Қалалық ғылыми семинар факультетімізде

15.03.2024

Көрулер: 153

Факультетімізде 14 наурыз күні Математика және Математикалық Моделдеу Институтының ұйымдастыруымен “Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылулары” атты қалалық ғылыми семинары өтті. ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кальменов, профессор Б.Е. Кангужин, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті М.А. Садыбеков жетекшілігімен өткен семинарда Мұхтарбай Өтелбаев “Жер сілкінісі кезіндегі орнықтылыққа қатысты математикалық есептер” атты баяндамасымен таныстырды. Семинарға кафедра мұғалімдері мен докторант, магистранттар, сонымен қатар шетелдік әріптестер қатысты.