7M01602 Тарих және география

Білім беру бағдарламасының атауы 

7M01602 Тарих және география

Білім саласы

7M01 Педагогические науки

Дайындық бағыты

7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

M016 Тарих педагогтерін даярлау

БББ мақсаты

«Тарих және география» шектес саласында жоғары білікті, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде тарихи-географиялық пәндерді оқытуды ең жаңа ғылыми тұжырымдамалар негізінде, тарихи даму барысында қоғам мен географиялық ортаның өзара ықпалдастығы ерекшеліктерін түсіну негізінде қамтамасыз етуге қабілетті;   пәнаралық зерттеулерде тарихи-географиялық таным тұрғысынан ғылыми мәселелерді шеше алатын; классикалық және инновациялық оқыту әдістері негізінде білім беру үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін; одан арғы оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінде өз бағдарламасын жасай алатын мамандар дайындау.

Оқыту тілі:

орыс, қазақ, ағылшын

 

Кредиттердің көлемі:

120

Берілетін академиялық дәреже: 

Магистр

Оқытудың нәтижесі

 

ON-1 Жалпы білім беретін, орта арнаулы білім мекемелерінде және жоғары білім беру мекемелерінде замануи педагогикалық және методикалық білім негізінде тарихи-географиялық инновациялық білім беру методикалары мен технологияларын жасау;

ON-2 Оқыту процесінде дифферентивті оқыту, коммуникативті-сұхбаттық, модульдік және жобалық қызмет технологияларын қолдану; ГАЖ технологиларын қолдану; білім беру үдерісінде оқытудың техникалық құралдарын, ақпараттық және компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану;

ON-3 Жоғары кәсіби білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын бітірушінің біліктілік үлгісі, мемлекеттік білім стандарттары және заманауи тәсілдер жүйесі (модульдік, тұлғаға бағдар ұстаған) негізінде жобалау; ЖОО-да сабақтың интерактивті формаларын ұйымдастыру, методикалық құралдар, балау құралдарын жасау, студенттердің оқуға ынталандыру мотивтерін қалыптастыру;

ON-4 Экологиялық білім беру бойынша бейімделген бағдарламалар және тиісті оқу-методикалық материалдар дайындау, соның ішінде экологиялық білім берудің оқыту методикасы бойынша оқу құралдарын қоса, білім алушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, көзқарастар мен сенімдер қалыптастыру;

ON-5 Кішікомплектілі мектептерде жұмыс жүргізуде білікті болу, экстернатта жұмыс жүргізу ерекшеліктерін білу; ККМ оқыту методикасы бойынша бейімделген бағдарламалар және тиісті оқу-методикалық материалдар жасау, ККМ тиімді оқыту технологияларын таңдау

ON-6 Білім беру басқармасының ЖОО және орта арнаулы білім беру мекемелері оқытушыларының біліктілігін арттыру жүмысын жақсарту, оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар жасау; қашықтықтан оқыту түрлерін қолдану және әзірлеу;

ON-7 орта арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарында білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және тәжірибеде жүзеге асыру бағдарламаларын білікті зерттеу және сараптамалық бағалауды жүргізу;

ON-8 Өлкетану, көптілді білім беру салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге қабілетті болу;

ON-9 Қосалқы тарихи және географиялық пәндер әдіс-тәсілдерін, пәнаралық зерттеу методологиясын тарихи карталар жасауда қолдану;

ON-10 Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтарының даму бағдарламасын, олардың қазіргі әлеуметтік, демографиялық және экономикалық әлеуетін ескере отырып жасау; елдегі өндіріс пен қызмет көрсету саласына жұмыс күшін тартуға кедергі келтірушы факторларды түсіндіру;

ON-11 Сакралды нысандар картасын жасау, Орталық Азияның сакралды географиясы бойынша жинақталған материалдар негізінде Орталық Азияның киелі орындарына туристік бағдарламалар жасау; ғылыми қызметкерлермен, туристік және білім беру мекемелерімен және жұртшылықпен байланыс жасау; экскурсиялық әдістемені меңгеру, ғылыми-танымдық, туристік-экскурсиялық бағыттар бойынша экскурсиялық мәтіндерді әзірлеу;

ON-12 Әріптестерімен және басшылармен кәсіби қарым-қатынас жасау; ерекше жағдайларға бейімделе білу; тұлғалық коммуникативтік ресурстарды, жаңа коммуникативтік технологияларды ықпалдастыру.

 

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/welcome/magistr