6B11101 – Туризм
Білім беру бағдарламасы |
6B11101 – Туризм |
Білім саласы |
6В11 Қызмет көрсету |
Дайындық бағыты |
6B111 Қызмет көрсету саласы |
Білім беру бағдарламаларының тобы |
B091 Туризм |
БББ мақсаты |
Туризм индустриясында жұмыс істеу үшін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті, көптілді, бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау. |
Оқыту тілі |
қазақ / орыс / ағылшын |
Кредиттердің көлемі |
240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже |
«6B11101 – Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету бакалавры |
Оқытудың нәтижесі |
ON 1: Туризм теориясы мен әдіснамасы негіздерін, ЮНВТО халықаралық конвенциялары мен құжаттарының ережелерін, арнайы ақпаратпен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын меңгерген. ON 2: Туризм және қонақжайлылық саласындағы нормативтік-заңнамалық базаны, салалық контексте аумақтық ұйымдастыру және экономикалық қатынастардың негіздерін біледі. ON 3: Кәсіби қызметте заманауи техникамен, компьютерлік бағдарламалармен, интернет-технологиялармен, GDS жұмыс істеу әдістері мен дағдыларын қолданады. ON 4: Туризм және қонақжайлылық ұйымдардың кәсіпорындарының материалдық, қаржылық және өзге де ресурстарға қажеттілігін есептейді. ON 5: Серіктестік желіні қалыптастыру және қолдау үшін туристік нарықты зерттеу әдістерін және сыртқы орта субъектілерімен өзара іс-қимыл тәсілдерін қолданады. ON 6: Туризм және қонақжайлылық өнімдері мен қызметтерін жылжыту және сату үшін маркетингтік зерттеу әдістерін қолданады. ON 7: Командаға басшылық жасайды, туристік жобаны іске асыру бойынша оның жұмысының тиімділігін бағалай отырып басқарады. ON 8: Туризм және қонақжайлылық кәсіпорындарының тур өнімдері мен қызметтерінің сатуды және жылжытуды қамтамасыз етеді. ON 9: Туроперейтинг, жобалау, турөнімді құру, Интернет-технологиялардың негіздерін меңгерген. ON 10: Туризм және қонақжайлылық кәсіпорындарының корпоративтік мәдениетін қолдайды, қызметкерлерді іріктеу мен бейімдеуге, жанжалдардың алдын алуға және жоюға қатысады. ON 11: Туризмді және интернет-технологияларды аумақтық ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері негізінде кәсіби проблемаларды және міндеттерді шешеді. ON 12: Кəсіби қызметтегі тұлғааралық жəне мəдениаралық өзара іс-қимыл мəселелерін шешуге арналған ұстанымды терең негіздеу арқылы қарым-қатынас жасай алады. |
Оқуға түсушілер үшін |
|
Академиялық қызмет |
ОБ-ның оқу қызметі жүзеге асырылады:қызмет көрсету саласындағы жоғары білім беру қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар шеңберінде;университетте оқу-әдістемелік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру нәтижесінде;әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік құқықтық актілерді талдау және тарату;университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымды және перспективті жоспарлау; кафедрағы пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) нормативтік құқықтық актілерге, жұмыс оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкестігін үйлестіру;оқу үдерісінің оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау, нәтижелерін құжаттау;оқу материалдарын әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын әзірлеу және енгізу |
Ғылыми қызмет |
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте:мамандандырылған туризм кеңсесі;далалық экспедициялық зерттеулерге арналған арнайы туристік жабдықтар мен құрал-саймандар;мамандандырылған сынып/зертхана GDS «SABRE»;ГАЖ зертханасы;тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар байланыс және техникалық жабдық.Рекреациялық география және туризм кафедрасының ғылыми бағыттары:Рекреациялық география және туризмді аумақтық ұйымдастыру;Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің негіздерін қалыптастыру және тұжырымдамасын әзірлеу;Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелеріне туристік және рекреациялық жүктемелерді бағалау;Агротуризмді дамыту мен аумақтық ұйымдастырудың географиялық негіздерін жасау;Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру;Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы цифрлық инновацияларды ғылыми қамтамасыз ету;Кәсіби туристік білім беру саласындағы инновациялық технологиялар. |
Халықаралық қызмет |
Академиялық ұтқырлық серіктес университеттермен, соның ішінде шетелдік университеттермен, атап айтқанда Я.Кодолани қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия), Анадолы университеті және Анкара университеті (Түркия), Белгород мемлекеттік университеті, Орал Федералды университеті, Санкт-Петербург университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РУДН (Ресей), Гонконг политехникалық университеті (ПолиЮ) (Қытай) және т.б. тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан университеттерімен туризм бойынша қосалқы альянс аясында академиялық ұтқырлық мүмкіндігі бар. Жібек жолы елдері (Сиань, Гонконг, Самарқанд, Алматы), TedQual.UNWTO (әлемдегі 80-нен астам жетекші мамандандырылған университеттер) бағдарламасына қатысушылардың желілік бағдарламалары, MEVLANA, Erasmus+ халықаралық бағдарламалары және т.б. |
Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс) |
Халықаралық аккредиттеу, ұлттық аккредиттеу. |