|
Мақсаты
|
Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар саласында кәсіби кадрларды сапалы дайындау. Жобалық жұмыста іргелі тұжырымдамаларды қолдана, цифрлық сауаттылық туралы білімді интеграциялай алатын, цифрлық БАҚ-та ақпараттық қолдау мен дамытуда жаңа тәсілін қолдана алатын, цифрлық медиа сектор мен коммуникация салаларында түрлі кәсіпорындарына жоғары кәсіби және талантты кадрларды сапалы даярлау.
|
|
Оқытудың нәтижесі
|
- Медиаорта мен медиаэкологияға (медиа, технологиялар және коммуникациялар және олардың адамның өмір сүру ортасына әсері) арналған медиа туындыларды медиакоммуникация саласының тарихы, қазіргі даму үрдістері туралы білім негізінде әзірлеу.
- Шығармашылық технологиялар мен икемді PR стратегияларын қолдана отырып, коммуникация тарихы мен теориясы негізінде әртүрлі жанрлар мен форматтарда материалдар жазу, олардың мықты және әлсіз жақтарын анықтау, медиаконтентін талдау және салыстыру.
- Аудиторияға қоғам игілігі үшін жаһандық ақпарат пен коммуникацияның сын-қатерлеріне негізделген тұлғааралық және іскерлік коммуникациялардың тарихын жеткізу және ұлттық тәжірибеге бейімдеу, әлеуметтік ғылымдарды, саясаттану мен психологияны қоса алғанда, медиа философияның қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.
- Аудиторияға қоғам игілігі үшін жаһандық ақпарат пен коммуникацияның сын-қатерлеріне негізделген тұлғааралық және іскерлік коммуникациялардың тарихын жеткізу және ұлттық тәжірибеге бейімдеу, әлеуметтік ғылымдарды, саясаттану мен психологияны қоса алғанда, медиа философияның қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.
- Фактчекинг құралдары, ережелері мен этикалық нормаларды пайдалана отырып, әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз етуге арналған мультимедиялық кейстер мен сторителлинг тарихын әзірлеу.
- Медиатехнология құралдарын пайдалана отырып, әлеуметтік медиа мен SMM коммуникацияларды ілгерілету бойынша креативті медиажобалар әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету, алынған нәтижелерді одан әрі дамыту үшін корреляциялау.
- Сыни ойлауға негізделген әрі өз ұстанымын дәлелдейтін медиатұтыну бағытында ақпараттық метариалдар әзірлеу; цифрлық технология құралдарын пайдалана отырып, медианарықты талдау және оның дамуын болжау.
- Медиастратегия әзірлеу технологияларын салыстыру және әртүрлі мәдени контексте комьюнити-менеджмент бағдарламаларын модельдеу және ілгерілету міндеттерін шешу.
- YouTube журналистикада сапалы контентті тиімді ілгерілету мақсатында мудборд жинағы, смета, контент-жоспарын әзірлеу; сценарий мен конспект-тұжырымдама жазу, танымал медиаөнімдердің форматтары мен жанрлары негізінде Youtube арнасын жүргізу.
- Аудиторияның медиаталғамы негізінде БАҚ-қа арналған өзекті контентті айқындау, медиамониторинг жүргізудің креативті тәсілдері мен инновациялық технологияларын пайдалана отырып, коммуникациялық стратегиялар мен ақпараттық пакеттер әзірлеу.
- Имидж бен брендинг нарығында ақпараттық ілгерілету үрдістерін бағалау, мультимедиалық сторителлингке негізделген оқиғаларды жариялау, толеранттылық пен бейтараптық нормалар негізінде медиакеңістіктің даму ерекшеліктерін айқындау және жобалау.
- Эмпирикалық әдістер мен цифрлық технологияларды (smart коммуникациялар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар) қолданып, дербес кәсіби қызметін дамыта отырып, жеке-шығармашылық қызметіне жаңашылдық енгізу.
|