«Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының құқықтық аспектілері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

28.02.2023

Көрулер: 1239

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының Еуропалық құқық орталығы Гавр университетімен (Франция) бірлесіп 2023 жылғы 28 ақпанда «Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының құқықтық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен екіжақты қатынастарын дамытуды және Еуропалық Одақпен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен, Еуропа Кеңесімен және олардың құрылымдарымен ынтымақтастықты іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері конференцияда талқыланды.

Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен және ұйымдарымен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленіп, енгізілді.

Конференцияға қатысушылар ынтымақтастық перспективаларын талқылады, екіжақты қарым-қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Конференцияға Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, ЖОО оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында профессор П.Шабаль LexFEIM құқық зертханасының директоры, Гавр университеті (Франция); Н.В.Жұмақанов – ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры; з.ғ.д., профессор М.А.Сәрсембаев - ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор В.Л.Толстых – О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің Халықаралық құқық ғылыми-білім беру орталығының басшысы; т.ғ.д., профессор Қ.Е.Байзақова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері инситутының директоры; з.ғ.д. С.Ж.Айдарбаев - ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.к. М.К.Самалдықов - халықаралық құқық кафедрасының доценті баяндамаларын жасады.