7M04146-Мемлекеттік басқару

БББ атауы

7М04146 – Мемлекеттік басқару

Білім беру саласы

04 - Бизнес, басқару  және құқық

 

Оқыту бағыты

041 - Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

7М041

БББ мақсаты

 «7М04146 - Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты аналитикалық және практикалық дағдылардың кең спектріне ие жоғары білікті басқарушыларды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының миссиясы отандық және халықаралық еңбек нарығында мемлекеттік басқару саласының бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарын  дайындау. Бағдарлама түлектері басқару саласындағы теориялық біліммен қатар, мемлекеттің тұрақты дамуы жағдайында және дағдарыс кезеңінде басқарушылық шешімдерді қабылдаудың әдістерін толық меңгере алады

Оқыту тілдері

Қазақ/орыс/ ағылшын

Кредит саны

35 кредит

Берілетін академиялық дәреже

«7М04146 - Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі

Оқытудан күтілетін нәтижелер

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесі қабылеттерге ие болады:

1.   Заңнама талаптарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына және тиімді қызметіне байланысты  мемлекеттік басқарудың негізгі мәселелері жөнінде білім мен біліктілігін  көрсету;

2.   Мемлекеттік басқару саласындағы жетекші және балама теорияларды, тұжырымдамалар мен модельдерді түсіну;

3.   Әлеуметтік маңызы бар мақсаттар қоя білу, сол мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдайлар жасау, барынша ықтимал нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты ұйымдастыруды қоса алғанда, қоғам мен мемлекет мүддесін есекере отырып, стратегиялық басқаруды жүзеге асыру;

4.   Бюджет секторы салалары мен жекелеген ұйымдар экономикасының жай-күйін талдау, дайындалатын немесе қабылданған шешімдердің тәжірибедегі экономикалық салдарларын алдын ала айқындау;

5.   Мемлекеттік басқару деңгейінде басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесінде инновациялық технологияларды пайдалану;

6.   Мемлекеттік органдардың жай-күйі мен даму перспективаларын талдау мен бағалау негізінде олардың тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау процесін сипаттау;

7.   Экономикалық, әлеуметтік, саяси ортаның жай-күйін, мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелердің, саяси партиялардың, қоғамдық-саяси, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметін талдау;

8.   Басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру кезінде жүйелі талдау нәтижелерін қорыту және мемлекеттік органдардағы проблемалық жағдайларды анықтау;

9.   Мемлекеттік және коммуналдық мүлікті басқару, бюджеттеу және мемлекеттік активтердің құрылымы бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негізгі экономикалық әдістерді қолдану;

10.       Қазақстанның мемлекеттік басқару органдары қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін ынталандыру қағидаттары мен әдістерін тәжірибеде қолдану.

Абитуриенттер үшін

Welcome.kaznu.kz (ссылка на соответствующую программу в welcome.kaznu.kz

Академиялық қызмет

БББ академиялық қызметін жүзеге асырады:

- экономикалық ғылымдар саласындағы және жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік құқықтық актілерді қорыту және тарату;

- университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау, кафедраның пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) нормативтік құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламасына сәйкестігін үйлестіру;

- оқу үдерісінің оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау, нәтижелерін құжаттау;

- оқу материалдарын әзірлеу, жұмыс оқу жоспарын әзірлеу және енгізу.

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ЭжБ жоғары мектебінде келесі ғылыми орталықтар бар:

Менеджмент және бизнес-білім беру орталығы

Есепке алу, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттер орталығы 

"Ислам қаржысы және қаржы талдаушылары" орталығы

Биржалық технологиялар орталығы

Кәсіпкерлік және инновациялар орталығы 

БББ 7М04146-Мемлекеттік басқару" өндіріс пен ғылымның интеграциясымен құрылған жаңа мүмкіндіктер мен еңбек нарығының жаңа талаптарымен, жаһандық және жергілікті талаптармен негізделген жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, магистрлерді даярлауға мүмкіндік береді.

Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық: жетекші ЖОО-ТОП 200, олардың бірі:

Erasmus– EPP-1-2016-KZ-EPPKA2-CBHE-SP. Enhancement of Higher education and corporate sectors integration in accordance with new social environment ENINEDU.

QS рейтингі бойынша ТОП-200 ЖОО-ның ұқсас бағдарламаларымен салыстыру.

Кафедраның ғылыми халықаралық тағылымдамалары мен академиялық ұтқырлығы.

Ресей халықтар достығы университеті, Ресей

Новосибирск мемлекеттік университеті, Ресей

Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде тағылымдамадан, білім беру курстарынан өтеді.

Сапаны қамтамаыз ету  (Аккредиттеу)

Fondation for international business administration accreditation.

 

Осы бағдарлама бойынша дайындалған түлектер қызмет түріне, көлеміне немесе меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және мемлекетаралық ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істей алады.