"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері халықаралық салық салу бойынша Мәскеудің жыл сайынғы "InTAX 2022-2023" студенттік байқауына қатысты

01.03.2023

Көрулер: 990

"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері халықаралық салық салу бойынша Мәскеудің жыл сайынғы "InTAX 2022-2023" студенттік байқауына қатысты. Команда құрамына 2 курс магистранты Пирназаров Құдайберди, сондай-ақ 3 курс студенттері Лепешкина Виталия мен Калелова Алия кірді.

Біздің команда ауызша раундтардың 1/4 финалына дейін жетті, сонымен қатар 3 номинацияның 2-ін жеңіп алды. Атап айтқанда, біздің команда "Салық органының үздік меморандумы" номинациясы бойынша 1 дәрежелі Дипломымен марапатталды. "Үздік спикер" номинациясы бойынша 1 дәрежелі Дипломды команда капитаны Пирназаров Құдайберди алды. Сондай-ақ, команданың барлық қатысушылары "Халықаралық салық салу 2022-2023" бойынша студенттік конкурсқа қатысқаны туралы дипломдармен марапатталды.

Байқауға ТМД елдерінен, атап айтқанда ММУ, РХДУ, МГМХҚИ, УрМЗА, ВАВТ және Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның басқа да университеттерінен 70-тен астам команда қатысты. "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің атауын тамаша қорғады.

Марапаттардан басқа, біздің студенттер Ресей Федерациясының Федералды салық қызметінің жетекші басшыларынан баға жетпес білім мен тәжірибе алды.Команда PhD докторы, Халықаралық құқық кафедрасының доценті м.а. Л.Б. Нысанбекованың, сондай - ақ БЕПС Академиясының ішкі консультанты және InTAX 2022-2023 сыртқы консультантының жетекшілігімен дайындалып, сөз сөйледі.

Халықаралық құқық кафедрасы студенттерді білімдерін растаған және табандылығын дәлелдеген жеңісімен құттықтайды. Одан әрі ілгерілеу мен табыс тілейміз!