6B03202 Халықаралық журналистика

 

Білім беру бағдарламасы

6B03202 Халықаралық журналистика

Білім саласы

6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

6B032 Журналистика және ақпарат

Білім беру бағдарламаларының тобы

B042 Журналистика және репортер ісі

Мақсаты

Саяси, экономикалық, әлеуметтік және коммерциялық мазмұндағы халықаралық ақпараттарды іріктеу, талдау және өңдеу үшін студенттер құзыреттілігін қалыптастыру; көпарналы қарым-қатынас формалары негізінде халықаралық өмір оқиғаларына талдау жасау және түсіндіру; БАҚ арқылы халықаралық коммуникациялар саласындағы жаңа білімдерді меңгеру. Халықаралық журналистиканы шетелдік және әлемдік БАҚ типологиясы, интернет-журналистика, желілік блоггинг, жарияланымдардағы халықаралық өмірдің өзекті тақырыптарын, проблемаларын таңдау, ақпарат жинау әдісі, оны әрі қарай тексеру және талдау бойынша тұрақты тәжірибе арқылы Қазақстанда   және журналистердің, тілшілердің, редакторлар, шолушылар, репортерлер мен продюсерлердің, халықаралық ұйымдар мен консулдық мекемелердің ақпараттық бөлімшелері қызметкерлерінің халықаралық нарығында жұмыс істеу үшін оқытып-үйрету.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

  1. Жаңа медиа-технологияларды пайдалана отырып, ақпарат көздеріне, контентке қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес бұқаралық ақпаратты жинау, өңдеу және жаңғырту процесінде әрекет етуге қабілетті.
  2. Түрлі коммуникациялық платформаларда медиа өнім жасауға, соның ішінде онлайн блог жасауға және жүргізуге қабілетті.
  3. Мультимедиялық, интерактивті ортада бұқаралық ақпаратпен жұмыс істеу әдістемесін пайдалануға, гипермәтін жасауға, өзектілік пен тартымдылық, жеделділік, көпплатформалылық, пікір плюрализмі, БАҚ-тың ақпараттық саясатына сәйкестік талаптарына сай веб-басылым контентін қалыптастыруға қабілетті.
  4. Қазақстандық және халықаралық БАҚ ақпараттық контентін құру үшін әртүрлі ақпаратты анықтауға, салыстыруға, талдауға, құрылымдауға және түсіндіруге қабілетті.
  5. Бұқаралық ақпарат құралдарының түріне байланысты белгілі бір жанрларда, форматтарда коммуникацияның түрлерін (вербалды, фото -, аудио -, бейне -, графикалық) пайдалану арқылы массмедиа үшін материалдар жасаудағы журналистиканың әдістерін, жанрларын, құралдары мен бағыттарын тануға қабілетті.
  6. Шетелдік БАҚ дамуының негізгі үрдістерін саралауға, қазіргі қоғамның түрлі проблемаларын шешуде әлемдік журналистиканың рөлін бағалауға, халықаралық БАҚ үшін ақпараттық контекст құру дағдыларын меңгеруге, дата-жобалармен, мультимедиялық жобалармен жұмыс негіздерін меңгеруге қабілетті.
  7. Редакцияның жұмысын өндірістік-техникалық құрылым ретінде түсінуге, баспа және электрондық журналистиканың техникалық құралдарын меңгеруге, түрлі типтегі басылымдарды шығару ерекшелігін, сондай-ақ баспа және электрондық БАҚ типологиясын түсінуге қабілетті.
  8. Түрлі салаларда (баспа БАҚ, радио, теледидар, жаңа медиа), медиаиндустрияның баға саясатында медиа жоспарлау және медиа-жоспарлау принциптері мен құралдарын пайдалануға, әлемдік ақпараттық нарықтың құрылымы мен ерекшелігін түсінуге қабілетті.
  9. Кәсіби қызметте негізгі қазақстандық және халықаралық журналистік этика бойынша құжаттарды ұстануға, кәсіби журналистік қызметпен байланысты моральдық-этикалық мәселелер мен құқық бұзушылықтардың себептерін анықтауға қабілетті.
  10. Кәсіби қызметте отандық және шетелдік БАҚ қызметін реттейтін құқықтық нормаларды басшылыққа алуға, отандық және шетелдік БАҚ қызметінің құқықтық аспектілерін бағдарлауға, мақсаттарға қол жеткізу үшін еркін пікір білдіру құқығын пайдалануға қабілетті.
  11. Қоғамдық пікірге әсер ету дәрежесі тұрғысынан халықаралық және отандық БАҚ қызметінің тиімділігін бағалауға, аудиторияны зерттеу әдістерін жоспарлауға және таңдауға, БАҚ материалдарын әлеуметтік зерттеу әдістерін меңгеруге, журналистік және редакторлық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік желілердегі жұмыс әдістемесін әзірлеуге қабілетті.
  12. Халықаралық журналистика миссиясын ранжирлеуге, сөз бостандығы мен БАҚ тәуелсіздігі және халықаралық журналистің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын ұстануға, БАҚ қызметін тиімді жүзеге асыруға, ҚР халықаралық және сыртқы саяси қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін үйлестірілген коммуникацияларды қолдануға қабілетті.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1389

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

  1. Вайоминг унверситеті (АҚШ);
  2.  Огайо университеті(АҚШ);
  3. Оклахома университеті(АҚШ);
  4. Колумбия университеті (АҚШ);
  5. Аризона университеті (АҚШ);
  6. Дюк университеті (АҚШ);
  7. Лестер университеті (АҚШ);
  8. Стамбул мемлекеттікуниверситеті (Түркия);
  9. Санкт-Петербург мемлекеттікуниверситеті (Ресей);
  10. А. Мицкевич ат. университет (Польша);
  11. Халықаралық журналистика университеті (АҚШ);
  12. Пенза федералдықуниверситеті (Ресей);
  13. Теледидаржәнерадиохабарқызметкерлерініңбіліктілігінарттыру институты (Ресей);
  14. ЕуразияХалықаралықтеледидаржәне радио академиясы;
  15. М.Ұлықбекат. Ташкент мемлекеттікуниверситеті (Өзбекстан).

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)