7М04122 – Есеп және аудит(РУДН)

БББ атауы

7М04122 – Есеп және аудит

Білім беру саласының коды және жіктелуі

7M04 - Бизнес, басқару және құқық

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

7M041 - Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

7M073 Аудит және салық салу

БББ мақсаты

7М04122–   Есеп және аудит мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары бухгалтерлік есеп және аудит саласында терең ғылыми-педагогикалық, тәжірибелік білімі, озық дағдылары бар кең бейінді жоғары білікті мамандардың іргелі даярлығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл магистрлерге қазіргі заманғы жағдайда бухгалтерлік есепті, талдау мен аудитті жетілдіруге, аналитикалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметті жүзеге асыруға бағытталған.

ЖОО-серіктес (қос дипломды білім беру бағдарламасы)

Ресей халықтар достығы университеті

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттер көлемі

120 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

7М04122- Есеп   және аудит білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі

Оқыту нәтижелері

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар қабілетті болады деп күтіледі:

ON1 Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы заманауи халықаралық даму тенденциясы негізінде білім беру процесін білім берудің заңдылықтары мен қағидаларына сәйкес құру және Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып, олардың бірлігінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне қосылу арқылы білім беру үдерісін салу;

ON2 Оқу - әдістемелік кешендерді әзірлеу, заманауи инновациялық оқыту әдістемесін және бағалаудың интеграктивті әдістерін айқындай отырып, оқытудың күтілетін нәтижелерін ескеріп, есепке алу, аудит және талдау саласындағы ғылыми білімдерді интеграциялау негізінде теориялық және практикалық пәндер бойынша сабақтар өткізу;

ON3 Кәсіби біліммен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау, проблемалық мәселелерді жүйелеу, бухгалтер мен аудитордың құқықтық этикасы нормаларын сақтай отырып, кәсіби пікірлерге негізделген оңтайлы шешімдерді табу;

ON4 Бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласындағы магистратураның іргелі және қолданбалы пәндері туралы білімдерін қолдана отырып, зерттеу жұмыстарын дайындау және жүргізу, зерттеудің өзекті бағыттарын анықтау және кәсіби саладағы мәселелерді анықтау;

ON5 Сандық технологияны қолданып деректерді талдау және визуалдау бойынша практикалық дағдыларды қолдана отырып, экономиканың әртүрлі салаларында бизнес-жоспарлау, бизнес-процестерді дамыту әдістемесін талдау;

ON6 Қаржылық есеп жүйесінде ақпарат дайындау және ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілік ақпаратын талдау және түсіндіру және алынған ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану;

ON7 ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңының талаптарына және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің аудитін, салық және экологиялық аудит жүргізу және тиісті аудиторлық қорытынды мен жеткілікті, қисынды және түсінікті негіздемесімен басқа қорытынды құжатты әзірлеу және қалыптастыру;

ON 8 Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдану арқылы қаржылық және салық есептілігінің аудитін жүргізу, бухгалтерлік есеп пен салықтық есепке алуды құру, қалпына келтіру, жүргізу бойынша қызметтерді ұсынудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

ON 9 Бухгалтерлік және аналитикалық ақпаратқа негізделген іскерлік тиімділікті, экология-экономикалық мәселелерді, басқарудың нұсқаларын әзірлеу және сандық технологиялар мен ақпараттық қолдау негізінде экономикалық және математикалық әдістер мен модельдерді қолдану негізінде олардың таңдауын негіздеу; 

ON10 Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтау, ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы ортаны бағалау, стратегиялық тәуекелдерді бағалау және бақылау, ұйым қызметінің мақсатты көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және талдау, ұйым қызметі туралы стратегиялық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты қамтитын пайдаланушыларға ішкі есеп нысандарын ұсыну;

ON11 Халықаралық аудит стандарттарын, ішкі аудит стандартарын, аудиторлық қызметтерді ұсынуды және аудиторлық қызметке байланысты басқа қызметтерді қоса алғанда, салық салу, салық және экологиялық аудит саласындағы қазақстандық және халықаралық тәжірибені зерттеу және қолдану; 

ON12 Аудиторлық топтың жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік аудитті, қаржылық және ішкі бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды талдауды және есепке алуды ұйымдастыру процесінде басқару шешімдерін қабылдау.

Талапкерлер үшін

Welcome.kaznu.kz (сәйкес бағдарламаға сілтеме Welcome.kaznu.kz сайтында

Академиялық ұтқырлық    https://www.kaznu.kz/kz/15978/page/

Магистранттың академиялық қызметі оқыту нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған. 7М04122–Есеп және аудит БББ ғылыми-педагогикалық бағытты бойынша оқу мерзімі - 2 жыл, әр оқу жылы 2 семестр 15 аптадан тұрады (барлығы 4 семестр). 2 оқу жылындағы кредиттер саны-120.   БББ бойынша жалпы академиялық кредиттер саны-120 ECTS: 84 ECTS теориялық оқыту: оның ішінде 35 ECTS БП циклы(базалық пәндер), 20 ECTS ЖОО компоненті, 15 ECTS таңдау компоненті. Профильдік пәндер циклі - 49 ECTS, оның ішінде: 25 ECTS - ЖОО компоненті, 15 ECTS - таңдау компоненті және ғылыми-зерттеу тәжірибесіне 9 ECTS берілген. Жалпы оқу жоспарында магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына 24 ECTS (оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау, мерзімді басылымдарда, ККСОН-дағы немесе Web of Science, Scopus ұсынған басылымдарға мақала жариялау), сонымен бірге магистрлік диссертацияны жазу және қорғау үшін 12 ECTS берілген.

Магистранттардың білім деңгейін бағалау үшін бақылаудың келесі түрлері қарастырылған: ағымдағы бақылау; аралық бақылау; Midterm Examination; қорытынды бақылау (қорытынды емтихан), мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертацияны қорғау.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi кәсiптiк практика – бұл жоғары оқу орнында оқу процесінде алған теориялық бiлiмдерiн тиянақтауға, практикалық дағдылар мен құзіреттіліктерді меңгеруге, сондай-ақ озық тәжiрибенi меңгеруге бағытталған кәсiптiк даярлық. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби тәжірибесі келесі түрлері бөлінеді: ғылыми-зерттеу, педагогикалық және өндірістік.

Ғылыми қызмет https://www.kaznu.kz/ru/5409/page/

Ғылыми жұмыстар оқу процесімен бірге жүргізіледі, магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда, олар кафедраның «Инновациялық кәсіпкерлік», «Бухгалтерлік есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзіреттіліктер», «Қаржы талдауы және консалтинг» ғылыми орталығықтарында зерттеуге және іске асыруға қатысады.

Сонымен бірге магистрлік диссертацияны орындау, мерзімді басылымдарда, ККСОН-дағы немесе Web of Science, Scopus ұсынған басылымдарға, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға мақала жариялау).

Білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде магистранттар жетекші университетте және/немесе жақын немесе алыс шетелдегі ірі ғылыми-зерттеу орталығында диссертациялық зерттеу тақырыбында міндетті шетелдік тағылымдамадан өтеді. Шетелдік ғылыми тағылымдама бағдарламасы оқыту бағытына және ғылыми-зерттеу жұмысының жеке жоспарына сәйкес әзірленді және факультеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Халықаралық қызмет https://www.kaznu.kz/ru/5281/page/

Халықаралық қызмет магистранттардың академиялық ұтқырлығы түрінде жүзеге асырылады, бұл оларға оқуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, игерілген білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіпте олардың ЖОО-на кредит түрінде міндетті түрде ауыстырады. Академиялық ұтқырлық тұрғысынан магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағлымдамадан өтеді. Сондай-ақ магистранттар Ресей Федерациясында қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алу мүмкіндігіне ие.

Есеп және аудит БББ бойынша ғылыми ынтымақтастық және қос дипломды білім беру туралы келісімдер жасалды:

- РУДН, Мәскеу, Ресей;

- Новосибирск университеті, Ресей,

- Орал федералдық университеті, Ресей,

- Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Ресей

- Ла Сапиенца университеті, Италия

- Варшава, Польша менеджмент және экология университеті

- Падуа университеті, Италия

Сапаны қамтамасыз ету (Аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс) https://www.kaznu.kz/ru/19074/page/  

 

Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы FIBAA агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өтті. Foundationforinternational business administration accreditation. Programme accreditation of the Bacherol programme Accounting &Audit.   Bacherol of Science. Аккредиттеу мерзімі: 2015 ж 29 қаңтары – 2020 ж 30 қыркүйегі.

     2021 жылы 7M04122-Есеп және аудит БББ KAZSEE аккредитациясынан өтті (18.06.2021). Сондай-ақ жыл сайын АРТА рейтингі бойынша (10 БББ ішінен 9-орын), БСҚБТА рейтингі бойынша ( 6 БББ ішінен   4-орын) рейингінен өту мақсатында ақпарат ұсынылады.

Жұмыс берушілер БББ әзірлеуге белсенді қатысады, сұранысқа ие пәндерді ұсынады және болашақ жоғары білікті маманның кәсіби құзыреттілігін анықтауға ат салысады. Оқытудың қажетті нәтижелерін қалыптастыру үшін жұмыс берушілер белгілі бір пәндер бойынша дәріс оқиды және ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді.