6B02205 Тарих

Білім беру бағдарламасының атауы

6B02205 Тарих

Білім саласы

6B02 Искусство и гуманитарные науки

Дайындық бағыты

6B022 Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

B034 Тарих және археология

БББ мақсаты

Бағдарлама білім беру және ғылым, әлеуметтік-мәдени және мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби қызметінде жүйелі тарихи білім берудің инновациялық тәсілдерінің негізінде мамандардың құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту тілі:

орыс, қазақ, ағылшын

 

Кредиттердің көлемі:

240

Берілетін академиялық дәреже: 

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

 

ON-1 Әлеуметтік-этикалық құндылықтары мен қоғамдық-құқықтық қатынастардың жеке адамның жалпы мәдениеті мен әлеуметтенуіне ықпал етуін түсіндіру, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және төтенше жағдайлар кезінде, әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерге талдау жасау, қоғамдардың жалпы тарихи даму логикасын ашу;

ON-2 Тарих саласындағы тұжырымдамалық және терминологиялық аппараттарды пайдалану, тарихи дереккөздермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндердің әдістері; теориялардың мәнін айшықтау; тарихи білім және тарихи үдеріс, тарих ғылымының әдістерінің мәнін түсіну;

ON-3 Тарихтағы әдістемелік тәсілдердің мазмұнын негіздеу, ең маңызды құбылыстардың мазмұны мен заңдарын, ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихи кезеңдерін талдау;

ON-4 Қоғамның эволюциялық дамуындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени процестерді түсіндіру; Еуропа, Америка және Орталық Азия елдерінің ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі заманғы тарихының тарихи үдерістерін талдау және тарихи оқиғалардың аймақтық және локалды ерекшеліктерінің байланыстарын белгілеу;

ON-5 Тарих ғылымындағы тенденциялар мен ғылыми мектептердің дамуындағы тарихнамалық үрдістерді бағалау; тарихи шынайылықты бағалау және сипаттау үшін тарихи дереккөздерді қайта қарау;

ON-6 Тарихи оқиғаларды сипаттауда дереккөздерді (материалдық, жазбаша) талдаудың жалпы және нақты әдістерін анықтау; ұлттық және әлемдік тарихтың ортақ   оқиғалары мен себептерін сыни түрде бағалау; аймақтың, елдердің тарихи дамуындағы негізгі үдерістерді айқындау;

ON-7 Тарихи оқиғалардың имитациялық үлгілерін компьютерлік модельдеу және тарихи-мәдени, өлкелік мекемелердің, ұйымдарға қатысты аспектілерін ақпараттық қолдау;

ON-8 Әлеуметтік-мәдени жобалар бойынша сараптамалық пікір қалыптастыру және тарихи байланысты талдау, әлеуметтік-экономикалық контексті   ақпараттарды талдау және құрылымдаудың түрлі әдістерін қолдану;

ON-9 Білім берудің негізгі мақсаттарын табысты шешудің әдістемелік шарттарын анықтау, оқыту тұжырымдамасын әзірлеу және дайындау және нәтижеге жету бойынша топтың жұмысын ұйымдастыру;

ON-10 Мекемелер мен бірлестіктер қызметіне тарихи-мәдени және өлкетанушлық аспектілермен ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, аймақтың тарихи-мәдени және табиғи әлеуетін анықтауда қолданылатын тәсілдер, тарихи ескерткіштерді сақтау мен заңнамалық қорғау негізін білу;

ON-11 Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының шешімдер қабылдау үшін тарихи контексті ескере отырып, аналитикалық ақпаратты бағалау; ақпараттық-аналитикалық орталықтардың, қоғамдық және саяси ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тарихи және әлеуметтік-саяси аспектілерін дамыту; мәдени және білім беру жобаларын әзірлеу және енгізу;

ON-12 Әріптестермен және басқармамен кәсіби қарым-қатынас орнату; өздерінің кәсіби мақсаттарында әлеуметтану, экономика, психология бойынша сабақтас ғылымдар туралы мәліметтерді пайдалану; жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, стандартты емес жағдайларға бейімделу, командада жұмыс істеу.

 

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/welcome/magistr