Денсаулық зор байлық. Жұқпалы аурулардан сақтану жолдары

16.10.2021

Көрулер: 8002

Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Мақал
 

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.