6B03208 Сандық архивтану және құжаттану

Білім беру бағдарламасының атауы

6B03208 Сандық архивтану және құжаттану

 

Білім саласы

6B03 Социальные науки, журналистика и информация

Дайындық бағыты

6B032 Журналистика және ақпарат

Білім беру бағдарламаларының тобы

B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

БББ мақсаты

Мақсаты-IT білімі бар мамандардың қажеттілігін ескере отырып, ЭҚЖ архитектурасын әзірлеу, электронды құжат айналымын басқару, сандық архивті құру дағдыларын, архивтерді электронды ортада жасалған құжаттармен толықтыру, олардың құндылығын сараптау, архивтік есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық технологияларды қолдана отырып құжаттарды сақтау жөнінде білімдерді меңгерген құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі саласында жоғары білікті кадрларды даярлау.

Оқыту тілі:

орыс, қазақ, ағылшын

 

Кредиттердің көлемі:

240

Берілетін академиялық дәреже: 

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

 

ON-1 Архивтану, оның ішінде шетелдік архивтану, құжаттану, архив ісінің теориясы мен тәжірибесі, археография салаларындағы кәсіби қызметке қажетті іргелі білімдерін көрсету;

ON-2 технологиялар (смарт технологиялар, мобильді қосымшалар) саласындағы базалық білімді пайдалану; деректер базасын құру және Интернет ресурстарын пайдалану; құжаттарды жасау және өңдеу үшін технологияны, бағдарламалық қамтамасыз етуді және форматты таңдау.

ON-3 Әртүрлі деңгейдегі архивтерді электронды құжаттармен толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; электронды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, сараптамалық қорытынды жасау.

ON-4 Электронды құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру, электронды құжаттардың бар болуын, физикалық және техникалық жай-күйін тексеруді жүргізу, архивтік аутсорсингтің жұмыс істеуін ұйымдастыру, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру.

ON-5 Мекеменің электронды архивтер тұжырымдамасын әзірлеу, жобалау және құру; электронды архивтерді тіркеуді жүзеге асыру; тәжірибелік қызметте электронды құжаттарды басқару принциптерін қолдану.

ON-6 Электронды құжат айналымы жүйесі шеңберінде құжаттандыруды және құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, қазіргі заманғы ЭҚЖ арқылы автоматтандырылатын міндеттер мен процестердің сыныптарын талдау; негізгі функционалдық кіші жүйелерді және олардың кешенді ЭҚЖ шеңберіндегі өзара іс-қимылын сипаттау; электронды құжат айналымы жүйелерінде жұмыс жүргізу.

ON-7 Электронды архивтердің есепке алу және ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесін құру, архив ісінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, архиваралық, қораралық және қорішілік деңгейде құжаттық ақпаратты іздеуді жүзеге асыру; құжаттардың электронды (виртуалды) көрмелерінің ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу, архивтік құжаттардың интернет көрмелерін ұйымдастыру.

ON-8 Архив ісінің ақпараттандыру үдерісін түсіндіру, микрофильмдеу және цифрлау үшін өшіп бара жатқан мәтіндері бар құжаттарды анықтау, қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды, фотоқұжаттарды, фоноқұжаттар мен бейнеқұжаттарды цифрлау технологияларын және құрылғыларын таңдауда бағдарлану; ұйымдарда құжаттау процестерін цифрландыру бойынша тәжірибелік міндеттерді шешу.

ON-9 Архивтік менеджмент пен маркетинг және персоналды басқару саласындағы мәселелерді шешу үшін бағдарламалық жасақтаманы қолдану, ұйымдағы ақпараттық ресурстарды жіктеу, архивтік менеджмент және персоналды басқару саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін кеңсе бағдарламаларымен жұмыс жасау.

ON-10 Архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуде автоматтандырылған жүйелерді енгізу және пайдалану, БҚҚ және архив ісінің қолданбалы міндеттерін шешу үшін Интернет ресурстары мен деректер қорын пайдалану.

ON-11 Ғылыми зерттеулерде технотронды құжаттарды пайдалану; аудиовизуалды және электронды құжаттарға деректанулық талдау жүргізу; электронды жарияланымдарды, деректер базасын және басқа да ғылыми-білім беру ресурстарын құру.

ON-12 Кәсіби қызметте философия, әлеуметтану, саясаттану, экология, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалану; тиісті коммуникациялық технологиялар мен коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, коммуникативтік үдерісті сауатты құру; іскерлік ауызша және жазбаша тілді логикалық дұрыс, дәлелді және анық құру, дұрыс, адамгершілік-жауапты шешімдерді өз бетінше қабылдау.

 

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1451