Геожүйелерді   компоненттік және жүйелік талдау негізінде экзогендік және эндогендік процестердің дамуын бағалау және болжау үшін   жер бедерінің және табиғи кешеннің қалыптасу заңдылықтарын пайдалану;

9. Цифрлық технологиялар мен қашықтықтан зондтау деректері негізінде мәліметтер қорын құру үшін ғаламдық және жергілікті желілерде ақпаратты іздеу және алмасу әдістерін қолдана отырып, ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету дағдыларын көрсету.

10. Қатерлер мен геоэкологиялық проблемаларды азайту бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін, сондай-ақ қолайсыз табиғи техногендік процестер мен құбылыстарды   экологиялық бағалау;

11. Геоақпараттық картаға түсіру негізінде төтенше жағдайлар мен экологиялық тәуекелдерге әкелетін табиғи қауіптер мен процестердің дамуын талдау

12. ГАЖ ортасында ақпаратты, кеңістіктік деректерді іздеу, сыни талдау және синтездеу және төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмір сүруіне қауіпсіз жағдай жасау;

Талапкерлер үшін

 

Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

- география ғылымдары саласындағы жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісу;

-оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді Құжаттамалық ресімдеумен;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін факультетте келесі зертханалар бар::

- «Геоақпараттық картографиялау» зертханасы

- «Арақашықтан зондтау» зертханасы

- «Геодезия және картография» зертханасы

Картография және геоинформатика кафедрасының ғылыми бағыттары:

- Геоақпараттық картографиялау;

- Табиғи және техногендік каупті-қатерлер;

- Геодезия;

– Геоморфология және жер қыртысының геодинамикасы;

- Геоинформатика;

Халықаралық қызмет

 

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)