"ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық жүйелері" тақырыбында семинар

16.06.2023

Көрулер: 1003

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері арасында "ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық жүйелері" тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің функционалы мен мүмкіндіктері көрсетілді, оған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себептері, олар бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдері, жүргізілген іс-қимылдар, қылмыстық іс жүргізу қозғалысы, қылмыстық процеске өтініш берушілер мен қатысушылар туралы мәліметтер енгізіледі.

Сондай-ақ студенттерге қылмыстық істі электрондық форматта жүргізуге арналған "Электрондық қылмыстық іс" модулі туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы статистикалық деректері бар картасы болып табылатын "Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталының мүмкіндіктері көрсетілді. Портал қылмыстың жай-күйін қызығушылық танытқан уақыт аралығында онлайн режимінде көруге мүмкіндік береді. Жүйе кез-келген азаматқа қылмыс жасалған жер туралы білуге мүмкіндік береді. Мұндай интерактивті картаны пайдалану полиция қызметкерлеріне қылмыстың жай-күйін талдауға ғана емес, сонымен қатар азаматтарға өздерінің тұратын немесе жұмыс орындарындағы қылмыстың жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Семинар қызу талқылауда мазмұнды және танымдық өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.