7М04144 – Ақылды қала

Название ОП

7М04144 – Ақылды қала

Область образования

7М04 - Бизнес, басқару және құқық

Направление подготовки

7М041- Бизнес және басқару

Группа образовательных программ

М070 - Экономика

цель

«Ақылды қала» білім беру бағдарламасының мақсаты - цифрландыру және ақылды қала тұжырымдамасын іске асыру мен педагогика жағдайында қала дамуының экономикасы мен оны басқару саласында жүйелік талдау және бизнес, ғылыми орта мен мемлекет арасындағы тұрақты байланыста АТ-кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау арқылы инновациялық экономикалық жүйенің қызметін ұйымдастыру дағдыларын иеленетін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.

Язык обучения

Қазақша, орысша

Объем кредитов

120 академиялық кредит

Присуждаемая академическая степень

«7М04144 – Ақылды қала» білім беру бағдарламасы бойынша магистр ғылымы

Результаты обучения

Білім беру нәтижелері:

  1. -экономикалық, қаржылық мәселелерді шешу жолдарын анықтау үшін ақылды қаланың отандық және шетелдік экономикасын қатысты, түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы бизнес құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сыртқы экономикалық қауымдастықтардың, аймақтық сыртқы сауда бірлестіктері қызметтерінің әртүрлі аспектілеріне байланысты талдау жұмыстарының әдістерін қолдану.
  2. қолайлы жағдайлар жасау және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жеке бастамалар мен қала қызметтері ресурстарының өзара әрекеті мен байланысы негізінде қалалық инфрақұрылымды жақсарту, урбанизацияланған аймақтарды жасау арқылы азаматтарға ыңғайлы қалаларды құру үшін белгілі жағдайларды жүзеге асыруды жоспарлап, қамтамсыз ету.
  3. статистикалық, салық және қаржылық есептілікті салыстыру және түсіндіру.
  4. жобалық-инвестициялық шешімдерді қабылдаудың экономикалық салдарын анықтау және болжау үшін қала өмірін жақсартудың тиімді бағыттары мен инновациялық жобаларын таңдау, оны бейімдеу және әртараптандыру. Қаланың жағдайын жақсарту үшін инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және енгізу.
  5. Экономикалық өсудің жалпы сипаты ретінде және экономикалық дағдарыстардың «пайда болу» механизмі ретінде цикл табиғатын сыни тұрғыдан бағалау.
  6. Негізгі бизнес мәселелерді шешу үшін математикалық әдістер мен модельдерге негізделген деректерді интеллектуалды талдауды қолдану. Пәндік саланы талдау, мақсатын анықтау, машиналық оқыту жүйесін құрудың әдістері мен құралдарын таңдау.
  7. Экономика-математикалық модельдерді қолдана отырып, қала экономикасының өсуін немесе төмендеуін түсіндіру үшін статистикалық мәліметтерді бағалаумодель, және қауіптер мен тәуекелдерді жою, әлсіз жақтарды нығайту және оңтайлы тиімді артықшылықтарды сондай-ақ кадр әлеуетін және материалдық ресурстарды жақсарту бойынша жол картасын әзірлеу және жалпы қаржылық-экономикалық жағдайды жақсарту әдістері мен шараларын анықтау, сәйкестікке қол жеткізу үшін статистикалық деректердің сенімділігі мен сенімсіздігі гипотезаларына негізделе жасалған өсу моделін бағалай отырып, Қазақстан Республикасының және оның қалаларының жағдайын болжау үшін сызықтық функцияны құру арқылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша статистикалық іріктемені талдау және қорытындылау.
  8. Экономика мен IT технологиялар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсете отырып, инновациялық экожүйелерді құру. Тәуекелдерді бағалау және жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің мәнін болжау үшін PERT-талдауын қолдана отырып, IT жобасын жасау. Электрондық сауда туралы білімдеріңізді кеңейту.
  9. Әр түрлі деңгейдегі экономикалық жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын анықтау үшін сандық және сапалық бақылаулардың мәліметтерін қолдану.

10.  Қала өмірінің барлық салаларында технологияларды қолдану және талдау, виртуалды, толықтырылған және аралас шындықтың үлкен деректері мен технологияларын, жаңа коммуникациялық технологиялар мен заттар интернетін, блокчейнді кеңінен қолдануды талдау, адам-машинаның жаңа интерфейстерін жүйелеу және қауіпсіздік технологиялары, соның ішінде киберқауіпсіздік, компьютерлік модельдеуді, 3D сканерлеуді және пилотсыз көлік құралдары мен ақылды роботтарды қолданау.

11.  Отандық және шетелдік зерттеушілердің алған нәтижелерін жалпылау және бағалау, дұрыс қолдану, әртүрлі экономикалық құбылыстарға олардың анықтамаларын беру, отандық және кеңістіктегі экономиканың өзекті ғылыми әлеуметтік-экономикалық мәселелерін білу, анықтау және зерттеу жүргізу, жаңа білім алу мақсатында таңдалған ғылыми зерттеу тақырыбының теориялық, әдістемелік және практикалық маңыздылығын қарастыру.

12.  Болжамдық модельді, қаланың экономикалық қызметін жақсарту мәселелерін шешу үшін ақылды қаланы дамыту тұжырымдамасын, болжау моделдерін енгізу немесе қолдану туралы көзқарастарыңызды дәлелдеу. Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды есепке ала, мемлекет пен қаланың тарихи мұраларын қабылдай отырып, өздерінің кәсіби қызметі саласында ұжымды басқару. Қажетті нәтижені алу үшін әңгімелесушіге ақпараттарды дұрыс жеткізу қабілетін, коммуникативті дағдыларды, төзімділікті, көпшілік алдында сөйлеуді, заңнамаларды сақтауды, байланыс орнатуды, зейін қоюды, белсенді тыңдау қабілеттерін көрсету.

Для абитуриентов

Welcome.kaznu.kz (ссылка на соответствующую программу в welcome.kaznu.kz

 

Дальше в каждой ОП должны быть следующие вкладки:

- Академическая деятельность

- Научная деятельность

- Международная деятельность

- Обеспечение качества (Аккредитация, рейтинг, работа с работодателями)

Кадрлық потенциалы:

"Экономика" кафедрасында 37 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 5 ғылым докторы (4 - профессор атағына ие), 10 ғылым кандидаты және 8 PhD. Кафедра бойынша ПОҚ дәрежелілігі 80% құрайды. Докторанттарды дайындауға қатысатын ПОҚ арасында 1 ҚР ҰҒА академигі бар.

 

Тәжірибе базасы:

«Ғылыми Ордасы» ҒЗИ, «САНДЖ» Ғылыми-зерттеу орталығы, КазҰУ Технопаркі, Экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстар орталығы, Автономды кластерлік қордың «Инновациялық технологиялар паркі»

 

Академиялық мобилділік

Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Магистранттар Ресей Федерациясындағы екі дипломдық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алады. Келесі университеттермен «Экономика» мамандығы бойынша ҚазҰУ арасындағы ғылыми ынтымақтастық және қос дипломды білім беру туралы келісім жасалды:

-   ХДРУ, Мәскеу, Ресей;

-   Новосибирск университеті, Ресей,

-   Орал федералды университеті, Ресей,

-   Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Ресей

-   Ла Сапиенца университеті, Италия

-   Варшавада (Польша) басқару және экология университеті

-   Падуя университеті, Италия.

 

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар)

Кафедрада Ph.D Жупарова А.С. жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АР05131314 «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық өндірістерді қаржыландырудың тиімді үлгілерін қалыптастыру» жобасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі №0118РК00737 іске асырылады.