Пенсильвания мемлекеттік университетінің заң мектебінің деканы, профессор Стивен Барнстың дәрісі

26.10.2022

Көрулер: 1045

 

2022 жылдың 26 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне профессор, Пенсильвания штаты университетінің Заң факультетінің деканы Стивен Барнс келді.
Факультет басшылығымен кездесуде халықаралық ынтымақтастық, халықаралық бағдарламалар шеңберіндегі академиялық ұтқырлық, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Профессор Стивен Барнстың "АҚШ Конституциясы мен мемлекеттік басқару тармақтарына шолу" тақырыбындағы дәрісі үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, "Халықаралық құқық", "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Профессор халықаралық құқық және халықаралық қатынастар саласындағы мол тәжірибесімен бөлісті, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Студенттер мен жас ғалымдар АҚШ-тың шетелдік жоғары оқу орындарында "Болашақ", "Work and Travel USA" бағдарламалары бойынша оқу тәжірибесі туралы айтып берді.
Дәріс қызу пікірталаста мазмұнды және танымдық түрде өтті. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!