7M02213 Ұлттық тарих

Білім беру бағдарламасының атауы

7M02213 Ұлттық тарих

Білім саласы

7M02 Искусство и гуманитарные науки

Дайындық бағыты

7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

M053 Тарих және археология

БББ мақсаты

Стамбул университетімен қос диплом білім беру бағдарламасының мақсаты – ұлттық тарих пен түрік және қазақ мемлекеттілігінің саяси, құқықтық, рухани және идеологиялық сабақтастығының байланыстырушы буыны бола алатын, ғылыми зерттеулерді дербес ұйымдастыра білетін, тарихи таным тұрғысынан тарих ғылымы саласындағы ғылыми мәселелелерді, жаңа ғылыми тұжырымдар, олардың қатарында тарихи, әлеуметтану, этнографиялық, мәдениеттану мәселелерімен ғана шектелмейтін, қазіргі таңда теориялық, методологиялық, гносеологиялық аспектілерді де дамыту, негізінде ЖОО-да тарих пәндерін оқытуды қамтамасыздандыратын, заманауи қоғамның даму перспективалары мен олардың қоғамның дүниетанымдық бағдарламаларының қалыптасуына әсерін бағалай білетін, заманауи ақпараттық технологияларда қолдану арқылы библиографиялық жұмыстарды атқара алатын, тарихи деректердің бастаулары нәтижелерін сыни тұрғыдан өндей алатын, ғылыми ізденістердің қорытындыларын магистірлік диссертациялар мен ғылыми баяндамаларға бейімдей алатын ғылыми-педеагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.

Оқыту тілі:

қазақ, ағылшын

 

Кредиттердің көлемі:

120

Берілетін академиялық дәреже: 

Магистр

Оқытудың нәтижесі

 

ON-1 ұлттық мемлекеттің этникалық, этномәдени және демографиялық процестерін зерттеу принциптерін тұжырымдау және алынған білімді біріктіру және танымдық және кәсіптік қызметте ғылыми тұжырымдаманың ерекшеліктерін түсіндіру;

ON-2 ұлттық тарих пен түркі мұрасын зерттеуде эвристикалық зерттеу моделін қолдана отырып, «жаңа тарихи ғылымда» қалыптасқан жаңа көзқарастар мен пәнаралық көзқарастарды құру әдістерін қолдану перспективаларын құру;

ON-3 жалпы түркі тарихы саласындағы ғылыми көзқарастар мен негізгі бағыттарды талдау және салыстыру, әлеуметтік-экономикалық, саяси, конституциялық және құқықтық дамудың іргелі мәселелерін зерттеудің жаңа тәсілдерінің мәнін түсіндіру;

ON-4 ғылыми зерттеулерді жоспарлауды, оның ішінде зерттеу тақырыбымен, мақсаттың негіздемесін, зерттеу міндеттері мен тарихи зерттеулердің әдістерін және түркі мұрасын зерттеуде нақты логикалық-математикалық әдістерді қолдануды жоспарлауды;

ON-5 тарихи зерттеу әдістерінің эволюциясы мен түрленуін талдау және түркі халықтарының тарихында пәнаралық әдістерді қолдану стратегиясын ажырата білу;

ON-6 түркі мұраларын тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, этникалық, мәдени, діни ерекшеліктерін ескере отырып, сыни тұрғыдан талдап, бейімдеу;

ON-7 алған білімдерін ұлттық тарих ғылымын дамыту және стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу үшін біріктіру, негізгі тарихи проблемаларды, зерттеу әдістерін зерттеу мен жүйелеумен байланысты мәселелерді саралау;

ON-8 түркі тарихи кеңістігіндегі аналитикалық және зерттеу орталықтарының, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының практикалық қызметін қамтамасыз ету үшін ақпаратты дайындау және өңдеу үшін сараптамалық және аналитикалық дағдыларды қолдану;

ON-9 қазіргі заманғы зерттеу тәжірибелері мен оларды ұлттық тарих салаларында қолдану перспективалары туралы жүйелі түсінуді көрсетеді.

ON-10 ұлттық тарихтың, түркі және қазақ мемлекеттілігінің саяси, әлеуметтік және рухани-идеологиялық сабақтастығының кәсіби саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

ON-11 кәсіби байланыстарды құру және кәсіби қарым-қатынасты, соның ішінде ағылшын, түрік және басқа да тілдерде сөйлеу тәсілдерін игеру дағдыларын қолданады және түркі тарих ғылымының дамуы мен қайта құрудың перспективалары мен мүмкіндіктерін анықтайды.

ON-12 зерттеу процедуралары мен түркі тарихын дүниежүзілік білім беру жүйесіне біріктіру әдістерін және ұлттық тарих бойынша өзіндік ғылыми зерттеулерді игеру;

 

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/welcome/magistr