«Тағдырыма несіне өкпелейін...» Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған кураторлық сағат

31.03.2021

Көрулер: 1965

М. Мақатаевтың тұлғасын ашуға арналған презентацияны ұсынып, топ студенті Мақұлбек Динара сөз бастады. Динара қазақтың мұзбалақ ақыны – Мұқағали Мақатаев өмірі туралы айтып өтті: туған жері және дүниеге келген күнін, дүниеге келген нақты күніне байланысты анық емес жағдай туралы баяндады. Мақатаевтың ата-анасы мен бірге туған бауырлары, олардың өмір сүру жағдайлары, отбасы құруы, балаларының тағдыры сөз етілді.

          Келесі кезекте топ студенттері Төлеп Калима мен Далажанова Жібек ақынның «Өмір сүрейік алмасып», «Өмір жайлы» және «Ғашықпын» өлеңдерін оқыды.

          Сөз кезегін Өтесінова Ақнұр Мұқағалидың шығармашылығы мен атқарған қызметтерімен таныстыра отырып жалғастырды. Жұмағұлова Гүлбақыт қазіргі кездегі Мұқағали есімін дәріптеу бағытында жасалған жұмыстарды таныстырды: Мұқағали есімі көшелер, мектептерге беріліп, әдеби-мемориалды мұражайы да қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. Ақынға арнап қойылған ескерткіштер де аз емес. Ақынның 90 жылдығына арналған «Мұқағали» фильмі де көрермен алдына ұсынылуға дайындалуда.

Баяндама соңында М.Мақатаевтың қазақ әдебиетіндегі орны туралы қорытынды сөзді топ кураторы Абдрахманова М. алды. Кураторлық сағат соңында келесі кураторлық сағатты өткізу бойынша жоспар талқыланды.

 

 

Топтың куратор-эдвайзері                                              Абдрахманова М.Б.