Халықаралық конференция "ӘБДІЛДИН ОҚУЛАРЫ - 2023"

18.04.2023

Көрулер: 713

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Қазақстанның көрнекті ғалым-физиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдиннің 85 жылдығына арналған «Әбділдин оқулары» атты қазіргі физиканың өзекті мәселелері бойынша кезекті халықаралық конференция өтті.

Мейірхан Әбділдин 1938 жылы Алтай өлкесінде дүниеге келген. Мейірхан Мүбаракұлы энциклопедиялық білімді ғалым болған. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың физика-математика факультетін бітіріп, 1966 ж. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде қандидаттық диссертация қорғаған. 1970 жылдан 2008 жылға дейін ҚазМУ-дың Теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болды. 1985 ж. БСР ҒА Физика институтында докторлық диссертациясын қорғап, 1987 ж. профессор, 1989 ж. ҚСР ҒА корреспондент-мүшесі, 2002 жылы академигі болды. 1989 ж. ҚазМУ тарихында алғаш рет болған ректор сайлауын жеңіп, 1991 ж. дейін университет ректор болды. «Құрмет» ордені, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері.